Шаманизм (бақсылық), анимизм, тотемизм және фетишизм: қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті


Slide 1

сөж

Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаминизм

Slide 2

Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монтеистік діндерден бұрынғы жөн-жоралғылы магикалық дүниетаным. Шаманизмдегі басты нәрсе - бақсы мен бақсы жүргізетін салт-жоралғылар. Бақсы әрекеттерінің бәрі де магикалық ойлау тәсілінен қүрылған. Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын қүрайды.

Slide 3

Ата-бабамыздың тарихында бақсылық ерекше орын алған. Бақсылық - шаман дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді»«аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары - дәу, пері, шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі - емшілік (тәуіпшілік) . Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.

Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиетті болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырының падалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, өткенді көре білген, адамның ойы оқи алатын болған.

Халық арасында есімі ұмытылмаған әйгілі бақсылар болған. 14 ғасырда жасаған Салттық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды. Себебі - бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған жоқ.

Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мәдениеті мен бақсылық өнерін ығыстырғанмен, олардың намым-санімдерінде шаман дінінің (тәңіршілдік) ізі сақталып қалды.

Slide 4 Slide 5

Тотемизм - рулық шығу тегін жануарларға өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі

Slide 6 Slide 7

Анимизм (лат. anima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.

Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизмсияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.

Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш. Уәлиханов қазақи түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан.

Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т. б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi

Slide 8 Slide 9

Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Тотемизм, фетишизм, анимизм және шаманизм: этномәдени және тарихи талдау
Фетишизм, тотемизм, анимизм және шаманизм: шығу тарихы мен негізгі түсініктері
Алғашқы қауымдық мәдениет пен архаикалық діни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм және магия
Алғашқы діни нанымдар: анимизм, тотемизм, фетишизм және магия
Діннің алғашқы формалары: тотемизм, сиқыр және шаманизмнің ерекшеліктері
Мәдени мәтіндер мен мәдени код: Р. Барт пен Ю. Кристева теориялары және қазақтың дәстүрлі мәдениеті
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары мен қорғаныс құралдары
Қазақтың ұлттық тағамдары және дастарқан мәдениеті
Қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары: тарихы, түрлері және мәдени маңызы
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының жіктелуі мен сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz