Шаманизм - өмір басталуының тереңінен шыққан тарихи қалыптасқан көне мәдениет




Презентация қосу
СӨ
Тақырыбы:- Фетишизм,Тотемизм,анимизм,шаманизм

Ж
Жоспары
1.Кіріспе бөлім
Фетишизм,Тотемизм,Анимизм,Шаманизм
шығу тарихы
2.Негізгі бөлім
Негізгі түсіндірмелер
3.Қорытынды бөлім
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Фетишизм
Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) -
көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық
мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну.
Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді,
қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік
алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік
санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір
затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа
өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін
бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге
болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының
тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның
немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп
қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат
құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын
жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
Тотемизм
Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін
белгілі бір хайуанаттан таралдық деп
түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне
түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі
қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі
өздерін бұғыдан жаралдық деп
есептейді.Діни нанымдардың басқа ежелгі
формасы ретінде тотемизм - адамдардың
қандай да бір тобы (тайпа, фратрия, ру)
мен белгілі жануарлардың немесе
өсімдіктердің түрінің арасында ерекше
байланыстың бар екеніне сенім болып
«Тотем» сөзі белгі, ишарат деген мағынаны білдіреді.
Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем – алғашқы
қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген
жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген
атауы. Тотем тайпаның түп атасы ретінде саналады. Бір
тотемге жататын адамдарға өздерінің арасында үйленуге
рұқсат етілмейді. Тотем жеңілмейді. Ол табу ретінде қабыл
етіледі. Оған қарсы шығуға болмайды. Қауымдардың ең
алғашқысы болған рулық сенім мен қауымының осы
тотемдік түсінігіне байланысты «тотемизм» деп атаған.
Діндердің барлығы тотемизмнен бастау алған делініп жүр.
Кейбіреулердің пайымдауынша, тотемнің орнына тәңір сөзі
қолданылғаннан кейін жаңадан пайда болған діндерді
осылайша түсіндірген.
Тотемизм (ототеман – Солтүстік Америка үндістерінің тілінен,
“оның тегі” деген мағына береді) құбылысын неғұрлым терең
зерттеген ғалым – дін социологиясының негізін салушы болып
танылатын Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және
олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы
болып табылады деген тұжырымға келеді.
Тотемді құрметтеу – оны қасиет иесі санап құлшылық
етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз. Яғни, тотем белгілі бір
әлеуметтік топқа қатыстылықтың рәмізі. Тотемизм бастапқыда
рулар мен тайпалардың, бертін келе тұтастай халықтардың діни
наным нысаны және олардың өзгелерден даралығын
сипаттайтын белгі болып тұрақтайды. Осыған қарай бұл
тайпаның, халықтың өзіндік ғұрыптары мен салттары
қалыптасады. Олар мифологияға ауысады.
Анимизм
Анимизм (лат.anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының
жандылығын бiлдiретiн термин.Анимизм терминiн ғылыми
қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени
антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке
талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-
нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi
бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ
есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.Басқа
халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм
қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы,
Ш.Уәлиханов қазақи түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан,
шыбын жан, рухи жан.Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы
«киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат
аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты
өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи
құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және
иесi бар делiнедi.
«Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни,
анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулыда
болатын рухқа табынушылық, заттық дүние
құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл
терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және
мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген.
Оның пікірінше анимизм кейінгі дамыған діндерге
апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи
құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың
рухы және иесі бар делінеді. Анимизмді – жан мен
рухтардың бар екеніне деген сенімді еске түсірмеуге
болмайды.. Демек, осылардың барлығы адамдардың
дүниетанымынан, әлеуметтік жағдайларына байланысты
туындаған ертегілердің бірі деп еспетейміз.
Шаманизм — Күн, Ай, жұлдыздар, күн күркіреуі,
найзағай, өрт және басқалар сияқты табиғи
құбылыстар құдайлар түрінде бейнелеген табиғи
политеистік дін.Шаманизм адамзаттың ең көне діні.
Шаманизмнің негізгі қабаты діни жүйемен
байланысты, онда шаман духтармен мен адамдар
арасындағы делдал ретінде әрекет етті. Шаман
әрдайым ғибадат ету қызметшісі болған: ол қасиетті
орындарға қызмет етті, балаға есім берді, трансқа
түсу арқылы аурулармен айналысады. Шаманның ең
басты функциясы — рәсім болды. Мысалы, дұрыс емес
бұзау туылды, неге ол дүниеге келгенін түсіндіу керек
еді, мүмкін, оны рухтарға құрбандыққа шалу керек.
Шаманизм — өмір басталуының тереңінен шыққан
тарихи қалыптасқан көне мәдениет. Бұл жаһандық
құбылыс, ол бүкіл әлем халықтарының даму
жолында өткен. Шаманизм сиқырлықпен,
анимизммен, фетишизммен, тотемизммен
байланысты. Археология мен этнографиялық
мәліметтерге сәйкес, шаманизм неолит және қола
дәуірінде орын алған. Әсіресе дамыған шаманизм
Сібір, Қиыр Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және
Африка халықтары арасында болды.
Қазіргі уақытта шаманизмнің ұлттық және аймақтық
айырмашылықтарына қарай Алтай, Бурят, Туван,
Чукчи, Якут және Корея мен Перу шаманизмі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы
мен мен тарихы. А ., 2006
Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А.,
2002
Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001
Богомолов А.С. Античная философия. М.,
2004
Әлеуметтік желі
Ашық энциклопедия

Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының өкілдері
Архаикалық мәдениет
Ежелгі қазақтардың діни наным - сенімдер
Орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі діни идеология
Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем - алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы
Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну
Этнос пен ұлыс
Қазіргі заман қазақ философиясы
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Пәндер