Гештальтпсихологияның ізашары
Презентация қосу
ПСИХОЛОГИЯ
ТАРИХЫ
Ежелгі дамуы
Психология бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды
білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі
кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға
созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан
дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең
ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе,
философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология"
терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик
пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан
алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл
терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде
қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы
болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең
алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист
пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia
empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық
көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды
психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның
Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның
көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған
түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде
адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін,
христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы
ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі
"Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар
Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде
көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде
қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған
Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг
Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің
"Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын
жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын
жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде
еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин
Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір
классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану
процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап
айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог,
тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд
Фрейдпсихотерапияның жаңа әдісі — психоанализді
дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері
интрепретативттік жәнеинтроспективттік әдістемелерге
кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен
психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың
теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі —
теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық
дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты
мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып
саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам
ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд
теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Жаңа заман
Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін
зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің
Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену
жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты
факторларының бірі болып танылады.
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы
орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей
сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм
алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді.
Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың
өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің
позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам
тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-
әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары
экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік
психологтар ғылыми әдістеменімүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру
оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын
шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы
Карл Роджерсжәне Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін
инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-
ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар
болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен
оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады,
бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты
адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы
зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу
технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен
когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып
танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық
технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым
қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді
түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына
бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.
Глоссарий
Схоластика-scholasticism
Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы
философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын
философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып
бөлінеді.
Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды
қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен
неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан
тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру
схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын
қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдіңлогикасын
пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі –
Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан
жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі,
жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен,
логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың
болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.
Гуманист-humanist
Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және
психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен
мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін
психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А.
Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі
қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
әрбір адам қайталанбас тұлға;
адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде
сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде
қарастырылуы қажет;
адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз
дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен
құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір
тәуелсіздік дәрежесі болады;
адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.
Бихеворизм-biheviorism
Бихевиоризм (ағылш. behavio(u)rism — қылық, жүріс-тұрыс) XX
ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол
адамның қылығын жеке қарастырады да, сананы негізгі зерттеу
объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар
Торндайк (1874-194). XX ғ. американ психологиясының ағымы. Ғылыми
зерттеудің пәні, сана емес, қылықтың әр түрлі формалары ретінде
қараған және организмнің сыртқы ортадағы стимулдарға реакциясын
психика ретінде түсіндірген. Бихевиоризм алғашқы рет бағдарламасын
құрастырған әйгілі американ психологі Д.Уотсон болды. Бихевиоризм
ағыны негізінен ойлау мен ниетті (мотивация) зерттеуде
интроспекциялық әдістердің осалдығына байланысты пайда болған.
Бихевиоризм эксперименталды зерттеулерінде басым болған әдістер —
байқау және қоршаған ортаның әсеріне организмнің реакциясын
тексеру, содан соң оның нәтижесін математикалық өңдеп сипаттау
болды. Қазіргі кезде әр түрлі теориялардың элементтерін қолданатын
басқа да ағымдар бар, олардың бірі необихевиоризм. Бихевиоризм
ілімін жалғастырушы және қорғаушы ғалым американ психологі Б.
Скиннер және оның мектебі
Психоанализ-
psychoanalysis
Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған
психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен
тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты
ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары
мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд
оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен
(көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін»
басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны
(көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады.
Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде,
немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір
жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс
органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін
шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары
(жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке
науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан
шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын)
босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң
басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол
организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын
алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия
психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп
санайды-
Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер
ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-
өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол
жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы
балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті
жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның
мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген
болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы
тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады.
Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім
инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім
инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына
айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары:
А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер
енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды.
Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді.
Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін
мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем
шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына
негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның,
интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Гештальтпсихология-
gestalt
Гештальтпсихология (нем. gestalt - пішін, тұтастық)- шетелдік психологияның
сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Германияда пайда болған.
Гештальтпсихологияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып
табылады. Басты өкілдері: М. Верттеймер (1880- 1944), В.Келер (1887-1967)
және К. Коффка (1886-1941). Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы
гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды,
тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі
элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы
қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей
тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидті сыртқы
ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады.
Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде,
иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды
идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы)
материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.)
Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын
қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе.
Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес,
кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды.
Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды. [1]
Когнитив-cognitive
Когнитив - адамның когнитивтік
ортасының, атап айтқанда оның
қабылдауының, есте сактауының,
ойының, тілінін, қиялының
қалыптасуы мен дамуы процесі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz