Ерте кардит


Slide 1

№2 Бала аурулары кафедрасы

«Туа пайда болған кардит»

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Орындаған: Құдабаева Ж

Факультет: Жалпы медицина

Курс: 4

Топ:047-1

Тексерген:Сырымова М

Алматы 2012ж

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

Туа пайда болған кардит туралы түсінік, жіктелуі

ІІ. Негізгі бөлім

Ерте және кеш кардит

Ерте және кеш антенаталды кардит

Жедел постнаталды кардит

Фиброэластоз

Арнайы зерттеулер

Диагнозы

Емі.

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Туа пайда болған кардит

Туа пайда болған кардит жүректің 1 қабатының (эндо, пери, немесе миокардтың) қабынуы. Этиологиясы: Дифтерия, скарлатина қоздырғышы, Коксаки, грип вирустары. Ауру кейде антенатальды кезеңде анықталады, бірақ жиі жедел жүрек жетіспеушілігінің басталуымен байланысты өмірінің бірінші аптасы немесе алғашқы айларында диагностикаланады

Slide 4

Диагноз

Нақты - егер жүрек патологиясы симптомы құрсақ ішінде немесе перзентханада анықталса;

Мүмкін - егер олар интеркурентті ауруларынсыз нәрестенің алғашқы айларында дамыса немесе жүктілік кезінде анасының ауруларының анамнестикалық мәліметтерінде анықталса;

Slide 5

Жіктелуі

Slide 6

Ерте кардит

Құрсақішілік өмірінің 4-7- ші айында пайда болады және айқын қабыну белгілерінсіз (фиброэластоз, эластофиброз) миокардының субэндокардиалды қабаттарындағы интенсивті эластикалық және фиброзды тіндер байқалады. Кейде үрдіске жүрек ақауларының дамуына әкелетін хордалар мен қақпақшалық аппараты қатысады.

Slide 7

Клиникасы

Нәресте туылғанда аз дене салмағымен немесе келесіде нашар салмақ қосумен,

Ему кезінде тез шаршағыштықпен,

Себепсіз мазасызданумен,

Тершеңдікпен,

Бозарумен көрінеді

Slide 8

Көрінісі

Кардиомегалия;

«Жүректік өркеш»;

Аускультация кезінде:

сараң жүрек тоны,

прогрессирлеуші жүрек жетіспеушілігі,

емге рефрактерлік жауап беру тән.

Жиі тыныш кезінде:

ентігу,

жөтел,

афония,

орташа цианоз,

өкпеде әртүрлі калибрлі ылғалды және ысқырықты сықыр,

бауырдың үлкеюі,

ісіну дамиды.

Аритмия сирек болады. Систоликалық шудың дамуы митральды қақпақшалардың салыстырмалы немесе органикалық жетіспеушілігімен байланысты, бірақ жиі шу болмайды.

Slide 9

Рентгенограммада

Жүрек шар немесе овоидты, фиброэластоз кезінде - трапеция тәрізді

Slide 10

ЭКГ

ригидті ритм,

инфильтрация әсерінен миокард қалыңдығының ұлғаюы есебінен сол қарынша гипертрофиясы белгілері,

оның субэндокардиалды бөлімінің зақымдалуымен көрінеді

Slide 11

Кеш кардит

Құрсақішілік өмірінің 7- ші айынан кейін пайда болады. Оған эластикалық және фиброзды тіндерінің түзілуінсіз миокардтағы нақты қабыну өзгерістері тән. Туа пайда болған кардитпен балалардың анамнезінде анасының жүктілік кезінде жедел және созылмалы инфекциялық аурулардың болғанын анықтаймыз. Аурудың клиникасы және инструменталды- графикалық симптомы және оның ағымы созылмалы ревматикалық емес кардиттің ауыр формасымен ұқсас. Соңғысынан туа пайда болған кардит ерте көрінісімен, прогрессирлеуші ағымымен, жүргізілген терапияға қабылдамаушылығымен ерекшеленеді.

Slide 12

Клиникасы

Рентгенологиялық тексеруде:

жүрек көлеңкесінің шар тәрізді немесе овоидты формада,

жіңішке тамырлық шоғыр,

сол қарынша пульсациясы амплитудасының бірден төмендеуі белгіленеді.

ЭКГ- да:

синусоидты тахикардия,

QRS жүйесінің жоғары вольтажы,

терең Q тісімен сол қарыншаның гипертрофия белгілері және миокардтың эндокардиалды гипоксия,

кей жағдайда- оң қарыншаның шектен тыс зорығуы және гипертрофиясы анықталады.

Орташа кардиомегалиямен, жүректің ритмінің әртүрлі бұзылыстарымен және жүрекшелердің дірілімен, қатты жүрек тонымен, жүрек жетіспеушілігінің аз көрінісімен сипатталады. Жиі жүректің екі немесе үш қабаттарының зақымдалу белгілері анықталады. Кейбір науқастарда аяқ асты мазасыздану, ентігу, цианоз күшеюімен тахикардия, тырысу көрініс береді.

Slide 13

Ерте антенаталды кардит

Жүктіліктің алғашқы айларындағы құрсақішілік персистерлеуші вирусты инфекциямен шақырылады.

Жүктіліктің аяғында жүректегі қабыну үрдісі аяқталады және бала туылған соң әдетте кардиомиопатия диагностикаланады.

Морфологиялық өзгерістер эндокард және миокардта эластоз және фиброз дамуымен пролиферацияға алып барады.

Макроскопияда дилатациямен және орташа сол қарынша миокардының гипертрофиясымен кардиомегалия анықталады

Slide 14

Кеш антенаталды кардит

Жүктіліктің соңғы триместрінде дамиды және нәрестелер қабынудың жедел фазасымен және аурудың клиникалық көріністерімен туылады

Жедел постнаталды кардит

Нәрестенің жаңа туылған кезеңінде дамиды

Slide 15 Slide 16

Гистологиялық зерттеуде:

Жүрек паренхима және стромасында диффузды- ошақты қабыну үрдісі жүреді;

Қабыну ошағы жиі жүрекшелердің қарыншамен шекарасы аймағында немесе миокардтың субэндокардиалды және субэпикардиалды зонасында орналасады.

Миоцит ядросының гипертрофиясы болмайды

Slide 17

Фиброэластоз

Туа пайда болған кардиттер арасында туа пайда болған ерте эндокардит- эндокардтың фиброэластозының үлкен маңызы бар.

Фиброэластоз - жүректің бір немесе бірнеше бөлімінің эндокардының жайылмалы қалыңдауы.

Бұл қалыңдау коллагенді немесе эластикалық талшықтардан құралады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, фиброэластоз ауру болып табылмайды, тек эндокардтың кез келген стресске бейспецификалық жауап ретінде дамитын процесс.

Фиброэластоз бала өмірінің алғашқы айларында симптомдары көрініс беретін, өте ауыр жағдай. Баланың алғашқы айларында:

Әлсіздік,

Әлсіз емшек ему немесе бас тарту,

Тахикардия,

Ему кезінде ентігу

Терісі бозарған,

Цианотикалық ұстама болуы мүмкін.

.

Slide 18

Екі жүрекшелердің зорығу белгілері, ІІ және ІІІ қалыпты әкетулерде Q терең тістері, аVF, V5, V6 болады. ЭхоКГ- да жүрек қуысының дилатациясы мен кардиомегалиядан басқа, сол қарынша миокардтың жиырылғыш және әсіресе релаксациялық функциясы төмендеуін, қақпақшалардың зақымдануын, жиі митральді, өкпелік гипертензия көреміз.

Фиброэластоз диагнозын жүрек бұлшықеті және эндокардтың биоптатының морфологиялық зерттеуіне сүйеніп қояды.

Slide 19

Фиброэластоз бен эластофиброздың ЭКГ-дағы дифференциалды диагностикалық белгілері:

Белгілер

Фиброэластоз

Эластофиброз

Жүректің электрлік осі

Қалыпта

Қалыпта не солға ығысқан

Ритм мен өткізгіштік бұзылысы

Өте сирек

Жиі

QRS вольтажы жоғары

Едәуір

Онша емес

Сол қарынша миокарды гипертрофиясы

Сирек

Жиі

Q тісшесі үлкеюі

Сирек

ІІ, ІІІ, aVF, V әкетулерінде аздап

ЭКГ динамикасы

Жоқ, оң динамика сирек

Жиі оң динамика не болмайды

Slide 20

Лабораториялық сынақтар


Ұқсас жұмыстар
Жүрек шамасыздығы синдромы
Жүректің ревматикалық аурулары
Қан айналысының жетіспеушілігі
Жүйелі қызыл жегі
Жүйелі қызыл жегі ауруы
Мезгілінен ерте босану
ЕРТЕ ДИАГНОСТИКА ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Мезгілінен бұрын босану
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДИЗЕЛДІК МОТОРДЫҢ ҚУАТЫ МЕН ЖАНАРМАЙЫН АНЫҚТАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz