ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ




Презентация қосу
ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ
Қала экологиясы (Экология города) — адамның қала ортасымен
әрекеттестігінің заңдылығын зерттейтін ғылыми пән. Бүкіл
дүние жүзінде кенттену процесі қарқынды жүруде. Қазіргі кезде ірі
қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарда өте қолайсыз экологиялық
жағдай орнаған. Атмосфералық ауада едәуір мөлшерде зиянды
құрауыштар (шаң-тозаң, күкірт диоксиді, бензагтирен, азот оксидтері,
ауыр металдар, диоксин және т.б.) жиналған. Қалалардың ластануына
негізінен қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия,
целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, жылу энергетикасы, автокөлік әсер
етеді. Соңғы жылдары "Адам және биосфера" бағдарламасы (МАБ)
шегінде қалалық елді мекендерді қалалық ортаға және
тұрғындардыңденсаулығына әсер ететін табиғи, әлеуметтік-
экономикалық, тынығу жөн
Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер:формальдегид,фенол , азот
диоксиді , көміртегі оксиді , хлорлы сутек , күкіртті сутек және шаң–тозаң. Бұл
заттардың орташа , кейде жоғарғы концентрациялары ПДК –ден 1,5 есе артық болып
отырады.адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар
туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.
Азот диоксиді (NO2) –азто қышқылының жарықта ыдырау процесінде пайда болады, түсі–
қызыл–қоңыр , тыныс алу жолдары мен көру органдарын тітіркендіреді.
Көміртегі оксиді,ыс газы (СО) - өнеркәсіптік кәсіпорындардың көптеген түрлерінің негізінде
жатқан ,автокөлік құралдарын пайдаланукезінде де пайда болатын қосылыс.
Формальдегид, метанол( СН2О) –өткір иісті , жанғыш түссіз газ, смола және пластиктер
дәрілік заттар мен бояқтар өндіру кезінде қолданылады.Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді
Фенол,карбол қышқылы (С6Н5ОН) –хош иісті спирт формальдегидтік смолаларды , әртүрлі
бояғыштар мен пестициттерді өндіру кезінде қолданылады.Теріні күйдіреді,ішкі
органдарды зақымдандырады.
Хлорлы сутек(НСI) –өткір иісті түссіз газ , тұз қышқылы деген атпен мәлім. Атмосфераға
хлорлы металдар , органикалық бояғыштар өндіру , терілерді қаптау мен бояу кезінде келіп
түседі.
Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді және теріні күйдіреді.
Күкіртті сутек (Н2S) –жүйкеге өте күшті әсер ететін газ.Күкірт қышқылын ,
ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы химикаттарды өндіру кезінде пайда болады.
Шаң–тозаң –дисперстік фазаның қатты бөлшекті аэрозольдары. Шаң–тозаң әртүрлі
жағдайларда пайда болады, кәсіптік ауруларда туындайды
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға
көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму
стратегиясындағы басым бағыттардың біріне
айналып келеді, мұнда оның құрамдас
бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау
болып табылады. Осы мақсатта қалалар мен
өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық
ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен
тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда
табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу
мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат
зерделенді.
Бүгінгі таңда әлемде өте ірі әрі дамыған
қалалар саны өте көп. Қала халқының саны
артып, өндіріс көлемі ұлғайған сайын оның
қоршаған ортаға тигізер зияны да арта түседі.
Экологиялық жағдайы сын көтермейтін
әлемнің ең лас 30 қаласының қатарына
өзіміздің Алматы қаласы да кіреді екен. Бұл
мәселені қала деңгейінде ғана емес, мемлекет
деңгейінде қарастыру қажет екені анық.
Себебі, Қазақстанның халықаралық дәрежеде
беделінің артуында Алматы қаласының алатын
орны ерекше екендігі мәлім.
Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану
жағдайы «Казгидролит» РГП-ның 2000ж бақылауларының негізінде
сипатталады.Бұл кезеңдегі Қазақстан қалаларының атмосфералық
ауасындағы зиянды заттар өте жоғары дәрежеде деп
бағаланады.Соның бірі Алматы қаласының экологиялық жағдайы
күннен-күнге нашарлап келеді.
Қазіргі кезде Алматының ауасы зиянды қалдықтардың кесірінен
жылдан-жылға ластанып бара жатыр. Соның ішінде өлшенбелі
бөлшектер мен ауыр металдар аса қауіпті саналады. Ауаны ластайтын
жеңіл көлік пен жылу стансалары екені белгілі
Алматы экологиялық апат
алдында
Қаланы тасқыннан қорғау үшін өзен бойынан биіктігі 40 м
темір- бетон
тосқын және Сайран су қоймасы орнатылған
. 1-нші сурет. 2009-2010 жылдар
аралығындағы Қазақстан
Республикасының қалалары бойынша
атмосфераның ластану индексін (АЛИ5)
салыстыру

2-нші сурет. 2008-2010 жж
аралығындағы ҚР қалаларының
атмосфералық ауасындағы қалқыған
бөлшектердің (шаң) ШРЕК-нан асу
еселігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, Қоғамды
экологияландыру, немесе, басқаша
айтқанда, әлеуметтік экологияның
көздейтін мақсаты, бір жағынан ,
адамдардың табиғат тазалығы үшін
жауапкершілігін арттыру болып
табылады. Яғни қоршаған ортаны
қорғау дегеніміз — әр азаматтың
құқықы мен міндеті.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қалаларының экологиясы
Шымкент қаласының экологиясы
Экологияның даму кезеңдері
Химиялық ластану
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ТАУ БӨКТЕРІ
Алматы қаласы
Экологиялық жағдай
Ақтөбе қаласы
Популяциялар экологиясы. Популяциялар гомеостазы, оның жалпы қағидалары және динамикасы
Пәндер