Орыс философиясының қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі ағымдары




Презентация қосу
СРО
Тақырыбы:Орыс христиан философиясы
ЖОСПАР
• Орыс философиясының қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі
ағымдары
• Христиан діні
• Православие діні
• Неоплатонизм
• Орыс философия
• Пайдаланылған әдебиеттер
• Орыс халқының философиялық
ойлары - әлемдік философия мен
мәдениеттің органикалық бөлігі.
Орыс философиясы Батыс
Еуропалық мәселелерді
қарастырады, бірақ оның
ерекшелігі ─ ойлау тәсілінің
ұлттық сипатында болып отыр.
• Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз
аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós)
ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі'помазанный' - қазақша 'басты
уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен
Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін [1] .
• Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан.[2][3]
[4][5][6][7]
Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және
Көне өсиеттеайтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді.
Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
• Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған
экумендік сенімдерді негізге алады.
ӘУЛИЕЛЕР
ХРИСТИАНДЫҚТЫҢ ӘЛЕМДЕ ТАРАЛУЫ
СЕНІМДЕРІ
• Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір
пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі
болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін
айтады. Аса көп таралған тармақтары -
католицизм, православтық және протестантизм
• Православие діні - ежелгі орыс философиясының
фундаменті. Христиан дінін орыс халқының 988 жылы
қабылдауы, оның дамуының жаңа кезеңі болды. Ол кездегі
ойшылардан, христан діні теоцентрлік көзқарасты талап
етті. Орыс философиясы «Византиялық» философияның
әсерімен дами бастады. Онда неоплатондық теоцентрлік
мәселе басым болды.
• Неоплатонизм – идеалистік ағым, оның мақсаты - Платон ілімін қатаң жүйелеу, ондағы
қайшылықты жою және оны ары қарай дамыту. Платонның идеалистік теориялары
неоплатонизмде мистикалық эманация (сәуле шашу, өту) туралы ілім формасында
қабылданды. Материя әлемдік иерархияның төменгі буыны, «әлемдік жанның»
эманациясы, олардан «рух» - жоғары тұрады, ал «алғашқы жаратылыс» немесе
біртұтастық тіпті бәрінен де биік болмақ. Неоплатонизм бойынша философияның ең
жоғарғы сатысында ақыл-ой, оған тәжірибенің көмегімен емес, мистикалық экстаздың
арқасында ғана жетуге болады. Бұл философияда идеализм - теософияға айналады.
Теософия (гр theos - құдай және sophia - даналық білім; сөзбе-сөз ─ құдайтану) - кейде
теологиямен, кейде мистикалық, дінтанудан тыс формалармен теңесетін ұғым. ІХ-XVIII
ғасырлардың бірінші жартысы - философиялық мәселелер мен басқа да қоғамдық сана
сұрақтарына, әсіресе діни және эстетикалық тұрғыдан жауап іздеу кезеңі (Илларион,
Андрей Рублев, Феофан Грек, Владимир Монамах). XVIII ғасырдың екінші жартысы – ХІХ
ғасырдың бірінші ширегі - россиядағы философияның тарауы және ғылым мен
мәдениетті ұғыну, әрі, Батыс Еуропаның философиялық ойы мен ағымдарына еліктеу
мәнінде жүрді. ХІХ ғасырдың екінші ширегі - ХХ ғ. басында Орыс философиясының өз
дамуы басталды. Орыс философиясының Кеңестік кезеңі ─ марксистік болды.
• Илларион Киевский (ІХ ғ) - бірінші орыс Метрополиті. Оны Ярослав Мудрый
тағайындады. Оның «Слово о Законе и Благодати» атты еңбегінде біраз
философиялық және қоғамдық-саяси идеялар бар, ол Христиан дінінің негізгі
түсінігін қарастырады. Илларион Көне өсиеттік қағидадағы құқықты ереженің
мәнін ұғынуды ұсынады: құпияны, мәңгілікті білмей, бармен көңіл көтеру ─ аз
нәтиже береді, құлдықты тудырады дейді. Евангелияда (інжіл) ақиқат игіліктен
ажырмай, бүкіл адамзатты құтқарады, Көне өсиеттік Жаңа өсиеттікке ауысып,
құлдық бостандыққа жетеді делінген. Адамзат тарихы дамуының мәні осында.
Владимир Мономахтың негізгі шығармасы ─ «Поучения» (оқыту). Онда өзіне тән
философия, моральдық-өнегелік кодекс, келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселелері бар.
Орыс жері, оның тағдыры, елді біріктіру, қорғау мақсаты, жақсылық пен зұлымдық
тақырыптары қарастырлады.
• М. В Ломоносов. (1711-1765 жж.). Ең алғашқы орыс ғалым, Батыс Еуропалық рухани
беделдерден өзін іштей тәуелсіз санаған.Ол орыс философиясындағы материалистік
дәстүрді қалады. Материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосыла келе
молекуланы құрайды, материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз
қозғалыста болатынын атап көрсетті. Корпускуляр теориясы заттардың
құрылымын қарастырады, барлық заттар мен материя ең ұсақ бөлшектерден ─
корпускулярдан, яғни атомдардан, материалдық монадан тұрады дейді. Танымдық
ойлары: құбылыстар мен заттар сезім мүшелері арқылы қабылданады. Ол ой жүзінде
талданып, қорытындылау барысында танылып іске асады. Ломоносов
экспериментке, тәжірибеге, теориялық ойлауға үлкен мән берген. Әлеуметтік өмірде
ағартушылық, гуманистік көзқараста болды. Ломоносовтың құдайға қатысы - деизм.
Ол бір жағынан, Құдайдың бар екенін жоққа шығармайды, ал, екінші жағынан, ең
жоғарғы күшті және мүмкіндікті оған ғана тән деп санамайды. Сондықтан ол діннің
ғылымға араласпауын талап етті.
• П. Я. Чаадаев(1794-1856) орыс философиясының қалыптасуының басында тұрды. 1836 жылы
«Телескоп» журналында өзінің философиялық хаттарын жариялай бастады. Онда ұлттың рухани
дүниесі үшін православиеге қарағанда, католицизмнің маңызды екенін көрсетеді. Түкке тұрмайтын
Византияға тәуелді болу, өркениетті Еуропадан бөліп тастады дейді. Оның пікірінше, адам
материалдық және рухани субстанцияның қосындысы. Адам туған күнінен бастап өлгенге дейін
ұжымда, қоғамда болғандықтан ғана тұлға, кісі болып қалыптасады. Ұжымдық сана толық түрде
жеке тұлғалық ерекшелікті, субъективтілікті анықтайды. Ұжымдағы өмір - адамды хайуаннан
ажыратын негізгі фактор. Ол индивидуализмге, эгоизмге қарсы болды. Жеке бастың пайдасын
қоғамдық мүдеге қарсы қойды. Тарихи процестің негізінде Құдайдың көрегендігі жатыр. Дінді -
Құдайдың еркін христиан діні іске асырады, ол тарихтың қозғаушы өзегі болып саналады. Тарихқа,
мемлекетке және жеке адамның тағдырына әсер ететін негізгі фактор ─ географиялық жағдай.
Жеке патшалық зұлымдығы - орталық өкіметтің диктаты, басыбайлылық. Құқық бұзылуының негізгі
себебі: басқа елдерге қарағанда ұлан- байтақ шексіз жерінің болуы. Ресей дүниежүзілік тарихи
процестен шығып қалды, оның келешектегі мақсаты - дүниежүзілік тарихи өріске оралу, батыстық
құндылықты игеру. Бұл ойлар: «славянфильдер» және «батыстық» болып бөлінуге алып келді.
• Славянофильдер ағымының өкілдері И. В. Киреевский,
ағайынды Аксаковтар, А. С. Хомяков, т. б. болды. Олар
мәдениетің үш негізгі бастамасын мақұлдады:
• 1. Православие, 2. Монархия, 3. Шаруа қауымы.
• Православие бірыңғай «тұтастық білім» және жанның
үйлесімдік жағдайының негізі - дейді А.С. Хомяков (1817-1860).
Православие – бостандық пен қажеттілікті, жеке бастың
діншілділігін шіркеу ұйымдарымен табиғи түрде
байланыстырады. Адам өмірінің бұл жақтарын табиғи
үйлестіру «Соборность» түсінігін тудырады. «Соборность» -
жеке адамдардың шіркеуде өз еріктерімен бір-бірімен бірігуін
білдіретін православиялық діни ілім және діни-философиялық
термин. Славянофильдер: соборность - православие шіркеуінің
шеңберінде өмір сүретіндер үшін түсінікті және солар ғана оны
игере алады, бейімделмегендер мұны түсінбейді дейді .
• Монархия– мемлекеттік құрылыстың идеалдық
түрі. К.С.Аксаков (1817-60 жж.). Орыс халқы Батыстық
«Мемлекеттік» болуды қаламайды. Ештемеден
қымсынбайтын монархия орыс халқын саяси және
құқықтық қатынастан, сонымен бірге «революциялық
зорлықтан» қорғайды. Өкімет халықтың ішкі өміріне,
әдет-ғұрыпқа және тұрмысына араласпауы керек деп
санайды. «Әлемдік рухани өмір», «бір-біріне араласпау»,
принципінің қайта өркендеуі, Аксаковтың ойынша, орыс
қоғамының келешегі мен тұрақтылығының кепілдемесі.
• Шаруалар қауымы - «бірыңғай өнегелік әлем» ретінде. Славянофильдер
консерваторлар немесе утопистер болған жоқ. Христиан діні
позициясынан басыбайлылықты айыптады, адам адамның құлы бола
алмайды дейді. Сонымен бірге, шаруа қауымын дворяндардың
қамқорлығынан ажыратса, іріп-шіріген бюрократиялық өкіметтің
езушілігіне тап болады дейді. Оны қорғау қиын. Қауымның қирауы - орыс
мәдениет бастауының ең бір негізінің құлауы деп есептеді.
Славянофильдер орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, олай
болатын болса, Ресей патриархалдық жағдайда болуы керек деп,
философияның немістік типін жоққа шығарып, отандық ерекше орыс
философиясын жасауды ұсынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Christianity's status as monotheistic is affirmed in, amongst other sources, the Catholic Encyclopedia (article "
Monotheism"); William F. Albright, From the Stone Age to Christianity; H. Richard Niebuhr; About.com,
Monotheistic Religion resources; Kirsch, God Against the Gods; Woodhead, An Introduction to Christianity;
The Columbia Electronic Encyclopedia Monotheism; The New Dictionary of Cultural Literacy, monotheism; New
Dictionary of Theology, Paul, pp. 496–99; Meconi. "Pagan Monotheism in Late Antiquity". p. 111f.
• ↑ Hinnells, The Routledge Companion to the Study of Religion, p. 441.
• ↑ Zoll, Rachel. Study: Christian population shifts from Europe (желтоқсан 19, 2011). Тексерілді 25 ақпанның
2012.
• ↑ 33.2% of 6.7 billion world population (under the section 'People') World. CIA world facts.
• ↑ The List: The World's Fastest-Growing Religions. foreignpolicy.com (наурыз 2007). Тексерілді, 4 қаңтар
2010.
• ↑ Major Religions Ranked by Size. Adherents.com. Тексерілді, 5 мамыр 2009.
• ↑ ANALYSIS желтоқсан 19, 2011 Global Christianity. Pewforum.org (19 желтоқсан 2011). Тексерілді, 17
тамыз 2012.
• ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Ұқсас жұмыстар
Орыс философиясы
Орыстың діни философиясы
Аралығындағы орыс философиясы
Славянофиндер философиясы
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
Өмір философиясы
ШПЕНГЛЕР ОСФАЛЬД ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ғылымныӊ пайда болуының негізгі кезеңдері
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Грек философиясының ерекшелігі
Пәндер