ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ


Slide 1

Төлем балансы

Slide 2

«Төлем балансы» ұғымын ғылымға ХVІІІ ғасырда меркантилизмнің соңғы өкілі, шотланд экономисі Джеймс Стюарт (1712-1780) енгізген.

Төлем балансын құрудың əдістері жүйелі түрде Англия мен АҚШ-та алғаш рет қалыптасты.

Ал қазіргі уақытта, төлем балансын құрудың толық сызбасы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) ұсынысымен жасалады.

Slide 3

Төлем балансы

Төлем балансы - əдетте, бір жыл уақыт аралығында резиденттер мен резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне қаржылық келісімдер туралы статистикалық есеп-қисап. Төлем балансын талдау негізінде қандай да бір елдің сыртқы

экономикалық тепе-теңдікке жете алу мүмкіндігін түсіндіруге болады.

Төлем балансы бухгалтерлік есеп нысанында жүргізіледі жəне қосарлы шот принципіне негізделеді, яғни барлық экон омикалық келісімдердің екіжақты жазбасы болады.

Бұл отандық экономика субъектілері мен сыртқы орта арасындағы кез келген экономикалық келісім осы баланста екі жақты сипатқа ие болады деумен түсіндіріледі.

Төлем балансы бабының кредиті бойынша жазу екінші бір баптың дебеті бойынша жазумен теңестіріліп отырады.

Slide 4

кредит

Slide 5

Дебет

Slide 6

Төлем балансының осындай бухгалтерлік операцияларының экономикалық мəні бар: көптеген экономикалық операциялар құндылықтармен айырбас жүргізуді сипаттайды.

Тəжірибе жүз інде кредит сомалары мен дебет сомалары бір-біріне сəйкес келмеуі мүмкін жəне бұлардан басқа кейбір экономикалық операциялар есепке алынбай қалуы да мүмкін.

Кредит пен дебет арасындағы айырмашылық шот сальдосы деп аталады.

Slide 7

ХВҚ-ның талдамасы бойынша төлем балансының құры- лымы мынадай негізгі үш шоттан құралады жəне оны төмендегі кестеден көруге болады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Ағымдық трансферттер балансы біржақты тəртіппен орындалатын қаржы құралдарының немесе тауарлық ағындардың қозғалысын қарастырады.

Slide 11

Капитал қозғалысы жəне қаржы операцияларының шоты (қысқашасы «капитал қозғалысы шоты») да кредиттік жəне дебеттік операцияларды көрсетеді, бұл жер сəл өзгешеліктер бар.

Slide 12

Сауда балансы - белгілі бір уақытта (ай, тоқсан, жыл) құндық сипаттағы енгізілетін жəне сыртқа шығатын тауарлар арасындағы арақатынасты көрсететін қандай бір елдің немесе

əлемдік нарықтағы елдер тобының экономикалық жағдайынан хабардар ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бір түрі. Сəйкесінше, бұл баланс тек сауда ағындарының баптарымен ғана жүріп отырады.

Slide 13 Slide 14

Төлем балансының тапшылығы ағымдық операциялар шот ы мен капитал қозғалысы шоты сомаларының бір-біріне тең болм айтындығымен түсіндіріледі.

Төлем балансы тапшылығының мəнін толық түсіндіру үшін төлем балансының үшінші шоты - ресми валюталық резервтер өзгерісі категориясын қолдануға тура келеді.

Бұл жерде Орталық банк төлем балансының тапшылығын валюталық интервенциялар құралымен реттейді, яғни ол жеке сектор ретінде шетел валютасын сату жəне сатып алу операцияларын жүзеге асырады.

Олай болса, валюталық интервенциялар Орталық банктің ақша-несие саясатының ашық экономикадағы төртінші жанама құрал ы болып табылады.

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Пайдаланылған әдебиеттер

А. В. Сидорович, Ә. Ә. Әбішев «Ұлттық экономика»: Оқулық - Алматы: «ЖШС РПБК Дәуір», 2011. - 616бет

ДоғаловДоғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/- 2-бас., өңд. жəне толықт. - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012 - 416 б.

3. С. Әкімбеков, А. С. Баймұхаметова, У. А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. - Астана: 2002. - 464 бет


Ұқсас жұмыстар
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ
Несие туралы
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы
Табыстар және ақшалай қаржылар есебі
Ұлттық Банктің негізгі функциялары
ҰЖЫМДЫҚ БУХГАЛТЕРЛІК
Актив Қысқа мерзімді
Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквивалентті есебі
Ақша қаражаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz