Күкірт жануға бейімді


Slide 1

Орындаған: Баймуханмедова А.

НДб-09-1к

Тексерген: Анапияев Б.

Slide 2

Теңізшевройл (ТШО) - Батыс Қазақстанда мұнай өндіріп жəне өткізіп жатқан ірі мұнай өндіруші компания. Қазіргі уақытта компания Теңіз кен орны мен көршілес жатқан Королев кенішінде тəулігіне шамамен 400 000 баррель мұнай өндіруде.

1993 жылы «Шеврон» корпорациясы мен тəуелсіз Қазақстан Республикасы «Теңізшевройл» бірлескен кəсіпорнын құрды. Бүгінде ол «Шеврон» (50%) корпорациясы, «ҚазМұнайГаз» ҰМК (20%), «ЭксонМобил» (25%) жəне «ЛукАрко» (5%) компанияларының арасындағы серіктестік болып табылады. Теңізшевройл өзі құрылған кез-ден бастап тосын уақиғасыз жұмыс жасауға, қоршаған ортаны қорғауға жəне компания қызмет атқаратын аймақта тұратын халықтың тұрмысын қолдауға ұмтылуда. Компанияның мақсаты -акционерлерінің мүддесі үшін қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ жергілікті халықтың алдында беделді болу.

«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2, 5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.

Теңіз және Королев кеніштеріндегі мұнайдың алынатын қорлары 750 миллионнан 1, 1 миллиард тоннаға дейін деп бағаланады. Теңіз кенішінің ашылған және әлі ашылмаған учаскелерінің жалпы геологиялық қорлары 3, 1 миллиард тонна немесе 26 миллиард баррель көлемінде деп бағаланса, әлемдік деңгейдегі кеніштерге жататын Королев кен орнының қорлары 188 миллион тонна немесе 1, 5 миллиард баррель, яғни Теңіз кеніші қорларының алтыдан бір бөлігіне тең деп бағаланып отыр.

Теңіз - әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр немесе 13000 фут тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 19 шақырым немесе 12 миль, ал, ені 21 шақырым немесе 13 миль жерді алып жатыр, ал, мұнайлы қабатының биіктігі бір мильге тең. Коллектордың ауқымдылығы соншалық, оны толық айналып шығу үшін екі марафон қашықтығы қажет болады.

Slide 3

Атыраудағы мұнай алпауыттарының бірі «Теңізшевройл» компаниясына қарасты Жылыой ауданы аумағындағы күкірт тауларынан тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар тұтастай Атырау өңірі зардап шегіп отыр десек қателеспейміз. Мұндағы жылдар бойы жинақталып келген күкірт таулардың биіктігі бес қабатты үйден артық болмаса кем болмайды.

Күкірт жануға бейімді. Атыраудың 45 градустан асқан аңызақ аптаптарында «сары таулардың» өздігінен тұтанбайтындығына ешкім де кепілдік бере алмайды. 2008 жылдың наурыз айының 4-інде және 9-ында Атырау облысындағы Теңіз кен орнында «Теңізшевройлға» қарасты қоймада күкірттің жану оқиғасы тіркелді. Бірінші жағдайда өрт ошағы тез сөндірілгенмен, 9-ы күні болған оқиғада күкірт 4 сағат бойы жанды. Белгілі болғандай, мұнайды өңдеу кезінде алынған қалдықтардың (яғни күкірттің) 9 мың тоннасы жанып кеткен.

Slide 4 Slide 5

Мұнай өндіру өскен сайын өндірілген өнімнің тоннасына шаққандағы меншікті шығарындылар түбінде азаяды. Бұған мұнай мен газ технологиясын жетілдірудің, шикі газдың қайта айдаудың, пропан, бутан мен құрғақ газды қайта айыруды арттырудың арқасында алауларда газ жағуды мейлінше азайту арқылы қол жеткізіледі. Қазі ргі өндіріс пен жобаланып отырған технологияның басты ерекшелігі осында. Теңіз кен орнын жайластыру жобасында бұл саладағы ең жаңа технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, шикі газды қойынаутқа қайта айдау қарастырылған. Осынының арқасында тек Теңіз кен орнынан мұнай өндірудің жалпы көлемін үлғайтуға ғана емес, атмосфераға тарайтын шығарындылардың да көлемін азайтылуға қол жеткізіледі. ЕБЗ жұмысына байланысты күкірт өндірудің нақты көлемі өскенімен, ШГА басталуымен бір тонна мұнайға шаққандағы күкірт өндірісінің көлемі азаяды. Жобада қосымша екі күкірт түйіртпектеу қондырғысы қарастырылған және бұл Жерорта теңізі елдеріне, Ресей мен Қытайға күкірт сату көлемін өсіруге себеп болады. ТШО-ның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу қаталдығы өсіп келе жатқан экологиялық талаптарға және озық тәжірбиеге сай жүргізілген. Қалдықтарды басқару саласында жаңа технологияларды қолдану-ТШО бастамасы боп келеді. Қалдықтарды орналастыру полигоны Қ. Р. санитарлы нормативтік құжаттарға сәйкес жобаланып салынды. Қайта өңделетін материалдар қолданыс тапқанға дейін қауіпсіз түрде арнайы мекемелерінде сақталады немесе өңделеді. Болжам бойынша қалдықтар көлемі әжептәуір азаяды.

Slide 6

Мұнайды өндіру, өңдеу және де тасымалдау кезінде топырақ жамылғысына жағымсыз әсер етуі ықтимал негізгі факторлар - топырақтың ластануы және топырақ пен өсімдік жамылғысының механикалық ықпал ету салдарынан бұзылуы. Жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық жер телімдері қалыпты ауыл шаруашылық қолданысына жарайтындай етіп, калпына келтіріп, қайтарылады. ТШО өндіріс мәдениеті антропагендік сор пайда болуына жеткізетін жердің азуынан немесе мұнай төгіп жерді ластау секілді экологиялық келеңсіздіктерден іргесін әрі салуға мүмкіндік береді.

Slide 7

Кеніш аумағында жануарлар әлемі Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зертгеу обьектісі болып табылады. Қ. Р. зоология және жануарлардың тектік қоры институтының мамандары жүргізген зерттеудің нәтижелері бойынша, бұрғылау жұмыстарының қарқынды жүру кезеңінде Теңіз кен орнының аймағындағы жануарлардың саны мен түрінің азайғаны байқалған, соңғы кезде жағдай жақсарды. Соңғы жылдары осы аймақта сүтқоректілердің кейбір түрлері қайта қоныстанып жатыр. Бұл көрініс қосмекенділер мен жорғалаушылардың топтарына тән. Жорғалаушыларға Каспий теңізі деңгейінің ауытқулары әсер етеді. Теңіз деңгейі көтерілгенше кеніш аймағы жыл құстарының қысқа мерзімге аялдайтын тұрағы болады. Теңіз деңгейі көтерілуі салдарынан біршама жем қоры пайда болып, құстардың жазғы фаунасы құрамы жағынан өзгереді. Қазір ТІІІО аумағына жақын жердегі қалың камыс арасында кұтардың шамамен 40 ұя салған.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Табиғат обьектілері
Жану көзі
Ағаш материалдарын автоматты түрде жүктеу және босату
Өртке қарсы алдын ала шаралары
Еріген газдар
Өрт сөндіргіштер
Насекомдармен Далалы, шөлейтті аймақтар
Аяқ сүйектерінің сынуы
Көшіру жұмыстары
Ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz