Қазақ философиясының төл тарихы


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақ ақын-жырау философиясы ( XV-XVIII ғ. ғ )

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

Қазақ философиясы

II. Негізгі бөлім

Қазақ ақын-жырау философиясы ( XV-XVIII ғ. ғ )

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Slide 3 Slide 4

Қазақ философиясы

Қазақ Философиясы - қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т. б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады.

Slide 5 Slide 6

Қазақ ақын-жырау философиясы

XV-XVIII ғ. ғ. қазақ философиясының ерекшелігі:

ақын -жыраулар философиясы;

би -шешендер философиясы;

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі философиялық ойлар;

Қазақ ақындық шығармашылығының үш кезеңі:

Жыраулық кезең (XV-XVIII ғ. бірінші жартысы) ;

Ақын шығармашылық кезеңі (XVIII-XIX ғ. басы) ;

Ақын өлеңші, айтыс өнері кезеңі (XIX-XX ғ. басы) .

Slide 7

XV-XVIII ғғ. Қазақ философиясының өкілдері:

Асан Қайғы Сәбитұлы,

Қазтуған жырау Сүйіншіұлы,

Шалкиіз Тіленшіұлы,

Доспанбет жырау,

Жиембет жырау Бортоғашұлы,

Ақтамберді жырау,

Мұхаммед Қайдар Дулати,

Қадырғали Жалаири,

Төле би Әлібекұлы,

Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлы,

Әйтеке би Бәйбекұлы,

Бұқар жырау Қалқаманұлы,

Шал ақын - Тілеуке Құлекеұлы.

Slide 8

Жиембет жырау

Доспамбет жырау

Бұқар жырау

Қазтуған жырау

Slide 9 Slide 10

Қазақ философиясының төл тарихы

Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады.

Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды.

Slide 11

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы- мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы - ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығы-ның айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған - болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар.

Қызметі

мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ

Азаматтығы

Қазақ хандығы, Ноғай ордасы, Алтын Орда

Ұлты

ноғайлы-қазақ-Алтын Орда

Slide 12

Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды.

Slide 13

Асан қайғы Сәбитұлы- қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы». Ел қамын жеп қайғы -қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қойылып аңыздалып кеткен. Оның ойынша жер үстінде, адамзат түіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - «Жер ұйық».

Қадырғали би Қосымұлы Жалаири - қазақ ғұлама ғалымы, биі, ойшылы. «Жамиғат тауарих», «Жылнамалар жинағы» тарихи -шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мәшһүр болған. «Ойлап айтқан сөз де, ойнап айтқан сөзде оралмайды» - деген Қадырғали.

Бұқар жырау Қалқаманұлы -қазақ халұының рухани тарихындағы ең үлкен ойшылдардың бірі. Ол адам табиғаты, өмірі, тіршілік мәні, оның өтпелі болмысы, уақыт өлшемі, дәуір сыры, әлем мен болмыс туралы ойлар толғандырды.

Шал ақын - Тілеуке Тілеукеұлы қазақтың атақты ақыны, ойшылы, философы. Оның негізгі тақырыбы - адам өмірі мен оның мәні, мораль, этика, дін.

Slide 14

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті - 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) - қазақтың төкпе ақыны. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана. Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды.

Шал ақынның бірнеше шығармасын, Қазақстаннан тыс жерде Хасен Шаяхметұлы Ғали атты түркi халықтарының тiлi мен әдебиетiнiң бiлгiрi, үлкен ғалым XX-ғасырдың басында жазып алған, оның қолжазбасы Қазан университетінің Н. Лабочевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Шал ақынның шығармалары негізінен 1960 жылдан басылып шыға бастады, сол кездері оның шығармалары туралы ғылыми-зерттеу мақалалары да жарияланды. «ХVІІ-ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1985) басылымдарының алғы сөздерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор И. Дүйсенбаев Шал ақынның шығармаларын Бұхар жырау, Тәттіқара, Ақтамберді есімдерімен қатар қояды. Шал ақынның мұраларын әдебиеттанушылар - Х. Сүйеншәлиев, М. Мағауин, Г. Абетов, Ш. Елеукенов, Ә. Дербісәлин, Ө. Күмісбаев, тағы басқалар зерттеген.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
Қазақ бітім - болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мəдениеттің тарихи типі
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ
Өмірдің мәнін негізгі тақырып етіп ұстанған ойшылдар
Түркі дәуірі ойшылдарының нақыл сөздері
Классикалық неміс
Қазақ философиясының өкілдері
Ислам философиясының маңыздылығы жайлы
Қазіргі заман қазақ философиясы
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz