Орыстың діни философиясы




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Орыс философиясындағы батысшылдар, славянофилдер мен
ортодоксалды монархия бағыттары
Мазмұны

•Орыс философиясының ерекшеліктері
•Орыстың діни физиологиясы
•Орыс философиясы - әлемдік мәдениеттің
ажырамас бөлігі
•Орыс философтары еңбектеріндегі еуразияшылдық
идеялар
•Дереккөздер
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өмірі ғана емес, мамандардың шағын ғана
тобының нәтижесінде ғана емес, ол ұлттық рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет
туындыларынан көрінетін оның интелектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және
тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның
ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің
ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну
үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен
көзге түседі. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі XI-XVII ғасырлар, өзінің
пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ
сонымен қатар оның тілтумалығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда
болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған хрестиандыру үдерісімен байланысты
болады. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славиандық патша табынушылық
дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан,
хрестиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик
философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас
Ресейге шығыстық християндық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етеді.
Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами
отырып, христиандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ерте болгар
дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл
мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.
Философиялық білім дүниетанымдық функция мен қатар данышпандық қызметті де атқарады,
ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда шоғырланғандықтан, бұл философиялық
ілімнің сипатына өз әсерін тигізді.
Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой хрестиандық принципіне негізделді.
Орыс философиясының ерекшеліктері
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін
негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының
өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-
қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл
тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық
мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша Ресей Еуропаның даму жолына
барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық–саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды.
Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойына екі
бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рол атқарды. Өзінің
көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында« баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны
Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «ғаламдық миссиясында"
деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славианофильдіктің де, батысшылықтың да негізін қалаушы болып табылады.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері
қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен
В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Батысшылдар Ресейдің «Еуропаланды ру» идеясын
насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропада бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың
ішінде зкономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды
мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып
табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық идеясын негіздеді. Бұл бағыттан діни орыс
философиясы өсіп шықты.
Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды.
Славянофильдердің айтуынша «соборшылдықты» православиелік «шіркеулік қорғаудағылар», яғни
православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» ғана православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер
мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды.
Жоғарыда аталғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші ролін бекіту болып табылады.
Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.
Орыстың діни философиясы

Діни философиякомунистік идеология үстемдігі жағдайында кеңістік философияда біржақты түсіндіріліп
келген XX ғасыр басындағы орыс мәдениетінің аса маңызды бөлігі.
Философияның міндеті барынша кем, ал оларды шешу қабілеті адамда сонша кемшін дамыған,
философия бүгінгі күндері математика немесе физика сияқты ғылымдармен салыстырғанда төменгі
деңгейде дамыған. Мұны философия тарихындағы бір-біріне қарама-қарсы көптеген философиялық
мектептер бар екендігі туралы дәлел айғақтайды. Бүгінгі күндері әр түрлі мектептер мен бағыттар жалпы
мақсатқа – ақиқатқа жету барысында өзара түпкі келісімдердің табуға тырысуда. Орыстың діни
философиясының да ақиқатты өзіндік түсінуі мен оған деген өз жолы болды. XX ғасырдың бас кезіндегі
қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері –
Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің т.б. ойшылдардың есімі әлемге әйгілі
болды. Олардың шығармашылығына xix ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар, әр түрлі
мистикалық және пессимистік көңіл күйлерге толлы сол дәстурдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.
Орыстың діни философиясындағы бүтіндік танымға ұмтылу мен нақтылықты терең сезіну сезімдік
тәжірибенің барлық әр алуандығымен қатар, болмыс құрылысына терең енуге мүмкіндік беретін
тылсымдық тәжірибеге де сенумен тығыз үйлеседі. Орыстың діншіл философтары жоғары құндылықты
бізге ашып беретін адамгершілік және эстетикалық тәжірибелерге, интелектуалдық интуицияға сенумен
қатар, ең алдымен адамның құдаймен және оның патшалығымен байланыс орнату да мүмкіндік беретін
мистикалық діни тәжірибеге де сенеді. Орыс философтарының пікірінше, философияның басты міндеті
тәжірибенің барлық алуан түріне сүйенетін бүтін тұтастық ретінде әлем туралы теорияны жасап шығару
болып табылады. Бұл мәселені шешуде діни тәжірибе бізде ең маңызды мәліметтерді шеше алады. Тек
сонын арқасында ғана біз өзіміздің дүниетанымызды барынша толықтырып, ғаламдық өмір сүрудің құпия
мәнін аша аламыз. Жоғарыда ескерілгендей, орыс философиялық ойының басты ерекшеліктерінің бірі –
бұл Киев Русі дәуірінен-ақ басталған хрестиандандыру үрдісімен тығыз байланысты оның діни сипаттағы
бағыты. Онан әрі қарай бұл «Москва - үшінші Рим» теориясында дами түсті.
XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы орыстың діни философиясы философиялық
жүйелердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл дәуір ойшылдарына Н.Ф.Федеровты, Б.Н.Чичеринді,
М.О.Лосскийді жатқызуға болады. Бұл дәуір филисофиясының сипаттамалық ерекшеліктері оның
гуманизмі және діни сипатта болады. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшеліктері – жаратылыстың дамуымен
байланыс орыс механизмінің пайда болуы.
Орыс философиясы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі
Орыс философиясы - бұл әлемдік мәдениеттін ажырамас бөлігі.
Философиялық таным үшін де, жалпы мәдени даму үшін де оның
маңызы осында. Бұл XIX және XX ғасырлар арасындағы орыс
философиясының ерекшеліктері түбірі орыс дәстүрлері негізінде әуел
бастан Ресей дамуының тілтумалығы идеясын жариялаумен
сипатталады. Орыс философиясының тағы бір сипаты оның Ресей
тілтумалығын «орыс идеясы» арқылы көрсетуінде, яғни бүкіл хрестиян
әлемін православие негізінде біріктіруге тиіс Ресейдің ерекше
мессияндық ролін жариялау арқылы білдіруінде болды. Басқаша
айтқанда, орыс философиясы өз ерекшелігінің алғышарты ретінде,
оның діни бастауы ретінде тілтумалық идеясын дамытты.
Орыс философтары еңбектеріндегі еуразияшылдық идеялар\

Ресей батыстың типтегі де, шығыстың типтегі де әр түрлі халықтарды біріктіретін орасан зор
кеңістікте орналасқан. Орыс тарихының әуел бастан-ақ оның көршілері үлкен рол атқарады.
Сондықтан да ең алғашқы үлкен тарихи еңбек XI ғасырдағы «Жылдар жылнамасы» Русь туралы
әңгімені көршілерінен бастайды. Солтүстігінде скандинав халықтары – варягтар орналасқан. Русьтің
оңтүстігінде қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін орналасқан гректер қоныстанды. Сонымен
қатар құрамында хрестиандар да, иудейлер де, мұсылмандар болған жекеленген халықтар
жиынтығы - хазарлар көршілес қоныстанды.
Орыс философиясы өзінің мазмұны жағынан универсалды, ол әр түрлі тақырыптарды
зерттейді.Әлеуметтік жұмыстың әртектілігі, қайшылықтылығы әлеуметтік-саяси мәселелерге деген
қызығушылықты туғызды. Орыс философиясы әлеуметтік– философиялық мәселелермен қатар, өз
елінің тағдыры мәселесімен де айналысады. Бұл тақырыпта деген қызығушылық XIX ғасырдың
соңы мен XX ғасырдың басында Ресейде әлеуметтік ахуалдық аса шиеленісуімен байланысты өсе
түсті. Еуразиялық мектеп өкілдері қатарына эмиграциялық алғашқы толқынындағы талантты
әдебиетшілердің, философтардың, публистердің, экономистердің бүтіндей тобы кіреді.Олардың
арасындағы белгілері – географ П.Н.Савицкий, философ Л.П.Карсавин, филолоф Л.П.Карсаван,
филолог және мәдениеттанушы Н.С.Трубецкой, тарихшы Г.В.Вернадский, музыканттанушы және
өнертанушы П.П.Сувчинский, діни философтар публицистер-Г.В.Флоровский, В.Н.Ильин, сыншылар
мен мәдениеттанушылар А.В.Кожевников, батыстанушы Н.Н.Алекеев, шығыстанушы В.П.Никитин,
жазушы В.Н.Иванов, экономис Я.Д.Садовский. Еуразияшылдық София да, Берлин де емес,
Ресейде революцияға дейін пайда болды. Бұл «алты еуразияшылдық» кезең еуразияшылдардық
алдынғы буыны Г.Вернадскийдің, Л.Карсавиннің, Н.Трубецкойдың ғылыми істерімен байланысты
болды. Кейінгі буын – П.Савицкий, Г.Флоровский кейінірек эмиграцияда қосылды. Тарихи уақыт
шеңберінде Пушкин мен Илья Муромец бейнелері орыстылық, орыс рухын бірдей білдіре алады.
Орыс идеясы XIX ғасыр әдебиеті сияқты құбылысты тудырып, әлемді таң қалдырады. Пушкин
туралы Гоголь былай дейді: "Өз дамуындағы орыс адамы. Онда орыс табиғаты, орыс тілі, орыс
мінезі... өзінің мінсіз таза сұлулығында көрінеді.
Дереккөздер

Ғабитов Т.Х. Философия оқулық. Алматы 2002 жыл
Сыдықов Қ. Философия Алматы 2001 жыл.
Кішібеков Д. Философия Алматы 1998 жыл.
Тұрғынбаев қ. Философия Алматы 2001 жыл

Ұқсас жұмыстар
Чаадаевтің орыс тарихи либералдық материализмі
Славянофиндер философиясы
Орыс философиясы
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
Орыс философиясындағы батысшылдар, славянофилдер мен ортодоксалды монархия бағыттары
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ
Аралығындағы орыс философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер