Бас жарақаттары


Slide 1

ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚАДА ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАР

ЖҮРГІЗУ МЕН

ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Жаналы Қуанышбек

Slide 2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

I. ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚАДА ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ МЕН

ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру

негіздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен

амалдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1. 3. Құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

II. ЖАРАҚАТТАР ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІСІ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ.

Жарақаттар түрлеріне сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10

Бас жарақаттары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Суға бату. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12

Жүректің сыртқы сылауы және күннің өтуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

Газбен улану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14

III. ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА

ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАРДЫҢ (ҚЖБШЖ) ЖҮРГІЗІЛУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3. 1. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқада шұғыл жұмыстар. . . . 16

3. 2. Қосарланған зақымданулар мен көліктегі аптаттар кезіндегі ҚЖБШЖ

жүргізудің ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21

3. 3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын

жүргізудің ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23

3. 4. Зақымданған ошақтағы қайта келтіру жұмыстары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24

3. 5. Зақымдану ошақтарындағы құтқару техникаларын қолдану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36

Slide 3

КІРІСПЕ

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланыс- қан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жік- теледі:құтқару; а рнаулы (жедел) ; қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) ;

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

- өрт сөндіру ;

- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

- осал құрылыстарды күшейту.

Slide 4

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланыс- қан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жік- теледі:

- құтқару;

- арнаулы (жедел) ;

- қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) ;

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

- өрт сөндіру ;

- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

- осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орында- рын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

- алаңдарды тазалау

- техника орнату;

- қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

Slide 5

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық залалдану дәрежесінен; құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайла- рынан тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарга, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.

Кіретін жолдары бір бағытты қозғалысында 3-3, 5м енімен және екі бағытты қөзғалысында ені 7м болады. Мүнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады.

Панахана ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзынғанды тазалау, одан кейін есікті аршу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Зақымдалған адамдарды жасалған жол арқылы мына амалдарымен: қолмен, плащпен, брезентпен, пленкамен, көрпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т. б. заттар арқылы орындалады. Адамдарға алғашқы медициндік жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады.

Тірі адамдарды тапқан бойда құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды.

Slide 6

Құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы

АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

- АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

- белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

- жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса жасау;

- автокөлікті, және т. б. мүлікті қабылдап оның ақаусыздығын тексеру ;

- жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;

- жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

- жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

- жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

- құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жина- лу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды оның ақау - сыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Slide 7

Жарақаттар түрлеріне сипаттама

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себеп-тердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механика-лық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.

Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы) .

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы) . Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы) .

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.

Кезкелген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы) .

Slide 8

Бас жарақаттары

Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.

Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын

(қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады) .

Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.

Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30 ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей сүлейсоқ, ал кейде керісінше қозушылық байқалады.

Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айныйды, кейде құстырады.

Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады.

Slide 9

Суға бату

Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек.

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о-қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.


Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жарақаттары
Миға жарақаттық қан құйылу
Бас миының жарақаты кезіндегі психикалық бұзылыстар
Бас терісінің жарасы
Жарақатты анықтау
Омыртқа жарасы
Ауру синдромы
Кеуде жарақаттары кезіндегі алғашқы көмек
Көру ағзасының жарақаттары
Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz