Сабақ мақсаттарын тұжырымдау: оқушылық нәтижелер, СМАРТ критерийлері және бағалау


Slide 1

Дұрыс мақсат қою дегенімізді қалай түсінесіздер?

Slide 2

Нені таңдайтыныңыз мақсатқа байланысты

Іс-әрекет түрлері

Тапсырмалар

Бағалау

Оқыту әдістері

Мазмұн

Ұйымдастыру нысандары

МАҚСАТ

Slide 3

Мақсатсыз адам, әрқашан адасып жүреді. Сондықтан алдымызға шыңға жету мақсатын қояйық - оған жетуге талпынып, оны әр істен, әр сөзден көрейік. Луций Анней Сенека

Slide 4

Мақсат қою үдерісінің негізгі құраушысы:

техникалық

неге?

мазмұнды

қалай?

Ойды құрушы

не?

Slide 5

«Өзіне нақты мақсат қоймаған адам, күтпеген жерге келгенде, таң қалады » Марк Твен

Мақсат - бұл біздің қызметімізден немесе басқа адамдардың қызметтерінен күтілетін нәтиженің көрінісі.

Ал, мақсатты тұжырымдау - аталған нәтиже бойынша көріністің сипаттамасы.

Slide 6

Сабақ жоспарындағы мұғалімдердің негізгі қателіктері

«Оқушы нақты не істейтіні, нені көруге болатыны анықталмай, сабақ мақсаты анықталмайды. »

Роберт Кизилик-PhD, Вирджиния штаты университеті

Slide 7

Сабақтың мақсаты дегеніміз не?

Бұл сабақтағы оқушы жұмысының нәтижесін мұғалімнің болжауы

Оқушы нені үйренді?

Біз оқушы жұмысының нәтижесі қандай екенін көреміз?

Slide 8

1 Мұғалімдер мақсатты оқушыға қоймайды

«Оқушыларды картадағы шартты белгілермен таныстыру»

«Анықтауыш туралы білімдерін жүйелеу»

« Британия тақырыбы бойынша жаңа лексиканы таныстыру және бекіту»

Біз оқушы жұмысының қандай нәтижесін көре аламыз? Оқушылар нақты нені үйренеді?

Slide 9

2 Мақсаттар «жалпылама»

«оқушылар үшбұрыштың ауданы туралы түсінік алады»

«Оқушылар Ом заңын меңгереді»

«Өткен материалды қайталау»

Осындай формальді мақсаттар- бұл олардың жетістігіне деген мұғалімдердің жауапкершіліктен кетуі.

Біз оқушы жұмысының қандай нәтижесін көре аламыз? Оқушылар нақты нені үйренеді?

Slide 10

МақсаттардаСМАРТ критерий болуы қажет

S-specific- нақты

M-measurable-өлшемді

A-attainable- қол жетімді

R-realistic, result-oriented, relevant- шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай.

T-time-bound- уақытпен шектеулі

Slide 11

СМАРТ мақсатқа мысал

Тарих - «Оқушылар өз таныстырылымында Кенесары Қасымов көтерілісінің себептерін талдайды және оның тарихи маңыздылығы тұжырымдайды»

Нақты

өлшемді

қолжетімді

Маңызды, шынайы және нәтижеге бағытталған белгіленген уақыт шеңберінде

Slide 12

Жаңартылған білім беру мазмұнының басты талаптарының бірі мұғалімдердің оқушылардың оқу дәрежесіне қарай мақсаттарды тұжырымдай білуі (А, В, С оқушылары) («Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ жоспарларының үлгісі» құжатын қараңыз)

Сараланған тәсілді ескере отырып құрылған оқыту мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Оқушылардың көпшілігі жасай алады: (яғни., «мықты» және «орташа»)

Кейбір оқушылар жасай алады:( яғни, «мықты») :

Slide 13

Сараланған тәсілді ескере отырып құрылған оқыту мақсатының үлгісі

Сабақтың соңында

Барлық оқушылар Кенесары Қасымов көтерілісінің себептерін анықтай алады.

Көпшілік оқушылар, Кенесарының саяси көзқарастары оның көшбасшылық рөлінің дамуына қалай ықпал еткендігін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар көтерілістің тарихи мәніне және оның келесі қазақ мемлекетінің қалыптасуына ықпал еткендігіне тұжырым жасай алады.

Оқытудың осы мақсаттары күрделене түседі:

«барлығына» мақсат - бұл мақсат-минимум, ал «кейбір

оқушыларға» қойылған мақсат - бұл мақсат оқу деңгейі

жоғары оқушыларды жұмысқа тартуға бағытталған.

Slide 14

Мақсатты анықтауда біз қандай етістіктерді қолданамыз?

Біз көре алатын, оқитын немесе тыңдай алатын етістіктерді қолдану керек.

Мысал

Оқушылар жаза алады…. .

Оқушылар топтастыра алады…

Оқушылар салыстыра алады…. .

Оқушылар таңдай алады …. .

Slide 15

СМАРТ мақсатқа етістіктер

Мынадай сөздерден аулақ болыңыздар:

Жаттықтыру, біледі, түсінеді. Оқытудың тиімділігін бағалауда олар жалпылама. Сонымен қатар, оқыту барысында оқушылардың меңгерген білімдерін анықтауға бұл сөздердің көмек етпейді

Мысалы, «түсіну» етістігін қолдану келесі мынадай сұрақтың туындауына әкеледі, «Оқушылардың осы материалды түсінгенін, Сіз қалай білдіңіз?»

Slide 16

МІНДЕТТІ!!!

Сабақ мақсаты оқушы мақсаты болмайынша, оның ешбір мәні болмайды!!!

Slide 17

3 Мақсаттар оқушыға жеткізілмейді

Бүгін «Африка өсімдіктері» тақырыбымен таныстырамын

Бүгінгі сабақта мен сіздерге қазақтың ұлы ағартушысы, ақын -жазушы Абайдың шығармашылығы туралы айтамын.

Біз оқушы жұмысының қандай нәтижесін көре аламыз? Оқушылар нақты нені үйренеді?

Slide 18

4 Мұғалімдер оқушының сабақ мақсатын түсінгенін нақтыламайды

Мұғалімнің белгілеген мақсатын мұғалім мен оқушының әртүрлі түсінуі.

Олардан қандай нәтиже күтетінін, оқушылардың түсінгендіктерін нақтылау үшін кері байланыстың қажеттілігі.


Ұқсас жұмыстар
Орта мерзімді жоспарлау кестесі: SMART мақсаттар, оқыту әдістері және бағалау
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары және бағалау критерийлері
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: түрлері мен критерийлері
Тригонометрия тарауы бойынша қорытынды сабақ жоспары және бағалау критерийлері
Қазіргі педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері мен бағалау критерийлері
Химия пәнінде формативті бағалау: шарттары, әдістері және бағалау критерийлері
Электромагниттік индукция және жарық: сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
7-сынып: Етістік тарауын қайталау - сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Ақсақ құлан мен Жошы хан аңызына арналған сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Интерактивті оқу әдістері мен әдістемелік материалдар: сабақ стратегиялары мен бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz