Сырым Датұлы бастаған көтерілістің себептері


Slide 1

Сабақ тақырыбы:

Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақстарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі

Қазақстан тарихы

Slide 2

Сырым Датұлы (1712-1802)

Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742 - 1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі.

Slide 3

Сырым Датұлы Ресей патшасының, оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды. Орынбор генерал - губернаторына жазған бір хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі. Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым». Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін, халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықты.

Slide 4

Сырым Датұлы

Көтерілістің басты қозғаушы күші - қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары болды.

Slide 5

Сырым Датұлы бастаған көтерілістің себептері

Патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді.

Біріншіден:

Slide 6

1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.

Екіншіден:

Slide 7

Сырым Датұлы

1785 жылы көктемінде көтерілісшілер күрес қимылдарын барынша кеңейтті. Көтерілісті мейлінше қолдаған байбақты, табын, тама руларына сүйенген Сырым Датұлы көтеріліс өрісін кеңейтуге тырысты.

Хиуа

Slide 8

Сырым Датұлы

1792 жылдың күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға шабуыл жасауға әзірленді. Сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған. Сондықтан қорған гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына шабуылға шығып, корғанды ала алмады.

Slide 9

Сырым Датұлы

Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс, көтеріліс патша үкіметінің отарлау саясатын, Жайық бойындағы өңірді басып алуға мейлінше тырысқанын дәлелдейді, тарихи қозғалыс ру арасындағы қайшылықтар халықтың басты мақсатына жетуіне зор кедергі болатынын көрсетті.

Slide 10

Хиуа

Сырым Датұлы

1797 жылы Қаратай сұлтанның өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. Ал 1802 жылы белгісіз себептерден батыр сонда дүние салды.

Slide 11

”Жылдар да сөйлейді” ойыны

1711-1781 жж.

Абылай ханның өмір сүрген жылдары

1784 ж.

1786 ж.

Сырым Датұлының тұтқыннан босатылуы

Нұралы хан Уфаға жер аударды

Slide 12

”Жылдар да сөйлейді” ойыны

1790 ж.

Нұралы ханның дүние салған жылы

1791 ж.

1795 ж.

Әбілқайырдың ұлы Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды

Нұралы ханның ұлдарының бірі - Есімнің хан болып сайланған жылы

Slide 13

”Жылдар да сөйлейді” ойыны

1797 ж.

Сырым тобы хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханды өлтіріп тынды.

1802 ж.

1801 ж.

Белгісіз себептерден Сырым Датұлы дүние салды.

Қазақ руларына өздерінің тарихи қонысы - Жайықтың оң жағасына өтуіне берілді.

Slide 14

1783-1787 жылдардағы Сырым Датұлы

бастаған көтеріліс

Көтерілістің басталу себептері

Көтерілістің мақсаты

Көтерілістің басты қозғаушы күші

Көтеріліс қамтылған аймақ

Көтерілістің тарихы маңызы


Ұқсас жұмыстар
Датұлы бастаған көтеріліс
Кіші жүздегі көтерілістің басталу себептері және оның барысы
Көтерілістің басталу
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы ақпарат
Бастапқы сөйлемнің мысалы
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сырым Датұлы Басқарған кіші жүздегі көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz