Қазақ философиясы - жалпы шолу




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

СӨЖ
Тақырыбы: Заратуштра және Анахарс
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Қазақ философиясы – жалпы шолу
3. Негізгі бөлім
Заратуштра және анахарс – шолу
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ философиясы
Қазақ философиясы - қоғамдық сананың ұлттық
түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері,
адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім,
табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның
жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ
халқының даналық өрісінде дүние мен адам
туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи
қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ
тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан
философияға жақын. Қазақтың даналық ой-
пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Қазақ
философиясы туралы зерттеулер нышаны
егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда
аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік
Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа
айналды. Қазақ философиясының тарихы мен
оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-
зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор
диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми
кітаптар жазылды. Қазақ философиясын
дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі
өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің
қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты
арнасының біріне айналып келеді.
Заратуштра
Заратуштра - (шамамен б.з.б. 630/18 –541/33)
зороастризмнің (маздеизм) негіздеушісі , адамзат
тарихындағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі,
адамзаттың алғашқы діни және философиялық
танымының негізін қалаушы ғұлама,
ақын. Платон оны бақсылардың ұстазы деп санаса,
Заратуштраны зерттеуші орыс ғалымы Л.А. Лелеков:
“Гректер өз жүйелерінің Заратуштрадан бастау
алатынын мақтан еткен. Пифагордың өзі тағылар
пайғамбарының шәкірті деп жарияланды”, – дейді.
Заратуштраның туған жері, өскен елі, ілімінің мән-
мазмұны мен таралған аймақтары, кіші “Авеста”
кітабындағы жыр үлгілерінің Заратуштраның төл
туындысы –гат қағидаларына қатысы туралы
мәселелер ғалымдар арасында қызу пікірталастар
туғызды. Заратуштрашылдықтың киелі кітабы
“Авестаның” көне бөлімдерінің бірі
гаттарда мифологиялық образдардың кездесуі
Заратуштраның тарихи тұлға екендігін жоққа
шығаруға себеп болса, соңғы кезеңдердегі лингвист.,
тарихи зерттеулер оның тарихта болған адам
екендігін дәлелдеді.
Заратуштраның өмір сүрген уақыты туралы нақтылы мәліметтер жоқ. Соған
қарамастан гаттарға сүйене отырып, Заратуштраны өзі өмір сүрген қауымдағы
бұрынғы құндылықтардың дағдарысқа ұшырап, жаңа құндылықтар әлі
қалыптаспаған аралық дәуірде өмір сүрген деп тұжырымдауға болады. Міне, осы
кезеңде қоғамға жаңа дүниетанымдық парадигма қажет болды. Бұл парадигма
Заратуштраның өсиет сөздері мен ілімдерінде көрініс тапты. Кейін бұл
уақытты неміс философы К.Ясперс (1883 – 1969) “тарихтағы белдеулік уақыт” деп
атады. 20 ғ-дың орта шенінде парсы ғалымы Капиада, сондай-ақ, орыс
шығыстанушысы В.В. Струве (1889 – 1965), т.б. ғалымдар Заратуштраның
Орталық Азия кеңістігінде туып-өскенін дәлелдеді. Ал ағылшын ғалымы, Лондон
университетінің проффессоры Мэри Бойс “Заратуштрашылдар” атты кітабында
өзіне дейінгі зерттеушілердің дәйектерін қорыта келе, Заратуштраның Еділ
өзенінің шығыс беткейіндегі жазық дала төсінде өмір сүргендігі туралы кесімді
пікір айтты. Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер Заратуштраның туған жері Батыс
Иран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі оның
Отаны Шығыс Иран немесе Орталық Азия деп санайды. Ресей
шығыстанушысы В.И. Абаев заратуштрашылдықтың Шығыс Иранда пайда
болғанын растай отырып, Заратуштраның өзі кейінгі сақтар елінен шығуы
мүмкін деген болжам жасайды, Заратуштраның сақтармен туыстық байланысы
болғанына күмәнданбайды.
Тарихи деректердегі Заратуштра Виштаспа
сарайына солтүстіктен келді деген мәліметтер
Бойстың “Заратуштра Еділдің шығыс
беткейлеріндегі азиялық далада өмір сүрді”
деген тұжырымдарына сәйкес келеді. Соңғы
ғыл. пікірлер бойынша, Заратуштра осыдан
3000 жылдай бұрын, Еділ өзенінің шығыс
жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі
Батыс Қазақстан аумағы) киіз туырлықты
сипаттама ұлысында, Поурушаспа деген
малшының отбасында дүниеге келген. Кез
келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді
Заратуштра да табиғат құбылыстарына
табынып, бала күнінен адам мен ғаламның,
болмыстың сырын ұғуға, абс. ақиқатқа
(Жаратушы иеге) жетуге талпынады. 30 жасқа
толған шағында, көктемгі теңесу сәті –
Наурызды қарсы алған күннің ертесіне
Заратуштра әлемді жаратушы құдірет иесі –
Ахура Мазда құдайға жолығады. Соның
шарапатымен Заратуштра ақыл-білімге
кенеліп, жаратушы Жалғыз Иенің ақиқат
сөздерін жұртқа тарата бастайды.
Бұл: Будданың жер бетіне келуінен – 1000 жыл, Иса пайғамбардың келуінен –
1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Жаратушыдан Құран
Кәрім аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. Заратуштра
пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың рахатына кенелу үшін адамзат баласына
“ізгілікті ойға беріл”, “ізгілікті сөз айт” және “ізгілікті іс тындыр” деп үш шарт
қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта дозақтың отына
шарпылып, қиямет-қайым күй кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік
пен қанағатшылдық жолына үндеді. Заратуштраның уағыздарын ен даланы
еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады, оның өзін қуғындап, өміріне
қауіп төндірді. Еділ бойын тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия елінің
(қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспа патшаны барып
паналайды. Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады.
Осылайша Заратуштра ілімі Бактрия арқылы ежелгі Иранға тарайды
(қ Заратуштрашылдық). Арада бірнеше ғасыр өткен соң Заратуштраның діни-
мистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленеді де, “Авеста”
деген атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады (қ. Авеста). Адамзаттың бұл
алғашқы ұстаздарының бірін негізге алып, неміс философы Фридрих Ницше,
“Заратуштра осылай деді” атты философиялық толғау жазған.
Анахарс
Анарыс немесе Анахарсис б.з.б. 605—
545 ж.ш.) — скиф, Гнур патшасының
ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының
інісі. Афиныға Солонның кезінде келіп,
Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер,
ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген
Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы
шыққан. Анахарсис біздің заманымыздан
бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген.
Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен
әлемге танылған. Анарыстың анасы эллиндік
болған. Анахарсис: шамамен жыл
қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары
өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала
данышпанының нақты өмірбаяны туралы
деректер сақталмаған. Тек Диогеннің
мәліметі бойынша, ол шамамен біздің
дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт
Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші
Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға
келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан
бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі
Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен
қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен
ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны
сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде
Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты.
Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп
біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины
қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді.
Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер,
ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын. Тоқсары мен Анақарыстың
достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125
жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны
өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен
баяндап берген. Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның
көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның,
Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің
дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін.
Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен
ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ
мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа,
тапқырлыққа жасынан баулыған.
Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді
аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға
қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер
осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен.
Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда
осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық
шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен
соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың
орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін
толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды
тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып,
оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан
жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол
салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың
діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз
бауырының қолынан қаза тауыпты. Соңғы демі үзілерде ол: «Эллада жерінде ақылым
мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаныштың құрбаны болдым» , — депті. Ол
ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп
өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты. Анахарсис
жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. www.wikipedia.kz – желісінен
2. Анахарсис (Анарыс) (б.з.б.VI ғ., 605–545 ж.ш.)
3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә.
Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
4. Заратустра / Энциклопедия «Религия»
5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. —
Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІ ФИЛОСОФИЯСЫ
Қараүлек айтқан жоқтау - қазақ жоқтауының классикалық үлгісі
Лев Толстойдың философиясы
Сократ философиясы
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
Кантқа дейін тіпті философияда субъект
Неміс философиясы
Қазақ философиясының өкілдері
Қытай эстетикасы мәселелері
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Пәндер