Дулат Бабатайұлы - халықтың зарын жырлаған ақын




Презентация қосу
CӨЖ
Тақырыбы:Дулат Бабатайұлы
Жоспар

I Кіріспе
Дулат Бабатайұлы-халықтың зарын
жырлаған ақын .
II Негізгі бөлім
а) Ақынның өмірбаяны.
б) Дулат Бабатайұлының
шығармалары.
III Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс
Қазақстан облысы,Аягөз ауданы
Сандықтас қонысы — 1874, сонда) —
көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп
тараған. Дулат шығармалары негізінен
дидактикалық негізде жазылған. 1880
жылы Қазанда жарық керген
«Өсиетнама» деген жинағына
ақынның заманы туралы толғаулары
енген.Орта жүз құрамындағы найман
тайпасынан шыққан. Өмірі туралы
деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері
ел ішіне ауызша және қолжазба
түрінде таралған.
Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы
алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке
кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның
сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік
өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-
толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері
кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда
“XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ
ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР
ұылым академиясының баспасы, А., 1962)
деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды”
(Революцияға дейінгі қазақ ақындарының
шығармалары. А., 1965) жинағында басылып
шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет
1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-
нөмірінде жарияланды.
Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев
болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық
көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы
жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын
“Тегімді менің сұрасаң”
“О, Сарыарқа, Сарыарқа”
“Асқар таудың сәні жоқ”
“Сүлейменге”,
“Бараққа”,
“Кеңесбайға”
Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару
жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік,
жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге
арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел
бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр.
Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз
жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы
ақынның жан сыры ретінде жыр болып
төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін
жетілдіру, замана сазына қарай ақындық
өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту
ерекшелігі кейін Абай шығармаларында
дамытылып, жалғастық тапқан.
Ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық
саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз еткен
шығармалары

«Тегімді менің сұрасаң»
«О, Сарыарқа, Сарыарқа»

«Ал, қарағай сұлу сындарлы» «Асқар таудың сәні жоқ»
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ Энциклопедиясы
2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық
анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.»
ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
3. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакциясы,
«Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас
редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9, V том

Ұқсас жұмыстар
Зар - заман ағартушылық философиясы
XIXғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Зар заман ағымы
Зар заман философиясы
Дулат Бабатайұлы Айтқызбасымды айтқыздың өлеңінде
Дулат Бабатайұлының өлеңдерін қорытындылау
Дулат өлеңдерінің ерекшелігі
Дулат өлеңдерінің ерекшілігі
Ілияс Жансүгіровтің туған жылы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Пәндер