Таратып орналастыру




Презентация қосу
Таратып орналастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау 5
1.1 Таратып орналастыруды жүргізу 5
1.2 Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
ІІ Эвакуациялық шараларды өткiзу 15
2.1 Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері
және принцптері. 15
2.2 Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру.
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 28

Кіріспе

Эвакуация - адамдардың өмiрiн сақтау және өндiрiстiң жұмыс iстеуiне жағдай жасау
мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан
және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкiн аудандардан ұйымдасқан түрде
әкету (шығару).
Эвакуацияланған барлық халық қауiпсiз аймаққа орналастырылған пункттерде тiршiлiк
қызметiне қажеттілерiмен аз шамада қамтамасыз етiлуге тиiс.
Төтенше жағдай тәртiбiн енгiзе отырып, соғыс кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар жүргiзедi. Шараларды жоспарлауды
төтенше жағдайлардың туындауы қаупi мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын
ескере отырып, орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар алдын-ала жүргiзедi.
Барлық категориядағы халықты әкетудi (шығаруды) және оларды қауiпсiз аймаққа
орналастыруды олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерлерi бойынша жергiлiктi
атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдастырады.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып
табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және
қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс
уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
1.1 Таратып орналастыруды жүргізу

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және
эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын
негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға
айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды
орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару
құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты
отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары
мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен
эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;
1.2 Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау

Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды
орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің
басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін
даярлау;
Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға
даярлау;
Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын
және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен
кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның
аралық пункттеріне ұластыру;
Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын
таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-
тегжейлі зерттеу;
Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының,
Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету
бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және
басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін
халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін
халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау
жасау жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық
бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын
жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина,
тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу
объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп
жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан
әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының
бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны
оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық
халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
2.1 Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау
мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан
және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан
түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік
қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен
көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге
уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс
жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір
ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті
атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
2.2 Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл
жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы
жүргізеді. Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың
Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар
халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл
кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті
басшылары бекітеді.
Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық
қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс
істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты
қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа
қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық
бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде
халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру,
күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Қорытынды

Халықты iшiнара эвакуациялауды жүргiзуге өкiм алған кезде эвакуациялық
органдар көлiк ұйымдарымен бiрлесе отырып, жоғарғы оқу орындарының
студенттерiн, орта арнаулы оқу орындарының, кәсiптiк-техникалық
училищелердiң және мектеп-интернаттардың оқушыларын, балалар үйлерi
арнаулы балалар мекемелерiнде тәрбиеленушiлердi, мүгедектер мен қарттар
үйлерiндегi зейнеткерлердi, оқытушылармен, тәрбиешiлермен, қызмет
көрсетушi персоналдармен және олардың отбасы мүшелерiмен бiрге шығаруды
жүзеге асырады.
Халықтың барлық осы топтары, әдеттегiдей, өздерiнiң оқу орындары мен
мекемелерi құрамында эвакуацияланады.
Халықтың осы категорияларын эвакуациялауды жүзеге асыру үшiн
эвакуациялық жинау пункттерiн мүмкiндiгiне қарай өрiстетiледi.
Эвакуацияланатын тұрғындарды есепке алумен, жөнелтудi қаланың (ауданның,
ұйымның) эвакуациялық комиссиялары жүргiзедi.
Эвакуацияларды жүргiзуге өкiм алысымен азаматтық қорғанысы мен
эвакуациялық органдардың бастықтары жасалған жоспарларға сәйкес халықты
бытыраңқы орналастыруға және эвакуациялауға дайындайтын шараларын
жүргiзедi.
Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың басталғаны туралы өкiм (сигнал)
облыстардың, қалалардың және аудандардың азаматтық қорғанысының
бастықтарына берiледi.
Пайдаланған әдебиеттер

1 Қ.Т Жантасов, А.Т Сүлейменова, С.П. Назарбеков, Б.Б. Маханов, Е.Н. Кочеров. Төтенше
жағдайлдардағы тіршілік қауіпсіздігі, оқулық. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы. 2011-
272бет
2 Қ.Т. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. НаукеноваМ.К. Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік
қауіпсіздігі, оқулық. ҚР Білім және ғылым минимтрлігі, Алматы, 2011-512бет
3 С. Арпабеков. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі., оқулық. Алматы 2004 – 256бет
4 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-
әдістемелік жинағы,№ 1 (41) шығарылым, 2010
5 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-
әдістемелік жинағы,№ 3 (43) шығарылым, 2010
6. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.-228б.
7.Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
Заңы, Астана, 3сәуір 2002ж.
9. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.-228б.
10 Суровцов А.А. и др. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам ЧС и
ГО. – Алматы, 1999
11 Әжібеков, Кравченко. Аварийно-спасательные работы
12 Конститутция РК – Астана, 2007
13 Арустамов Э.А. и др. Безопасность жизнедеятельности, часть 1 и 2. – Москва, 1998, 1999г.г.


Ұқсас жұмыстар
Қарапайым жайлар
Теледидардағы жарнама
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
Күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы қоршаған ортаны жылумен
Ветеринария факултеті
Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат
“Paradise” киім цехы
Көлем сөзі
Бәсеке ережелері
Аудиовизуалды жарнама
Пәндер