Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР - нің




Презентация қосу
Азаматтық қарама-
қайшылық кезіндегі
Қазақстан

Орындаған: Қожан Бұлбұл (ЖМ 1 курс студенті)
Қазақстан азаматтық қарама-қайшылық жылдарында -
1917-20 жылдары аралығында болған саяси әлеуметтік оқиғалар.
1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың
көтерілісінен кейін монархия құлап, республика орнады да,
қоғамдық-саяси жағдай түбірі мен өзгерді. Уақытша үкімет қазақ
халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға
кешірім жариялады, оларды жазалау тоқтатылды. Сондай-ақ
көтерілісті жасаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда
азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси
бостандықтар берілді (сөз бостандығы, саяси партиялар кұру,
т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллегенция өкілдері
уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-
демократиялық партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей уақытша
үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат
және шаруа кеңестері құрылды.
Петроградта және Ресейдің opталық ayдандарында қосөкімет орнады, ал
Қазақстан көпөкіметтік жағдайында қалды. 1917 жылы наурыз-маусым
айларында Қазақстандағы билікке уақытша үкіметтің жергілікті органдары,
кеңестер, жергілікті партия құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір казак
әскерлерінің билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады.
\ Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғамдық-саяси
ұйымдары құрылып, саяси мәселерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда
мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Семейде
Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. кұрылды.
1917 жылы 4-5 шілдеде Петроградта уақытша үкімет большевиктері
ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. 1917 жылы 11 шілдеде
қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей уақытша үкіметке көшті.
Алаш басшылары саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 21-26 шілдеде
Орынборда бірінші қазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербеc
саяси ұйым ретінде қайта құрылды.
1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Ресейдегі Корнилов бүлігінің
талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Бүлікті басуда белсенділік
көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде
өзін Қазақ Социалистік партиясы деп ата- ған Үш жүз партиясы құрылды.
Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов,
т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына
айналып, большевиктер жағына шықты. 1917 жылы 24-25 қазанда (6-7
қараша) Петроградта большевиктер төңкеріс жасап, уақытша үкіметті
кұлатты (қ.Қазан төңкерісі). Іле-шала Ресейдің орталық облыстарында да
Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанда бұл процесс 4 айға (1917 жылдың
аяғы - 1918 жылдың наурыз айлары) созылды. Жаңа өкімет қалаларда,
теміржол бекеттерінде және ірі-ірі елді мекендерде ғана жеңіске жетті. Ал
қазақ ауылдарында кеңестер билігі тек 20-жылдардың бас кезінде ғана
орнады. Осы кезде 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда екінші
жалпықазақ съезі өтті. Съезде РФ құрамына кіретін Алаш автономиясы
(қазақ мемлекеттігі) жарияланып, басқарушы ұлт кеңесі - Алаш Орда
сайланды, халықтық милиция жасақтау қажеттігі айтылды. Алаш
Орданың төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Саяси биліктен айы-
рылғаннан кейін революцияға қарсы топтар қарулы қарсылық көрсете
бастады.
Кеңес өкіметін құлату үшін 1918 жылы жазда ақ гвардияшылар шетелдердің (АҚШ,
Ұлыбритания, Франция, Жапония, т.б.) көмегімен кең көлемде Азамат соғысын
бастады. Олар Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей, т.б. қалаларды басып алып,
кеңес өкіметін құлатты. Көп ұзамай Жетісу және Сырдария облыстарының көпшілік
бөлігі, Бөкей Ордасының бір бөлігі және Торғай облысының кейбір аудандарынан
басқа жерлердің бәрінде кеңес өкіметі құлады. Алаш Орда үкіметі 1918 жылдың
жазынан бастап Кеңес өкіметіне ашық қарсы шығып, Орынбордағы атаман Дутовпен
, Омбыдағы уақытша Сібір үкіметімен одақтасты. Ақ гвардияшылар басып алған
аудандарда кеңес өкіметін қолдаушылар партизан қозғалысына көшті. Партизан
қозғалысының негізгі орталықтары Торғай облысының Қостанай уезі, Ақмола және
Жетісу, Семей облыстарының жекелеген өңірлері (Черкаск қорғанысы, Тарбағатай
мен Алтайдың «тау қырандары», т.б.) болды. Қазақстандағы 1918-20 жылы қарулы
қарама-қарсылық Ресейде орын алған Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды.
1919 жылдың жазында Қызыл армияның шығыс майданда Колчак армиясын
талқандауы Батыс, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісудың ақ
гвардияшылардан азат етілуіне ықпал етті. 1919 жылдың аяғында Қазақстанның
негізгі аумағы ак гвардияшылардан азат етілді.
1920 жылы наурызда ең соңғы майдан - Солтүстік Жетісу азат
етілді. Ақ гвардияшылардан босатылған аудандарда Кеңес
өкіметі қалпына келтірілді. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР
ХКК декретімен Қазақ Революциялық Комитеті (Казревком)
құрылды. Ол Қазақстандағы Әскери-азаматтық басқаруды өз
қолына шоғырландырды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда
Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-нің
Декларациясын қабылдады. Декларация РКФСР құрамына
кіретін Қазақ АКСР- нің құрылғанын жариялады.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ АКСР - інің одақтас республика болып құрылуы
Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі
1917 жылғы тамыз - қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы
Қазақ автономиясы
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы- өлке тарихының құрамдас бөлігі
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КІШІ ҚАЗАН
Пәндер