БЖК филиалы


Slide 1 Slide 2

«ЖШС» дегеніміз не?

Slide 3

4-бап бойынша, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондай- ақ "жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздерді немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтініш

2) мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек

3) ноториальды тәртіппен куәландырылған жарғының мемлекеттік және орыс тілінде 3 данасы

3) орналасқан жерін растайтын құжат (жалгерлік шарт, сатып алу-сату шарттары, жылжымайтын мүлікке тіркеу құқықтары туралы құқықтың ноториальды куәландырылған көшірмесі болуы мүмкін) .

4) құрылтайшылар жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар көшірмесі.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Қазақстан Республикасында барлық заңды тұлғалардың бизнес сәйкестендіру нөмірлері болуы тиіс.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті іске асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

Барлық БСН-дарды тіркеулік есепке алу арнайы ақпараттық жүйеде - бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде іске асырылады. БСН әділет органдарының тіркеу нөмірлерін, СТН, статистика органдарының кодын алмастыратын бірыңғай сәйкестендіруші болып табылады.

Slide 15

БСН-ды қалай алуға болады?

Егер сіз жаңа заңды тұлға тіркесеңіз, БСН сізге автоматты түрде тағайындалады.

БСН ресімдеу үшін әділет департаменттеріне келесі құжаттар ұсыну қажет:

• белгіленген үлгідегі өтініш;

• заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, құрылтай шарты) түпнұсқасы;

• филиалдың ережесі;

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу куәлігі;

• статистикалық картаның көшірмесі.

Егер бұл құжаттарды ұйымның бірінші басшысы тапсырмаса, құжаттарды ұсыну және алу үшін фирманың бірінші басшысының қолы және мөрі қойылған сенімхат болу керек. Құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық шығарылады және жаңа куәлікте БСН көрсетіледі.

Slide 16

Заңды тұлғаның БСН келесі құжаттардан тұрады:

• жеке тұлға үшін - бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін іске асыратын жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдарымен өкілдіктері үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

• Қазақстан Республикасында қызметін филиалдармен өкілдіктер арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін - олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

төменде берілген резидент емес заңды тұлғаларүшін - ҚР салық төлеушісінің куәлігі:

- ҚР салық заңнамасына сәйкес белгілі бір құнды қағаздарды сату кезінде құн өсімінен табыс алатын; - Қазақстан Республикасында салық салу объектілері бар; - резидент банктерде ағымдағы есепшоттар мен карт-есепшоттарын ашатын және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын.

Заңды тұлғаларға БСН тағайындау бюджет қаражаты есебінен тегін іске асырылады.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік ретінде өз қызметін іске асыратын жеке кәсіпкерді тіркеу кезінде жеке тұлғаға берілген ЖСН пайдаланылатынын атап өту қажет, бұл жағдайда БСН ресімдеудің қажеттілігі жоқ.

Slide 17

БСН-ды қайдан алуға болады?

Сәйкестендіру нөмірін тағайындау өкілетті органда іске асырылады:

∗ бірлескен жеке кәсіпкердің өкілетті тұлғасының тұрғылықты жері бойынша;

∗ орналасқан жері бойынша.

- заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін тұрақты мекемелер арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғалар орналасқан жері бойынша.

«Салық және бюджетке төленетін басқа датөлемдер туралы» ҚР кодексінің 197 бабының 5 тармақшасына сәйкес мүлкі салық агенті болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның сатылған акцияларының, қатысу үлестері мен активтерінің құнынан 50 пайызын және одан да жоғары пайызын құрайтын Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығы бар резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша;

салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша.

- Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін сатып алатын және (немесе) оларға ие резидент емес заңды тұлғалар үшін.

резидент банктің орналасқан жері бойынша.

- резидент банктерде ағымдағы есепшоттар ашатын және олар бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру іске асырылматын резидент емес заңды тұлғалар үшін.

ҚР ҚМ салық комитетінің сайтында салық органдарының деректер базасында іздеу арқылы бизнес сәйкестендіру нөмірінің болуын тексере аласыз. Егер БСН бар болып, алайда іздеу нәтижеcінде сіздің сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер болмаса, салық органының базасына енгізу үшін сіз орналасқан жеріңіз бойынша салық органына өтініш бересіз.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Алматы филиалы
Жыраулар поэзиясының тақырыптары
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЗАУЫТЫ
Инженерлік психология
Постэмбриональді гемопоэз
Қазпочта АҚ туралы
Бизнес жол картасы – 2020 Бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске бөлінетін қаржы
Ақтөбе облысы.Мәдени мұрасы,қайта қалпына келтірілген ескерткіштері
Заңды тұлға түсінігі
ФОСФОР ӨНДІРІСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz