Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада




Презентация қосу
Тұрғын үйлердің және қоғамдық
ғимараттардың гигиенасы

Орындаған :Мұсақұл Г.
Қабылдаған:Набиева А.
Жоспар:
Тұрғын үйлердің және қоғамдық
ғимараттардың микроклиматы.
Тұрғын үйлердің және қоғамдық
ғимараттарды жоспарлауда қойылатын
талаптар.
Тұрғын үйлердің және қоғамдық
ғимараттардың жылыту
жүйесі,желдетілуі,жарықтандырылуы.
Тұрғын үй маңызды
әлеуметтік-гигиеналық
мәселе болып
саналады.Тұрғын үйде
адам өзінің өмірінің көп
уақытын
өткізеді,сондықтан тұрғын
үй адамның
денсаулығына ,көңіл –
күйіне,жұмыс қабілетіне
әсер етеді.Үй адамды
қоршаған орта
факторларының теріс
әсерінен;
ыстық,суық,қар,жаңбырдан
қорғану үшін,жұмыс істеуге
және дем алуға онтайлы
жағдай жасау үшін қажет.
МИКРОКЛИМАТ
Үйде даладағы микроклиматтық жағдайға
қарамастан тұрақты климат болу
керек,оны микроклимат деп атайды,ол
адамға жақсы жағдай тудырады.
Тұрғын бөлме микроклиматы дегеніміз,ол
сол бөлменің;

Бөлменің ішкі
ауа қабырғасыны
температурас
ылғалдылығы жылдамдылы ң
ы
ғы температурас
ы
Ағзада жылу алмасуды реттеген кезде
негізгі рөлді жылу беру анықтайды,ол 3
жолмен жүргізіледі:

Адам денесіне жақын ауаның
жылуы(конвекция)

Температураның арасында айырмашылық
болғандықтан(радиация)адам денесі
жылуының оны қоршаған заттарға өтуі

Адамның терісінен ылғалдың шығуымен(тер
бөлініп шығу) жылу бөлінуімен байланысты
Конвекция арқылы жылу беру тек қоршаған орта
температурасы адам денесінің температурасынан төмен
жағдайда ғана жүреді.
Жылу берудің негізгі жолы-радиациялы түрде жылу
беру,яғни жылуды қоршаған ортаға беру,ол бөлмеде
жылу режимі жақсы сақталғанына ғана байланысты
емес, оның ішкі қабырғаларының,еденнің,терезенің де
температурасына байланысты.
Біздің климаттық жағдайда тұрғын бөлменің
температурасы нормада 18-20 С градус
Микроклиматқа температурадан басқа ауа
ылғалдылығы да әсер етеді.
Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40-60 %
Қошаған ауаға жылу беру мөлшері ауа
жылдамдылығына байланысты.
Ауа жылдамдылығы өскен сайын конвекция
жолымен жылу беру өседі.
Тұрғын бөлмеде жайлы жағдай жасалу үшін
көптеген шаралар қолданылады:

жоспарлы
Сантехникал
ық шаралар
Салқындаудан қорғанудың негізгі
шаралары:

Жүйелі жылыландыру

Бөлмелердің дұрыс орналысуы

Жылу ұстайтын қоршаулар
орналастыру,кіретін
есікті,терезелерді,едендерді
жылыландыру
Күн ыстық кезде бөлме ысып кетпес үшін
мынадай шаралар жүргізуге болады;
Тұрғын үй жоспарлануы
Тұрғын үй жоспарлауда жерлерді 4
ауданға,16 ауданшаға бөледі.Біздің еліміз
3 және 4 ауданға жатады. «Тұрғын
үйлер.Жобалау нормалары»
ҚНменЕ(СНиП)құрылыс нормасы мен
ережесіне сай жобалану керек.Осы
ҚНменЕ-де аудандардың физикалақ-
географиялық сипаттамасы және орташа
айлық ауа температуралары;қаңтар мен
шілде айларының,ауаның орташа
жылдамдығы қысқы үш айда,айлық
орташа ауаның салыстырмалы
ықтималдылығы-маусым
айындағы,геологиялық жағдайлар мен
табиғи-климаттық факторлар,тұрғын үйге
қойылатын талаптар туралы жазылған.
Тұрғын үй жобалауда сол жердің физикалық –географиялық
сипаттамасына сай,ҚНменЕ-де көрсетілгендей жасалу керек,яғни
тұрғын үйдің жылу ұстағышы ,желден және қызып кетуден
қорғау.Жыл мезгілінің әр кезінде бір жерінде метеорологиялық
жағдайлардың үлкен ауытқуы
байқалады;температура,ылғалдылық,ауа жылдамдылығы,күн
радиациясының қарқындылығы.
Тұрғын үй ішінің гигиеналық жағдайы оны қоршаған ортаға
байланысты болады.Сондықтан үйдің аумағына қойылатын
талаптарды қатаң сақтаған дұрыс. Үй салуға таңдалған жер келесі
талаптарға сай болуы керек;ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін,ауа
алмасуы жақсы,шу көзінен және атмосфералық ауаны
ластаушылар көзінен,өндірістік мекемелерден,темір
жолдан,автокөліктің магистральды жолдарынан алыс орналасу
керек,мөлшері жеткілікті болу керек;үйді дұрыс орналастыру үшін
,балалар ойнайтын жер,ересектер дем алатын дем алатын және
жасыл өсімдіктер егілетін жер қарастырылуы керек.Ол жердің
топырағы таза болуы керек.Егер ол жер бұрын басқа мақсатта
қолданылса,ол жердің топырағы тазаланып,таза топырақ әкеліп
төгілу керек,топырақты залалсыздандыру жұмысы жүргізілуі тиіс.
Тұрғын үйлерді және қоғамдық
ғимараттарды жылыландыру
Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның
өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі
температурамен қамтамасыз ету.Бөлмеде біркелкі
температура болу белгілі бір жағдайлармен
анықталады;жылыландыру жүйесі,отынның
сапасы,жылыландырудың жергілікті және реттілігі.
Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 18-29 С
градус аралығында болу керек.бөлмеде тәулік бойы
температураның ауытқуы болмау керек.
Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған
жылуландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете
алады,сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған
жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс.
Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның
төменгі жағында,терезенің астына орнатылады.Ол
терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады.Ол
оңай жуылып,оңай тазаланатын болуы керек.Жылыту
қондырғыларының температурасы 80 С градустан көп
болмау керек,температура одан жоғарласа,адам күйіп
қалу қаупі туады және жылыту қондырғысына қонған
шаңның жануы мүмкін.Осы себептен тұрғын үйлерде
булы жылыландыру қолданылмайды,өйткені қыздыру
құралдарында булы жылыландыру кезінде температура
100 С градус және одан да жоғары болады.
Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылуландырудың сәулелі түрі
кеңінен қолданылып жүр.Жылуландырудың бұл түрі қызған
су қабырғалардың арасында орнатылған трубалар арқылы
жүріп,бөлмені жылытады,Үйдің төбесінде орнатылған
жылыландыру қондырғысының температурасы 28-30С
градус,қабырғалардыкі - 40-45 С градус, жертөленікі - 25-
27 С градус.
Сәулелі жылуландырудың орталықтандырылған сулы
жылыландырудан артықшылықтары да бар;адам ағзасы
өзінің бойынан жылу шығару төмендейді,бөлменің көлденең
және тік бағыттарында температура біркелкі
болады.Жылыту құралдары қабырға арасында
орналасқандықтан,оларға шаң жиналмайды.
Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету
қазандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі.
Қазіргі таңда үйді жылы сумен қамту да қарастырылған.
Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың
ауасының ластануы,ауа алмасуы,желдетілуі
Бөлмеде адамдар үнемі болғандықтан ол жердің
ауасының физикалық қасиеттері өзгереді;ауа
температурасы ,ылғалдылығы көтеріледі. Адам жай
отырғанның өзінде жылу бөліп шығарады,ал жұмыс
істесе,істеген жұмысының ауырлығына байланысты
жылу бөлуі көбейеді.
Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де
өзгереді.Адам тыныс алатын ауа құрамында оттегінің
мөлшері 21% ,ал ағзадан шығаратын ауа құрамында
оттегінің мөлшері -16,4%; ауа құрамындағы
көмірқышқыл газының мөлшері - 0,04% ,ал ағзадан
шыгарылатын ауа құрамында оның мөлшері 4,4%-ға
көтеріледі.
Тұрғын үйлерде көбіне ауа
газбен(тамақ жасау кезінде)
ластанады. Бөлме газбен ластанбас
үшін газ плиталар дұрыс қолданылу
керек.
Қазіргі кезде тұрмыста
электроплиталар кеңінен
қолданылып жүр.
Тұрмыстық процесс кезінде ауаны
ластайтын заттардан басқа(газ,от
жағу),бөлменің ауасын пластмастан
жасалған құрылыс заттардан
бөлінетін зиянды заттар да
ластайды.Осыған байланысты
құрылыста қолданылатын кез келген
жаңа материал гигиеналық жағынан
бағаланып,содан кейін ғана
Денсаулық сақтау министрлігі оның
қолданылуына рұхсат береді.
Жабық бөлмеде егер ауру немесе
бактериотасымалдаушы адамдар
болса,ол жердің ауасында
бактериялардың көп
мөлшері,оның ішінде
патогенділері де болу
мүмкін.Бактериялар ауаға ауру
адам сөйлегенде,түшкіргенде
,жөтелгенде түсуі мумкін.
Бөлменің ауасы арқылы мына
аурулар таралады;
туберкулез,тұмау
,қызамық,қызылша,коклюш,дифт
ерия,желшешек.
Жабық бөлменің ауасы жұқпалы
ауру қоздырғыштарымен ластанса
эпидемиологиялық жағынан
қауіпті болады.
Бөлмелердің ауасы жақсы болу үшін ,ол жердің ауа
алмасуы жақсы болы керек ,яғни лас ауа
шығарылып ,таза ауа әкелініп тұру керек,ол ауаны
тазалау жолымен іске асады.
Ауаны алмастыру жиілігі-сағатына неше ретбөлменің
ауасының тазаланғанын көрсететін көрсеткіш.
Тұрғын бөлмеде нормада үш метр куб.сагат ауа бір
метр квадрат ауданнан шығарылып тұру керек,ал
газдалған үйдің асханасынан,егер асханада төрт
камфорлы газ плита болса тоқсан метр куб.сағат.
Жергілікті табиғи ауа алмасу (бөлмені
желдету) бөлме ауасының тазалануын
толық қамтамасыз ете
алмайды,сондықтан терезелерге
желкөз,фрамуга орнатылады,олар
бөлмелерде ауа алмасуын жақсартады.
Желкөздердің ауданы кемінде 0.3метр
квадрат болу керек.Желкөздердің
кемшілігі оны ұзақ уақыт ашып қою
керектігі және желкөзден кіретін суық
ауа ағымы адамның денсаулығына
теріс әсер ететіндігі жатады.
Фрамугалар,қазіргі кезде шығып
жатқан жаңа қондырғылар,олар 45
градус бұрышпен жоғары қарап
орналасқан,яғни фрагмудан кіретін
таза ауа бөлменің жоғарғы жағына
беріліп,жылы ауамен араласып,содан
кейін төмен қарай түседі,Ондай
фрагмуларды күні бойына ашып қоюға
болады,ол адамның денсаулығына
теріс әсер етпейді.
ҚНменЕ-ге сай соратын каналдар мына бөлмелерде міндетті түрде
болу керке;асханаларда,ваннада,дәретханада.Соратын каналдар
үйдің жоғарғы жағында жалпы коллекторға жиналып,сору
шахтасына туседі,ол үйдің төбесінде орналасады.Асхана мен
дәретханадан шығатын сору каналын біріктіруге болмайды.
Сору каналдарының жұмысын күшейтуге болады,ол үшін сору
шахтасының алдына ауаны жылытатын камера қою
керек.Жылытатын ауа сору шахтасына бағытталады ,сөйтіп
коллектордан ауаның шығарылына әсер етеді.
Ауаны жақсы сору үшін ауа соратын жерде
күшейткіштер(желдеткіш) орналастыруға болады,ол ауа алмасу
жиілігін арттырады.
Табиғи және жасанды жарықтандыру
Тұрғын үйлерді және қоғамдық
ғимараттарды жобалауда оның табиғи
және жасанды жарықтануының жақсы
болуы маңызды орын алады .Табиғи және
жасанды жарықтандыру жақсы болса ,ол
адамның көру қабілетіне,өмірлік
тонусына,жұмыс қабілетіне әсер етеді.
Тұргын және қоғамдық ғимараттардың
жарықтандырылуы «Табиғи және жасанды
жарықтану»ҚНменЕ нормативті құжатының
талаптарына сәйкес болуы керек.
Жарықтандыру
Жарықтандыру -жарықтандыратын жерге түсетін жарық
ағынының тығыздығы.Жарықтандыру бірлігі болып –люкс(лк)
қабылданған.
Күн сәулесі –жарықтанудың ең үлкен көзі болып саналады.Күн
көзінің шашыраңқы сәулесімен ауа –райыныңашық күні
жарықтану 25000-50000 лк-ге жетеді.Ал қыста ,күн бұлтты
күндері көрсеткіш 700-1500 лк-ге дейін төмендейді.
Жарықтандыру коэффициенті –терезелердің әйнектелген
бөлігінің ауданының еден ауданына қатынасы.ҚНменЕ-ге сәйкес
бұл көрсеткіш тұрғын бөлмелер үшін 1:6 1:8,кластар,аурухана
палаталары үшін - 1:5 – 1:6 ,операция бөлмелері үшін 1:2 -1:3 ,ал
коридорлар,баспалдақтар аймағында 1:12- 1:15 қатынасына тең
болуы қажет.
Қолданылған әдебиет;
Торгаутов Б.К. ,Сералиева М.Ш «Жалпы
гигиена»

Ұқсас жұмыстар
Жалпы гигиена
Ара балы туралы
Дән өнімдерінің сақтау технологиясы
Дәнді дақылдардың сабақ таты ауруы
Печенье және галета өндірісі
Печенье жəне галета өндірісі
Технология және биоресурстар факультеті
Жылу реттеу патологиясы
Стоматологиялық кабинеттің ұйымдастыру ерекшеліктері
Ет өнімдерін дайындау технологиясы
Пәндер