Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері




Презентация қосу
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

2-ТОП

Азаматтық қорғау
заңындағы өнеркәсіптік
қауіпсіздік негіздері
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы
Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ бойынша
қабылданды. Азаматтық қорғау туралы Заңы 9 бөлім, 19
тарау, 109 баптан тұрады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік қадағалау» ісі 39-бапта
көрсетілген. Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мемлекеттік қадағалау қауіпті
өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс
оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік
факторлардың персоналға және халыққа
зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.
1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды
пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын;
2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық
құрылыстарына және техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық
құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақыттылығын тексереді;
3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды
пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және
оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізу әзірлігін жүзеге асырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы
аумақтық бөлімшесінің басшысы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы,
астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі
мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы,
республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы,
қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғау заңындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері
ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК
Өндірістік қауіпсіздік
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Ауаның ластануы
Қазақстанның қаржы мониторингі
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Еңбекті қорғау
Өндірістік улардың қабаттасып әсері етуі
Жобалау негіздері мен зауыттарды жабдықтау
Пәндер