Лев Толстойдың философиясы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
СРО
Л.ТОЛСТОЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Жоспары
1. Философия деген не?
2. Л.Н.Толстой өмірбаяны
3. Л.Толстой философиясы
4. Дінге деген көзқарасы
5. Нақыл сөздері
Философия деген не?
Пәлсапа немесе философия — адамзат
баласының сонау ықылым заманнан
басталған білімі, қоғамдық сананың
формасы, болмыс пен танымның жалпы
заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген
адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл,
білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер
бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне,
осы іспеттес мәселелер философия пәнінің
негізгі қарастыратын бөлімдері болып
табылады. Философия сөзі грек тілінен
аударғанда - даналыққа деген махаббат
мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі
Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір
уақытта пайда болады. Мәліметтерге
сүйенсек, «философия» терминін алғаш
қолданған Антика дәуірінің атақты
пәлсапашысы (философы) және математигі
Пифагор.
Л.Н.Толстой өмірбаяны
Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой
Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның
басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі
үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен.
Толстойдың жанұясында 13 бала туған. Оның бесеуі бала
кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған.
Яғни, олар шаңырақ көтергенде Софья 18-де, граф 34-те
еді. 1830 жыл - қызы Марияны босану барысында
анасының өлімі. 1837 жыл, қаңтар - Толстой отбасының
Мәскеуге көшуі. 1837 жыл, маусым - әкесінің кенеттен
қайтыс болуы.
Лев Толстойдың философиясы
Лев Толстой танымалдылықты және өзінің көрнекті шығармаларына арқау
болуды ұнатпаған. Ол 1871 жылы Фетке жазған хатында былай деген:
"Соғыс" секілді түкке тұрғысыз көп сөзді дүниелерді енді
жазбайтындығыма бақыттымын...".
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің
шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі
мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің
соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-
мәселе — адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Толстой өзіне, өзі
арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша
жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және
философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек
тексерілетін еңбектердің бірі — «Исповедь» («Жан сыры» немесе «Тәубе»,
еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің
ортағасырлық ойшыл Августин Аврелийдің «Исповедь Блаженного
Августина, епископа Гиппонского» еңбегінің ізімен жазылғаны күмән
тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы
сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы
бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді.
Дінге деген көзқарасы
Мысырлық дінбасы Мұхаммед Абдуллаға 1904 жылы жазған хатында:
“Менің насихаттап жүрген дінім- сіздің дініңізбен бірдей. Ол діннің ұстанған
шарты- Құдай мен оның жолдаған заңдарын мойындау, жақыныңды сүю,
өзіңе қандай жақсылықтың жасалуын тілесең, өзгеге де соны жасау. Менің
ойымша адамзат тарихындағы барлық діни принциптер осыдан келіп
шығады. Сондықтан ол принциптер еврейлер, браминдер, буддашылар,
христиандар мен мұсылмандарға бірдей қатысты”,-деп жазған екен. Осылай
дей келіп ұлы жазушы Лев Толстой ойын одан әрі былайша сабақтайды:
”Менің ойымша, дінге толып жатқан қосымшалар, ғажайып сипаттамалар,
ырымшылдық атаулы көбірек таңылған сайын, ол қоспалар адамдарды бір-
бірінен алшақтатып, тіпті бір-біріне деген дұшпандық сезімін туындатады.
Ал керісінше неғұрлым әлгіндей қоспалардан арылып, тазарған сайын ол
діндер адам баласының ең басты мақсатына, яғни адамзаттық бірігуге сол
ғұрлым жақындай түсер еді...”,-деп жазған екен.
Осы хат жазылардан 3 жыл бұрын, яғни 1901 жылдың 20 ақпанында
“Церковные ведомости” газетінде Синодтың жазушы Лев Толстойды
шіркеуден аластау жөніндегі шешімі жарияланып және осы шешім Ресейдің
барлық шіркеулерінде келушілерге хабарланған еді.
Нақыл сөздері
Әр пенде адамзатты өзгерткісі келеді. Бірақ ешбірі өзін өзгертуге
құлшынбайды.
Күте білетін жанға бақ қонады.
Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды. Ал, бақытсыздарының
тарихы әрқилы.
Мықты адамдар әдетте өте қарапайым келеді.
Әркім өзінің есігінің алдын сыпырсын. Бәрі сөйтетін болса, сонда көше
тап-таза болмақ. \
Махаббатсыз өмір сүрген жеңіл. Бірақ сезімсіз өмірдің мәні жоқ.
Өзім сүйетін нәрсенің бәрі уысыма түспеді. Бірақ қолда бардың бәрін
жақсы көрем.
Әлем қайғыра білетіндердің арқасында алға жылжып келеді.
Ұлы ақиқаттың бәрі қарапайым.
Көп білу мақсат емес. Маңыздысы – ең керегін екшей білу.
Жадысы нашар болғандықтан арым таза дейтін адамдар болып тұрады.
АЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz