Чаадаевтің орыс тарихи либералдық материализмі



ОСӨЖ Тақырыбы: “ХІХ ғасырдағы орыс философисы. ”

Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
XIX ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары…
П. Я Чаадаев философиясы:
Ф. М. Достоевский мен Л. Н. Толстой шығармашылығындағы философия
Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер:

XIX ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары:
декабристік философия;
либералдық философия;
нигилизм формасындағы орыс материализмі;
революциялық-демократиялық философия;
славянофильшілдер мен батысшылдар философиясы;
П. Я. Чаадаевтің тарихи философиясы;
орыс космизмі.
Ф. М. Достоевский мен Л. Н. Толстой шығарма-шылығындағы философия;
консервативтік діни және монархиялық философия;

Декабристік философияның өкілдері :
В. Кюхельбеккер
М. Лунин
И. Киреевский
И. Якушкин
Н. Муравьев
П. Пестель,

Декабристер философиясының негізгі өзегі - әлеуметті-саяси мәселелер, олардың сүйенетін идеялары:
табиғи құқыққа басымдылық беру;
самодержавиені Заңмен ауыздықтау, республикамен ауыстыру.
жеке адам еркіндігі;
Ресейге құқықтық қоғамның қажеттілігі;
крепостнойлық құқықты жою және жерді иесіне беру;

П. Я Чаадаев (1974-1856)
П. Я Чаадаев (1974-1856) тарих философиясын дамытты. Оны адам және қоғам философиясы қызықтырды.
Чаадаевтың пікірінше, адам - материалдық және рухани субстанцияның бірлігі. Адам өзін тек ұжымда ғана адам ретінде сезіне алады. Туғанынан өмірінің соңына дейін ұжымда өмір сүретін болғандықтан, адам онда тұлға ретінде өсіп жетіледі. Ұжымдық өмір - адамның басқа тіршілік иелерінен ең негізгі айырмашылығы. Чаадаев менмен жекешіл эгоизмнің барлық түріне қарсы шықты.
Ойшылдың пікірінше, тарихи процесс құдайдың көріп келдігіне сүйенеді. Құдай еркінің шынайы көрінісі - христиандық дін.
Христиандық дін - тарихтың өзегі, қозғаушы күші.
«Философиялық хаттар» деген еңбегінде П. Я. Чаадаев Ресейдің тағдыры туралы сөз қозғайды. Оның пікірінше, Ресей әлемдік тарихи процестен қол үзіп, сыртта қалды. Бұл, әрине, жақсы үрдіс емес. Батыс мәдениетінің құндылықтарына көңіл аудара отырып, сонымен қатар, өзіндік тарихи дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтау арқылы Ресей бүкіл адамзаттық өркениеттен мәртебелі орын алуы тиіс.
Географиялық фактор халық пен мемлекеттің тағдыры мен тарихына әсер етеді. Ойшыл Ресейдегі орталық биліктің диктатын, крепостнойлық құқықтың болуын, патша өкіметінің шектен тыс деспоттық сипатын ұшы - қиыры жоқ үлкен территориясының ықпалымен түсіндіруге болады деп ойлады.
тарих философиясын дамытты. Оны адам және қоғам философиясы қызықтырды.
Чаадаевтың пікірінше, адам - материалдық және рухани субстанцияның бірлігі. Адам өзін тек ұжымда ғана адам ретінде сезіне алады. Туғанынан өмірінің соңына дейін ұжымда өмір сүретін болғандықтан, адам онда тұлға ретінде өсіп жетіледі. Ұжымдық өмір - адамның басқа тіршілік иелерінен ең негізгі айырмашылығы. Чаадаев менмен жекешіл эгоизмнің барлық түріне қарсы шықты.
Ойшылдың пікірінше, тарихи процесс құдайдың көріп келдігіне сүйенеді. Құдай еркінің шынайы көрінісі - христиандық дін.
Христиандық дін - тарихтың өзегі, қозғаушы күші.
«Философиялық хаттар» деген еңбегінде П. Я. Чаадаев Ресейдің тағдыры туралы сөз қозғайды. Оның пікірінше, Ресей әлемдік тарихи процестен қол үзіп, сыртта қалды. Бұл, әрине, жақсы үрдіс емес. Батыс мәдениетінің құндылықтарына көңіл аудара отырып, сонымен қатар, өзіндік тарихи дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтау арқылы Ресей бүкіл адамзаттық өркениеттен мәртебелі орын алуы тиіс.
Географиялық фактор халық пен мемлекеттің тағдыры мен тарихына әсер етеді. Ойшыл Ресейдегі орталық биліктің диктатын, крепостнойлық құқықтың болуын, патша өкіметінің шектен тыс деспоттық сипатын ұшы - қиыры жоқ үлкен территориясының ықпалымен түсіндіруге болады деп ойлады.

Петр Яковлевич Чаадаев (1794 - 1856)

Славянофильшілдер мен батысшылдар философиясы;
Ресейдің тарихи жолын таңдауы мәселесімен батысшылдар мен славяншылдар айналысты.
Батысшылдар өкілі - А. И. Герцен, Н. П. Огарев, К. Д. Кавелин, В. Г. Белинский. Олардың пікірінше, басқа өркениеттен тыс Ресейдің өзіндік жолы жоқ. Ресей әлемдік өркениеттің даму қарқынына ілесе алмай артта қалған.
Ресей үшін батыс құндылықтарын игеріп, қалыпты өркениетті елге айналуы өте маңызды.
Батысшылдар сол уақыттағы батыс философиясындағы материализм, эмпиризм дәстүрлерін меңгеріп, оны орыс философиясына енгізуге тырысты. 1848 жылы Европа елдеріндегі революцияның ықпалымен батысшылдар екі топқа бөлініп кетеді: орта либералдар - Л. В. Анненков, В. Л. Боткин, Г. Н. Грановский, К. Д. Кавелин және революциялық демократтар - В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. П. Огарев.
Батысшылдардың қарсыластары славяншылдар болды. Олардың қатарына А. С. Хомяков, И. В. Киреевский, Ю. Ф. Самарин, А. Н:Островский, К. С. және И. С. Аксаковтар жатады.
Славяншылдардың пікірінше, Ресейдің тарихи болмысының негізін православие мен қауымдық өмір салты құрайды. Орыс халқы өзінің ділі жағынан батыс адамдарына мүлдем ұқсамайды. Орыстар әулиелікті, соборлылықты, діншілдік, ұжымшылдықты құрметтейді, оларға батыстық эгоизм мен бәсекешілдік мүлдем жат

Ортодоксалды-монархиялық философия:
XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді - монархиялық діни философия дамыды. Оның негізгі мақсаты - сол кездегі қоғамдық саяси және адамгершілік ахуалды сақтап қалу және оған қарсы топтарды сынау. Идеялық кредосы - православие, патша өкіметі және халықтық. Осы құндылықтарды дәріптеу және негіздеу - Н. Ф. Федоров және К. Н. Леонтьевтің бастапқы ұстанымы болған.

Н. В. Федоров:
Н. В. Федоров (1828 - 1903)
философиясының негізгі тақырыптары:
дүниенің бірлігі;
орыс космизмі;
өмір мен өлім мәселесі;
мораль және инабатты өмір сүру
Оның негізгі шығармасы:
«Жалпы іс философиясы» («Философия общего дела») . Н. Ф. Федоров орыс космизмін, яғни келе жатқан хаосты, ғарышты адам құтқаруы керектігі идеясын қарастырды. Ғарыш - адам ақылына, парасатына мұқтаж.

К. Н. Леонтьев:
Орыс философиясының діни бағытының тағы да бір көрнекті өкілі - К. Н. Леонтьев. Философ орыс өмірінің жағымсыз жақтарын өткір сынаған. Ресейде дами бастаған капиталистік қатынастарды сынап, Ресей оқшауланған православиелік - христиандық орталық болуы қажет деп есептеген.
К. Н. Леонтьев тарихи процесті адам өмірімен салыстырған. Адам өмірі сияқты оның да туу, даму, өркендеу және құрдымға кету кезеңдері болады. Мемлекеттің сақталуының кепілі - ішкі деспотиялық бірлігі. Мемлекетті сақтаудың мақсаты - күш пен әділетсіздіктің, құлдықтың болуы.
Леонтьевтің пікірінше, адамдар арасындағы теңсіздік Құдайдың тілегі, сондықтан ол табиғи және орынды.

Федор Михайлович Достоевский
Федор Михайлович Достоевский(1821 - 1881) Ресейдің болашағын капитализмнен де, социализмнен де іздемей, орыстың "ұлттық тамырынан" -әдет-ғұрпы, дәстүрінен, дінінен іздеді. Достоевский адам өмірі жолының екі нұсқасын көрсетті:
адамиқұдаи жол, адамның абсолюттік еркіндік жолы. Адам ешкімді менсінбей Құдай болғысы келеді, бірақ бұл қауіпті жол.
Құдаиадами жол, бұл Құдай жолына түсу. Адам жан-тәнімен Құдайға ұмтылады, Құдайға құлшылық - адам мен адамзатты құтқару жолы.

Лев Николаевич Толстой
Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910) - орыстың ұлы жазушысы, ойшылы. Ол ерекше діни-философиялық доктрина - толстойлықты (толстовство) дүниеге әкелді:
көптеген діни догмаларды, сонымен бірге салтанатты церемониаларды, діни ғибадаттарды, иерархияны сынады, оларды жою керек деді;
дін халық үшін түсінікті, қарапайым болу керек;
Құдай, дін - бұл игілік, махаббат, парасат пен ұждан;
өмір мәні - өзіндік жетілу, өз-өзіңді тану;
Жер бетіндегі ең басты зұлымдық - өлім мен зорлық-зомбылық;
зорлық-зомбылық, біреуді қанаудан бас тарту керек;
адам өмір қалыбында зұлымдыққа зорлықпен қарсыласпау керек;
мемлекет - күні біткен институт, өйткені ол - зорлық-зомбылық құралы;
мемлекеттілікке қарсы болу, саяси өмірге араласпау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz