Есет Көтібарұлы (1803-1889) - XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістерінің жетекшісі


Slide 1

Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс

Slide 2

Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889) [3] - халықтың әйгілі батырларының бірі. [4] Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген. 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.

Slide 3

Есет батыр (1803-1889) - Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. [1] [2]

1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.

1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.

1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.

19 ғасырдың 40-50 жылдарында Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталады. Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды.

1853-54 жылдары Есет батыр басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды.

1854 жылы көктемінде көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінен қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, түтін салығын жою, қазақ даласына жазалаушы отрядтарды жіберуді тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойына еркін көшіп-қонуға мүмкіндік жасауды талап етті.

1858 жылы жазалаушы отряд көтерілісті күшпен басты. Есет көтерілістен бас тартқан соң оған кешірім жасалды.

1859 жылы тамызда бір топ сүлтан, билермен бірге Санкт-Петербургке жіберіліп, 24 тамызда Александр II патшаның қабылдауында болады.

1861 жылы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалады.

1869 жылы Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып бекітілді.

1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды.

1879 жылы ол қызметтен босатылады.

1889 жылы қартайған шағында дүние салды.

Slide 4 Slide 5

Есет Көтібаров бастаған көтеріліс

XIX ғ. 50-жылдары орыс отаршылдығына қарсы Есет Көтібаров белсенді күрес жүргіді. Ол Арал теңізіне қарай жылжыған ресейлік әскерге күшті қарсылық көрсетті. Есет Көтібаров (1807-1888 жж. ) Көтібар батырдың ұрпағы болатын. Ол тек қана өз руы үлкен шектінің арасында емес, сондай-ақ көрші қазақ рулары адай, табын, шөмекей, төртқара, кішкене шекті рулар арасында да үлкен беделге ие болды. 1838 ж. Есет Көтібар Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек қамалына шабуыл жасап, ал 1847-1848 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен бірлесіп Сырдарияның төменгі бөлігіндегі Хиуалық және Қоқандық жаулап алушыларға қарсы күрес жүргізді. Есет Көтібарұлы хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа Нұрмұхамедовқа бірнеше рет көмек көрсетті. Ол аз дегендей Хиуалық хан Жанқожадан тек сүлтандардың ғана емес, сондай-ақ батырлардың қолымен де құтылуға тырысты. Әрине, халық батыры, Жанқожаның туысы Есет Көтібарұлы Хиуа ханының арандатуына көнген жоқ, керісінше, Хиуалық басқыншыларға қарсы күресте Жанқожаға барынша көмектесті. Орынбор билеушілері қайткен күнде де Есетті қолға түсіріп, оған патша үкіметін мойындауға мөжбүрлеуді алдарына мақсат етіп қойды. Жазалаушылар Арал теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында тұратын көтеріліске қатысушылар мен бейбіт тұрғындарды қатал жазалады. Орынбор генерал-губернаторы көтерілісшілерді басу үшін жазалаушы отрядтарды бірінен соң бірін жіберіп жатты. Бірақ Есет Борсық құмдары мен Үстіртке ауылдар мен ауыр жүктерді дер кезінде жіберіп үлгірді. Даламен жылжып келе жатқан өзінің жігіттерін ол екі топқа бөліп, орыс керуендеріне шабуыл жасап және жазалаушы отрядтармен ұрысқа араласты. 1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Орыс жазалаушы отрядтары Есет Көтібарұлы құрамындағы бірнеше руларды талқандап, материалдық байлықтарын тартып алып, малдарын айдап кетті.

Slide 6 Slide 7
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалыстары (1820-1847 жж.): Саржан, Жоламан және Кенесары көтерілістері
XVIII ғасырдағы қазақ батырларының ерлігі: жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күрес
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы
XIX ғасырдың 40-60-жылдарындағы қазақтардың Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы: Оңтүстік Қазақстандағы экспансия және ұлт-азаттық көтерілістер
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңделуі мен ұлт-азаттық күрестің тарихнамасы
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті және ұлт-азаттық қозғалыстың жыраулары: Махамбет, Дулат, Шернияз, Шөже, Сүйінбай
XVIII-XIX ғасырдағы патша отарлау саясатына қарсы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Бөкей Ордасы мен Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстар
XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістер: себептері, барысы және тарихи маңызы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтың ұлт-азаттық көтерілістері: С. Датұлы, Исатай-Махамбет және Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстар
XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі: Ордабасы құрылтайы, Бұланты мен Аңырақай шайқастары және салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz