Әлемдік мұхит 2500 жыл Көпжылдық тоң 10000 жыл аймақтарындағы жер асты мұздары



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті БЖ-15-1 оқу тобы 3-топ
Әлемдік су теңдестігі

Гидросфера -біздің ғаламшарымыздың (планетамыздың) су кабығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, күрлық су - өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.

Жер бетінің ауданы 510 млн. км2-ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2-ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал кұрлықтардың үлесіне 149 млн. км2 ayдан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі.

Су және құрлық жер шарында біркелкі емес. Солтүстік жарты шарында кұрлықтардың үлесіне 100 млн. км2 немесе 39%-і тисе, ал онтүстік жарты шарында - 49 млн. км2 немесе 19%. Солтүстік жарты шарында су басқан аймақтың ауданы 155 млн. км2, ягни 61%-ке тең, ал оңтүстік жарты шарында -206 млн. км2 немесе 81% (әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда)

Бас суайрық құрлықты екі беткейге бөледі: 1) Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарға құятын өзен ағындыларын кұрайтын (60%) беткей; 2) Тынык, және Үнді мұхиттарына құятын өзен ағындыларын құрайтын беткей (40%) . Екінші қатардағы суайрықтарға аталған мұхиттардыц ішкі алаптарының суайрықтары мен ішкі ағындылар және тұйық аймактардың суайрықтары жатады.
Ішкі ағындылардың үлкен аймағы -Арал-Каспий, оған Еділ-Жайык, Кура, Сырдария, Әмудария және баска өзендерінің алаптары жатады. Тұйық аймақтар қатарына Сахара, Аравия және Орталық Австралия шөлдері кіреді.

Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2-ге тең. Өзен арналарындағы су коры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су - 91 мың км3. Тұщы жер асты суларының коры 10, 5 млн. км3 мөлшерінде деп есептелсе тұщы сулардың жалпы қоры - 3, 5 млн. км3 не месе гидросфера -көлемінің 2, 53%-iн құрайды.

Сумен ең аз қамтамасыз етілген материк Еуропа (жылына әр адамға 4, 9∙103м3) мен Азия (6, 0∙103 м3/жыл) . Сумен ең жеткілікті қамтамасыз етілген материктерге Оңтүстік Америка (әр адамға 54, 4∙103 м3/жыл), Мүхпт аралдары (Океания) -287-103 м3/жыл және Австралия (әр адамға шаққанда жылына 25, 8 мың м3 сумен қамтамасыз етілген) жатады.
Жекелеген елдерде сумен камтамасыз етілу бұдан да көп мөлшерде ауытқиды. ТМД елдерінде (1986 ж. бойынша) сумен қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші жылына 17, 3 мың текше метрге тең, ал АҚШ-та шамамен жылына 10мың текше метр, КХР-да -жылына 2, 9 мың текше метр.

Жер бетіндегі су қорларынын қайта жанару кезеңі
Судың түрі
Жаңару кезеңі
Судың түрі
Жаңару кезеңі
Әлемдік мұхит
2500 жыл
Көпжылдық тоң аймақтарындағы жер асты мұздары.
1 жыл
Жер асты сулары
14000 жыл
Көлдердегі су қоры
17 жыл
Топырақты ылғалды
1 жыл
Батпақтағы сулар
5 жыл
Жер асты сулары
14000 жыл
Көлдердегі су қоры
17 жыл

Қазіргі геологиялық дәуірдің шегінде жер бетіндегі судың көлемін тұрақты және оның жылма-жыл айналымға түсетін мөлшерін өзгермейді деп есептеуімізге болады.

Су айналымының математикалық үлгісі су теңдестігінің теңдеуі болып табылады, яғни:
- әлемдік мүхит үшін: Ем=Хм +У; (1)
- құрлықтың шеткі аймақтары үшін: Еқ=Хқ +У; (2)
- тұйық ағыс аймақтары үшін: Ет =Хт ; (3)
- жер шары үшін: Ем+Еқ +Ет=Хм+Хқ +Хт немесе Еж =ХЖ (4)
Мұндағы Е - булану; X - жауын-шашын; У - өзен суларының ағындысы. Әріптік өрнектердің индекстері: м - мұхит; қ - құрлық; т-тұйық ағыс аймақтары, ж - жалпы жер шары.

Әлемдік ғылым жетістіктерінің негізінде бүкіл әлемдік су теңдестігі есептеліп шығарылады. Бұл есептеуге сүйеніп айтатын болсақ, онда бүкіл жер шарында жылына 1220 мм немесе 622 мың км3 жауын-шашын жауатын болса, соншама ылғал буланып отырады екен, Ал құрлықтарға жауатын жауын-шашынның келемі - жылына 164 мың. км3 немесе 1100 мм, мұхит бетіне түсетін ылғалдың жылдық көлемі - 458 мың км3 немесе 1270 мм. Бұдан көрінетіні - құрлыққа тусетін ылғалдың көлемі мұхитқа қарағанда 3 есе аз екендігі. Жыл бойына құрлықтар бетіне түсетін жауын-шашынның 70%-тен көбірек бөлігі буланса, қалған бөлігі мұхитқа ағып түседі.

Су теңдестігінің элементтері
Көлемі
103 км3/ж
Қабаты, мм/жыл
%
Әлемдік мүхит, F м= 361∙106 км2
Мұхит бетіне жауатын жауын-шашын Құрлықтан түсетін ағынды
Мұхит бетінен буланатын ылғал
458
46, 8
504, 8
1270
130
1400
90, 7
9, 3
100
Құрлық, Ғқ = 149∙106 км2
Құрлыққа-түсетін жауын-шашын
Шетке кететін ағынды
Құрлық бетінен буланатын ылғал
164
46, 8
117, 2
1100
314
785
100
28, 5
71, 5
Жер шары, Ғ ж = 510 ∙106 км2
Жауын-шашын
Булану
622
022
1220
1220
100
100


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz