Заратуштра туралы мәлімет
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Заратуштра және Анахарс
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Заратуштра туралы мәлімет
Анахарс туралы мәлімет
Пайдаланылған әдебиеттер
Заратуштра-( авест.: Zaraθuštra, тәжікше Зардушт, күрдіше:Zerdeşt}}, парсыша:زرتشت
немесе Зороастр гр. Ζωροάστρης) (шамамен б.з.б. 630/18 – 541/33) - зороастризмнің
(маздеизм) негіздеушісі , адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі,
адамзаттың алғашқы діни және философиялық танымының негізін қалаушы ғұлама,
ақын. Платон оны бақсылардың ұстазы деп санаса, Заратуштраны зерттеуші орыс
ғалымы Л.А. Лелеков: “Гректер өз жүйелерінің Заратуштрадан бастау алатынын
мақтан еткен. Пифагордың өзі тағылар пайғамбарының шәкірті деп жарияланды”, –
дейді.
Заратуштраның туған жері, өскен елі, ілімінің мән-мазмұны мен таралған аймақтары,
кіші “Авеста” кітабындағы жыр үлгілерінің Заратуштраның төл туындысы – гат
қағидаларына қатысы туралы мәселелер ғалымдар арасында қызу пікірталастар
туғызды. Заратуштрашылдықтың киелі кітабы “Авестаның” көне бөлімдерінің бірі
гаттарда мифологиялық образдардың кездесуі Заратуштраның тарихи тұлға екендігін
жоққа шығаруға себеп болса, соңғы кезеңдердегі лингвист., тарихи зерттеулер оның
тарихта болған адам екендігін дәлелдеді. Неміс тарихшысы Э.Мейер (1855 – 1930),
т.б. Батыс Еуропа ғалымдары Заратуштраның тегін Еуропадан шығаруға тырысты.
Заратуштраның туған жері
туралы
Заратуштраның пікірлер
өмір сүрген уақыты туралы нақтылы мәліметтер жоқ. Соған қарамастан гаттарға
сүйене отырып, Заратуштраны өзі өмір сүрген қауымдағы бұрынғы құндылықтардың дағдарысқа
ұшырап, жаңа құндылықтар әлі қалыптаспаған аралық дәуірде өмір сүрген деп тұжырымдауға
болады. Міне, осы кезеңде қоғамға жаңа дүниетанымдық парадигма қажет болды. Бұл парадигма
Заратуштраның өсиет сөздері мен ілімдерінде көрініс тапты. Кейін бұл уақытты неміс философы
К.Ясперс (1883 – 1969) “тарихтағы белдеулік уақыт” деп атады. 20 ғ-дың орта шенінде парсы
ғалымы Капиада, сондай-ақ, орыс шығыстанушысы В.В. Струве (1889 – 1965), т.б. ғалымдар
Заратуштраның Орталық Азия кеңістігінде туып-өскенін дәлелдеді. Ал ағылшын ғалымы,
Лондон университетінің проффессоры Мэри Бойс “Заратуштрашылдар” атты кітабында өзіне
дейінгі зерттеушілердің дәйектерін қорыта келе, Заратуштраның Еділ өзенінің шығыс
беткейіндегі жазық дала төсінде өмір сүргендігі туралы кесімді пікір айтты. Ұзақ уақыт бойы
зерттеушілер Заратуштраның туған жері Батыс Иран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының
басым көпшілігі оның Отаны Шығыс Иран немесе Орталық Азия деп санайды. Ресей
шығыстанушысы В.И. Абаев заратуштрашылдықтың Шығыс Иранда пайда болғанын растай
отырып, Заратуштраның өзі кейінгі сақтар елінен шығуы мүмкін деген болжам жасайды,
Заратуштраның сақтармен туыстық байланысы болғанына күмәнданбайды. Ал
заратуштрашылдықтың Сасани әулеті империясының мемл. дініне айналуы және “Авестаның”
осы уақыттарда хатқа түсуі Заратуштра парсы деуге негіз қалап, оның шын туған жерін анықтау
ісі ұмыт қалды.
Заратуштра ілімі
Тарихи деректердегі Заратуштра Виштаспа сарайына солтүстіктен келді деген мәліметтер Бойстың “Заратуштра
Еділдің шығыс беткейлеріндегі азиялық далада өмір сүрді” деген тұжырымдарына сәйкес келеді. Соңғы ғыл.
пікірлер бойынша, Заратуштра осыдан 3000 жылдай бұрын, Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран
жазығында (қазіргі Батыс Қазақстан аумағы) киіз туырлықты сипаттама ұлысында, Поурушаспа деген малшының
отбасында дүниеге келген. Кез келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді Заратуштра да табиғат құбылыстарына
табынып, бала күнінен адам мен ғаламның, болмыстың сырын ұғуға, абс. ақиқатқа (Жаратушы иеге) жетуге
талпынады. 30 жасқа толған шағында, көктемгі теңесу сәті – Наурызды қарсы алған күннің ертесіне Заратуштра
әлемді жаратушы құдірет иесі – Ахура Мазда құдайға жолығады. Соның шарапатымен Заратуштра ақыл-білімге
кенеліп, жаратушы Жалғыз Иенің ақиқат сөздерін жұртқа тарата бастайды. Бұл: Будданың жер бетіне келуінен –
1000 жыл, Иса пайғамбардың келуінен – 1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Жаратушыдан Құран
Кәрім аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. Заратуштра пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың
рахатына кенелу үшін адамзат баласына “ізгілікті ойға беріл”, “ізгілікті сөз айт” және “ізгілікті іс тындыр” деп
үш шарт қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта дозақтың отына шарпылып, қиямет-қайым күй
кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік пен қанағатшылдық жолына үндеді. Заратуштраның уағыздарын ен
даланы еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады, оның өзін қуғындап, өміріне қауіп төндірді. Еділ бойын
тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия елінің (қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспа
патшаны барып паналайды. Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады. Осылайша
Заратуштра ілімі Бактрия арқылы ежелгі Иранға тарайды (қ Заратуштрашылдық). Арада бірнеше ғасыр өткен соң
Заратуштраның діни-мистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленеді де, “Авеста” деген
атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады (қ. Авеста). Адамзаттың бұл алғашқы ұстаздарының бірін негізге
алып, неміс философы Фридрих Ницше, “Заратуштра осылай деді” атты философиялық толғау жазған.
Анарыс немесе Анахарсис ( скиф. «Αναχαρσις
«жарақаттанбайтын» ana(жоқ)+hvar (жара)»; б.з.б. 605—
545 ж.ш.) — скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және
Кадуита патшаларының інісі. Афиныға Солонның
кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер,
ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі
Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,
Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV
ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис"
деген атпен әлемге танылған. Анарыстың анасы
эллиндік болған.
Анахарс
Қайтыс болған жері:Гилея
Шығармашылығы
Кезең: Антикалық философия
Негізгі қызығушылығы:
этика, саясат, өміртану, логика.
Анахарсис өмірдерегі
Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты
аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған.
Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы,
«Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға
келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал
Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп
шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал
нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып
әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф
патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс
Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып
шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен.
Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың
грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы.
Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның
тілін үйреніп өскен.
Анахарсис қаза табуы
Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және
соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан
жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты
салтанатпен өткізіп жатыр екен. Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп,
денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып,
құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен
соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне
ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі.
Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі.
Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат
рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң,
қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың
діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан
қаза тауыпты.
Соңғы демі үзілерде ол: «Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен
қызғаныштың құрбаны болдым» , — депті.
Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді,
данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты. Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих»
еңбегінде айтылған.
Анахарсистан қалған сөздер
«Ашулы адам көмір секілді: не өртеп жібереді, не күйесін
жағады»
«Өлгендер көп пе, тірілер көп пе деген сұраққа: "Кемедегілерді
қайсыған жатқызамыз" деп жауап берген екен»
«Адамның бойындағы әрі жақсы, әрі жаман нәрсе не деп
сұрағанда: "Тіл" деп жауап берген.»
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ғаламтор желісі
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә.
Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас
редакциясы, 1998
Заратустра / Энциклопедия «Религия»
«Энциклопедия мудрости» – Москва «РООССА»,
2007
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz