ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМ ТАРИХЫ



Меркантилизм мен физиократияның ұқсастығы мен айырмашылығы

Жоспар:
Кіріспе
Экономикалық ілім тарихы даму кезеңдері
ІІ. Негізгі бөлім
А) Меркантилизм мектебі: өкілдері, ұстанған бағыттары
Ә) Физиократия мектебі: өкілдері мен ұстанған бағыттары
Б) Меркантилизм мен физиократияның ұқсастықтары мен айырмашылығы
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Экономикалық ілім тарихы
Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай-ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық ой-пікірлердің пайда болуы, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеуді айтамыз.
Экономикалық ой- пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар- ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.

Экономикалық ілім тарихы даму кезеңдері

Меркантилизм - ол, французша mercantіlіsme, италия тілінен mercante -саудагер‚ көпес деген мағына білдіреді. Бұл капиталдың бастапқы қорлану дәуірінде дүниеге келген сауда-өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық теориясы мен саясаты.
Физиократия французша physiocrates, грек тілінен φύσις - табиғат және κράτος -күш, билік деген мағынаны білдіреді. Физиократизм XVIII ғасырда, шамамен 1750 жылы Франсуа Кенэ негізін салған француз экономикалық мектебі.

Меркантилизм - байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинау беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері - Антуан де Монкретьен, Томас Мэн, Жан Батист Кольбер, У. Стаффорд. Меркантилистер қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп білді, яғни сыртқы сауданың мақсаты елге алтын және күмісті көптеп тарту. Меркантилизмге 2 жақты сипаттама беруге болады:
Ол капиталдың бастапқы жинақталуы кезеңінде мемлекет байлығын көбейтудің және сауда буржуазиясын жақтайтын мемлекеттің экономикалық саясаты ретінде
Айналыс саласында байлықтың ұлғаю заңдылықтарын және мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттің меркантилистік саясатын негіздейтін теориялық концепция ретінде

Меркантилизм мектебі өкілдері
Томас Мэн
Антуан де Монкретьен
Уильям Стаффорд
Жан Батист Кольбер

Физиократия мектебі өкілдері
Франсуа Кенэ
Анн Жак Тюрго
Виктор де Мирабо
Дюпон Неймур

Физиократия - бұл мектептің негізін салушылар - француз ғалымдары Франсуа Кенэ мен Анн Тюрго. Физиократтардың пікірінше, қалыпты қоғам тепе-теңдікте тұруы керек және оған жету үшін ақшаны жинамай, ауыл шаруашылығын дамыту керек. Себебі жер байлықты көбейтетін бірегей қасиетке ие болмақ. Олардың экономикалық теориясының негізі «таза өнім» болды. Таза өнім бұл - жерді өңдеуден алынған өнімнің артығы түсінілді. Кенэ таза өнімге байланысты 3 тапты бөліп көрсетті:
Өндіруші тап - таза өнімді өндіретіндер, яғни жерді өңдеуші жұмысшылар
Иемденуші тап - жер иеленушілерді және билік басындағларды қамтыды
Өндірмейтін тап - жер өңдеумен айналыспайтын адамдар





Сипаттамалар
Меркантилизм
Физиократия
Байлық көзі
Ақша (алтын мен күміс)
Құнарлы жер мен оның өнімдері
Негізгі экономикалық ортасы
Сыртқы сауда мен өндіріс(өнеркәсіп)
Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі
Мемлекеттің рөлі
Экономикалық іс-әрекетті бақылауға қажетті
Экономикалық процесте қажетсіз(табиғатта өздігімен болатын құбылыс)
Экономикалық саясат принципі
Протекционизм
Экономикалық либерализм
Экономикалық өсудің концепциясы
Ақшаның ағылуын экспорттың көлемін көбейту, яғни актив сальдо арқылы келеді
Мемлекет қаражатын материалдық өндіріс саласындағы өнімді еңбек арқылы көбейту
Макроэкономикалық тепе-теңдік принципі
Мемлекеттің бақылауы нәтижесінде
Нарықтағы ұсыныс пен сұранысты өздігінен бақылау салдарынан

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz