БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ


Slide 1

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің жаңа үлгілік қағидалары» тақырыбындағы оқыту семинары

Slide 2

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы “Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” №125 бұйрығына өзгеріс енгізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 бұйрығы

“Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары”

Slide 3

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

3

Slide 4

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

3-тарау. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі

15. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жартыжылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылады.

17. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.

Slide 5

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) . Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.

19. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.

Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.

Slide 6

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

20. Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу), білім алушы орта білім беру ұйымына қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.

21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.

23. Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.

Slide 7

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

24. Формативті және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.

Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезеңінде есепке алынбайды.

25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

Slide 8

Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі

Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі

1 сыныптағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

Баға

0-20

0-39

қанағаттанарлықсыз - «2»

21-50

40-64

қанағаттанарлық - «3»

51-80

65-84

жақсы - «4»

81-100

85-100

өте жақсы - «5»

Slide 9

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Қалыптастырушы бағалау - оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

ҚБ ерекшеліктері:

қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды;

ҚБ тоқсандық бағаға әсер етпейді;

оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;

әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі.

Slide 10

БІЛІМ АЛУШЫ ЖҰМЫСЫНА КЕРІ БАЙЛАНЫС ҮЛГІСІ

10

1.

2.

3.

4.

Slide 11

КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУ ҮЛГІЛЕРІ

графикалық

жазбаша

ауызша

Жарайсың! Тапсырманы дұрыс орындадың.

11

Slide 12

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады

БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу - шартты болып келеді, бұл - сабақтың бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді.

БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т. б. ) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды

БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек

БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі)

БЖБ-да максималды балды дескрипторларды ескере отырып, мұғалімнің өзі анықтайды

БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады

Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет

Slide 13

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады

Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т. б. )

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.

Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі

Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды

Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

Slide 14

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

пән бойынша күтілетін нәтижелер;

пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Slide 15

15

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТОҚСАНДЫҚ БАҒАСЫН ЕСЕПТЕУ ҮЛГІСІ

Балды бағаға айналдыру шәкілі (бастауыш сыныптар үшін)

"1"

0-20%

"2"

21%-40%

"3"

41%-60%

"4"

61%-80%

"5"

81%-100%

1-бөлім /о. т. бойынша ЖБ

2-бөлім /о. т. бойынша ЖБ

3-бөлім /о. т. бойынша ЖБ

Тоқсандық ЖБ

Балл

Макс. балл

Балл

Макс. балл

Балл

Макс. балл

Балл

Макс. балл

7

10

8

10

4

12

15

20

15%

15%

20%

50%

2, 1

3

2, 4

3

1, 3

4

7, 5

10

2, 1+2, 4+1, 3+7, 5 = 13, 3 из 20

13, 3 ~ 66, 5%

Оқушының тоқсандық бағасы «4»

Бөлім/ор-тақ тақырып бойынша ЖБ

Бөлім/ор-тақ тақырып бойынша ЖБ

Бөлім/ортақ тақырып бойынша ЖБ

15%

15%

20%

50%

Тоқсандық ЖБ

50%

Тоқсан-дық баға

100 %

*Балдар мен бағалардың есебі автоматты түрде электрондық журналда жүзеге асырылады

Slide 16

16

Оқушылардың 1-4 тоқсандардағы нәтижесі

Оқушының жылдық бағасы

Төрт тоқсан бойынша балл қосындысы

13, 3 + 16 + 24 + 15 = 68, 3 (90)

4-тоқсан

Оқушы балы

Макс. балл

15

20

1-тоқсан

Оқушы балы

Макс. балл

13, 3

20

2-тоқсан

Оқушы балы

Макс. балл

16

20

3-тоқсан

Оқушы балы

Макс. балл

24

30

68, 3 ~ 75, 9 %

Барлық балдар

Оқушы балы

Макс. балл

68, 3

90

Балды бағаға айналдыру шәкілі

"1"

0-20%

"2"

21%-40%

"3"

41%-60%

"4"

61%-80%

"5"

81%-100%

Оқушының жылдық бағасы «4»

*Балдар мен бағалардың есебі автоматты түрде электрондық журналда жүзеге асырылады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ БАҒАСЫН ЕСЕПТЕУ ҮЛГІСІ

Slide 17

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛДА НӘТИЖЕЛЕРДІ ТІРКЕУ

17

Slide 18

СЫНЫП ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Мектепте электрондық журнал қосылмаған жағдайда уақытша excel-формадағы үлгіні (smk. edu. kz сайтынан жүктеп алу қажет) және жаңартылған бағдарлама бойынша дайындалған қағаз журналды толтырады

18

Slide 19

ЖУРНАЛДЫ ТОЛТЫРУ ТАЛАПТАРЫ

Журналдың әр бетінде мерзім мен тақырыпқа тек 20 графадан бөлінген, сондықтан осыған байланысты келесі шешім қабылданды:

Сабақ мерзімі мен тақырыбы жол қалдырылмай қатарынан жазылады (қаржы бақылауының талабы), мысалы, 34 сағат 1, 5 бетке, 68 сағат 3, 5 бетке жазылады (БЖБ және ТЖБ арналған беттерді қоспағанда) .

БЖБ және ТБЖ бағалары бірінші беттен басталады - І тоқсан, 2-бетте - 2 тоқсан, 3-бетте - ІІІ тоқсан, 4-бетте - ІV тоқсан, жылдық баға 5-бетте жазылады.

Бағаланбайтын немесе жартыжылдықта бағаланатын пәндерден (мысалы, “өзін-өзі тану” пәніне 3 бет қалдыруға болады) беттер санын азайтуға болады. 7-сыныптарда музыка және көркем еңбектен де бет санын 3-ке азайтуға болады (“өзін-өзі тану” пәніне секілді) .

Журналдың екі беті бір-біріне байланысты емес, жазулар дербес жүргізіледі, кейбір беттер толтырылмауы мүмкін.

Slide 20

БАҒАЛАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 бұйрығы “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары”

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары”

2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық (2016 ж) .

Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық (2016 ж) .

Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.

Пәндер аясындағы жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (1, 2, 5, 7-сыныптар үшін) .

Пәндер аясындағы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (1, 2, 5, 7-сыныптар үшін) .

Пәндер аясындағы тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациялары (5 және 7-сыныптар үшін) .

Критериалды бағалау бойынша бейнематериалдар мен таныстырылымдар.

Slide 21

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

ОҚУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ

Оқушы портфолиосына жиынтық бағалау

жұмыстары жинақталады.

ОҚУШЫ КҮНДЕЛІГІ

1. Күнделікке кері байланыс жазылуы мүмкін (ата-

ананы баласының білімі туралы хабардар ету

мақсатында) .

Slide 22

22

Модерация - бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

Әрбір мұғалім үшін модерацияға қатысу тиімді болып келеді.

Мүмкіндіктері:

балл қою кестесі ескерілмегендіктен дұрыс жауап қабылданбаған, балл қою кестесінде қате жіберілген, жалпы балл дұрыс есептелмеген, және т. б. жағдайларды анықтау;

әріптестердің бағалауды қалай жүргізгенін көру;

бағалаудағы өз тәжірибесімен бөлісу;

жиынтық бағалаудың дұрыс өтуін, білім алушылардың барлық жауаптарының есептелуін, мұғалімдер арасында бағалаудың айырмашылықтарын талқылау және түсіну;

балл қою кестесіне өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі және білім алушылардың алған балдарын қайта қарау туралы шешімдер қабылдау.

МОДЕРАЦИЯ

Slide 23

жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;

баға қарындашпен қойылады;

жиынтық бағалау жұмыстары іріктелініп алынады (максималды, минималды балдары бар, бағалауда қиындық туғызған жұмыс) ;

іріктелген жиынтық жұмыс үлгілерінде білім алушылардың жеке мәліметтері шифрленеді.

жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды және балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;

қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;

отырыс хаттамасына қол қояды.

білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, балдарды жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін;

нақты балл бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журналға қойылады.

Модерацияға дейін:

Модерация кезінде:

Модерациядан кейін:

МОДЕРАЦИЯЛАУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ

23

Slide 24

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ МОДЕРАЦИЯ ХАТТАМАЛАРЫ

Slide 25

ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)

Оқу бағдарламасы

Оқу жоспары

Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар

Slide 26

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Оқу бағдарламасы - білім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін және т. б. сипаттайтын құжат.

Оқу бағдарламасы әдетте нормативті-құқықтық құжат ретінде бекітіледі. Оқу бағдарламасында кодтау арқылы оқу мақсаттары айқын көрсетіледі. Осы оқу бағдарламасының негізінде пәннің ұзақ мерзімді жоспары жүзеге асырылады.

Slide 27

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

І Жалпы мәлімет

1. Пәннің маңыздылығы

2. Оқу бағдарламасының мақсаты

3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру

4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

5. Педагогикалық әдіс-тәсілдер

6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін

қалыптастыру

7. АКТ қолдану құзыреттілігі

8. Коммуникативті дағдыларды дамыту

9. Оқу жетістігін бағалау

ІІ Оқу мақсаттарының жүйесі

1. Пәннің мазмұны

2. Оқу мақсаттарының жүйесі

3. Ұзақ мерзімді жоспар

Slide 28

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді.

Кодта:

бірінші сан сыныпты,

екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімшенің,

төртінші сан - оқыту мақсатының реттік санын білдіреді.

Мысалы, 7. 2. 1. 4. кодында «7» - сынып, «2. 1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқыту мақсатының реттік саны.

Slide 29

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

5. 1. 2. 1 - әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (қазақ әдебиеті)

5 - 5 сынып

1 - түсіну және жауап беру

2 - әдеби шығарманың тұжырымдамасы

1 - оқыту мақсаты

Slide 30

ОҚУ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар

Орта мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар үлгісі

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар - ?

Slide 31

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Физика

Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаты

Физика - табиғат туралы ғылым

Физика - табиғат туралы ғылым

7. 1. 1. 1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері

7. 1. 1. 2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату

Slide 32

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

География

Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаты

Зерттеу және зерттеушілер

Географияны зерттеу нысандары

7. 1. 1. 1 - географияның зерттеу нысандарын анықтайды;

География ғылымының дамуы

7. 1. 1. 2 - саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді;

Slide 33

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

1, 2, 5, 7-сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндерінде бірдей қарастырылмаған. Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгертіледі, сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізуге құқығы бар.

Slide 34

ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Орта мерзімді жоспар мұғалімге нұсқау ретінде беріледі.

Орта мерзімді жоспарда осыған дейін меңгерілген білім, осы бөлімнің тілдік мақсаттары, бөлімге қысқаша щолу жасалады.


Ұқсас жұмыстар
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ АЛГОРИТМІ
Критериалды бағалау (қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау)
Қалыптастырушы бағалау Жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау
Жоспар Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Жаңартылған білім беру бағдаралмасы
Ұзақ мерзімді жоспар
Математика Проблемаларды шешу
Сабақ жоспарлау
Жиынтық бағалау үдерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz