ХІХ-ХХ ғасыр басындағы орыс философиясындағы батысшыл, славянофил және ортодоксалды-монархиялық бағыттар


Slide 1

Орыс философиясындағы батысшылдар, славянофилдер мен ортодоксалды монархия бағыттары

Slide 2

Жоспары:

I Кіріспе

ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясына жалпы сипаттама.

II Негізгі бөлім

Батысшылдар және словянофилдер

Қорытынды

Ортодоксалды монархия бағыттары

Slide 3

ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясына жалпы сипаттама.

Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өмірі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесінде ғана емес, ол ұлттық рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интелектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады.

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі XI-XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның тілтумалығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған хрестиандыру үдерісімен байланысты болады. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славиандық патша табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, хрестиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық християндық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етеді. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ерте болгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.

Философиялық білім дүниетанымдық функция мен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді.

Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой хрестиандық принципіне негізделді.

Slide 4

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.

Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойына екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П. Я. Чаадаев (1794-1856) үлкен рол атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында« баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «ғаламдық миссиясында" деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славианофильдіктің де, батысшылықтың да негізін қалаушы болып табылады.

Батысшылдар және словянофилдер

Slide 5

Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді) . Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.

Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие. И. В. Киреевский, К. Аксаков, В. С. Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек. Марксизм

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
ХIХ-ХХ ғғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер: негізгі бағыттар, төңкерісшіл идеялар және декабристік жобалар
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы және әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы (1900-1930 жж.)
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты және этнодемографиялық өзгерістер
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы мен дамуы (1900-1930 жж.)
ХХ ғасыр басындағы әлем: аумақтық бөліну мен мемлекеттердің саяси құрылымы
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси және рухани элитасы
ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс философиясы: славяншылдық пен батысшылдық бағыттары және негізгі ойшылдар
ХХ ғасыр басындағы Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық жағдай және тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
Орыс философиясы: батысшылдық, славянофильдік және православиялық монархиялық бағыттардың тарихи-идеологиялық талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz