Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар




Презентация қосу
Алғашқы көмек
көрсету
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп
төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту
үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі
жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы
соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды
апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату
(адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау,
сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру,
жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу
мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер
тобын шақыру.
Тұрмыстық күйіктер
Белгілері: І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады,
дуылдап аурады.
ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда
болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата
бастайды.
ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады,
некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.
ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып
күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері
әлдеқашан байқалған.
Сенің әрекеттерің: - Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы
жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су,
химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып,
өзге жерлерін шеш. - Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин
(ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің
көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен
жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе
ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған
болса, оған суық су бер.
Есіңде болсын! Күйген жерге қандай да бір май немесе крем
жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға
(жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.
Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік)
жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен
болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.
Ақыр соңында, барлығы біршама тынышталды. Адамдар,
шамалары келгенше ас дайындап, шай әзірледі. Кешкі тамақ ішіп,
жылынуға әрекет жасады. Бірақ қозғалған жүйке әлі де қалпына
келер емес. Мосқал ер адам, енді кепкен печеньемен, ол бағына
қарай "дабыл сумкасында" болған, шай іше бастағанда кенеттен
тұншыға бастады.
Тыныс алу жолдарындағы немесе
өңештегі бөгде заттар
Белгілері: зардап шегуші мойнын
ұстап, ештеңе айта алмайды, жан
таласа дем алғысы келеді, ауа
жетіспегенін сезінді, көгере бастады.
Тыныс жолдары жарақаттанған
кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі.
Сенің әрекетің: Бөгде затты тыныс
жолдарынан шығару үшін ашық
алақаныңмен жауырынның жоғары
жағынан қағып ұру керек. Зардап
шегушіден аузына саусағын салып
зорланып құсуын талап ет, саусақты
мүмкіндігінше терең салып өңешті
тітіркендіреді. Тыныс алуы
тоқтайтын болса, кешіктірмей
жасанды тыныс алуды жүргіз. "103 -
жедел жәрдемін" барынша
жылдамдатып шақыр!
Көздің жарақаттануы
Белгілері: көз жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты
ауырады. Сенің әрекетің: -Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді
таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі
көзді де жауып қой. - Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық
компресс бас. - Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ
шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге
қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды, сілтілер түскенде - 15
минут, белгісіз химиялық зат түскенде - 20 минут. - Көзге бөгде заттар
түскенде өзбетіңмен көздің алмасына немесе мөлдір қабақтың төңірегіне
түскен кішкентай затты алуға әрекеттенбе. Бұл жағдайда екі көзді де таңып
таста. - Бөгде зат көздің ағына немесе қабақтың ішкі жағына түскен кезде
мынадай амал жаса: көздің ағынан немесе қабақтың үстінен ылғалданған
бет орамалдың ұшымен іліп ал. Егер сізге ештеңе көрінбесе, кірпікпен
жоғары қабақты төменгі қабаққа қарай соз. Бұл түскен затты орнынан
қозғайды. Әрекетің сәтсіз шықса жоғарғы қабақтың кірпігін алып оны
созыңыз. Оған сіріңкенің талшығын қойып оған қабақты ораңыз. Содан кейін
көрінген затты жоғарыда көрсетілген әдіспен алыңыз. Егер әрекет тағы
сәтсіз болса - тұратын мекендегі окулистке қарал. Осы жағдайлардың
барлығында "103 - жедел жәрдмін" шақырыңыз.
Әйелім ұсталған балықпен оралды. Оншалықты кішілеу балық. Бұл жез
балық. Өте дәмді "патша балық". Ендеше, балық сорпасы болады! Және,
тағы бір жағымсыз жағдай болатын сияқты. Ол құлағына әлдебір шіркейдің
кіргеніне шағым айтады.
Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі
асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні
бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде
еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.
ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;
тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;
жасанды тыныс алдыру;
қан айналымын қолдау.

1-Сурет. Зардап шегушінің тыныс жолдары мен
асқазанынан
суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай
Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (2-сурет).
Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.

2-Сурет. «Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру
Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының
төменгі
бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам
жүргізсе, онда
олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (15а-сурет). Олардың
әрқайсысы
бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын
саусақтың ұшынан
жоғарырақ ұстайды (3б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның
басының артына
қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін
екі-үш секундтан соң
зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.

а) б)
3-Сурет. Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру:
а) ауа жұту; б) ауа шығару
а) б)
16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс
алдыру:
а) ауа жұту; б) ауа шығару
Шефер әдісі (16-сурет)
а) ауа жұту; б) ауа шығару

4-Сурет. Жүректің сыртқы
сылауы
5-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама
сылау.
а) ауа жұту; б) ауа шығау

а)
б)
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
ҚҰЛАҚТАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР
Көздің жарақаттануы
Сәтсіз жағдайларда зардап шегушілерге көрсетілетін алғашқы көмек
Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек
Сенің әрекеттерің
ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ
Алғашқы көмек көрсету
Эпителийлік ұлпа немесе шекаралық ұлпа
Дисфагия синдромы
Қақырық түсіретін заттар
Пәндер