Антика дәуіріндегі философия аясында жеке ғылымдардың бастауларының пайда болуы
Презентация қосу
Антика дәуіріндегі
философия аясында жеке
ғылымдардың
бастауларының пайда болуы
ЖАЛПЫ ШОЛУ
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық
құрылыстың орнына құл иеленушілік
құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы
философтары стихиялы материалистік
бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар
бүкіл дүниені тұтастай алып қарап,
әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы
бастамасын табуға тырысты.
СҰРАҚ:
Антикалық
философтарды
«физиктер» деп атаған.
Неліктен?
ЖАУАП:
Себебі, көне грек
философиясының негiзгi тақырыбы
– ғарыш және физика, олар
философиялық ойларын табиғат
құбылыстарымен байланыстыра
отырып тұжырымдаған. Мұндай
философиялық пікірді философияда
«натурфилософия» деп атайды.
Антикалық философия өзінің даму тарихында
үш кезеңнен өтті:
1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.).
Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым
болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер
мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық
көзқарастың негізі қаланады.
2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен
Аристотель философиялық еңбектерімен
ерекшеленеді.
3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ.
басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік
мектептер басымдылық танытқан кезең.
• Милет мектебі - Грекиядағы ең көне
материалистік философиялық мектеп.
Милет қаласы сауданың, теңізде
жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы
болды, ал бұл жағдайлар Фалес,
Анаксимандр және Анаксимен секілді
көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен
ғылыми ынта-талабының жан-жақты
өрістеуіне жағдай жасады. Олар
математика, география, астрономия
салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
• Көне грекияның атақты философы Фалестiң
пiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға
айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы
бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та
осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң
сапалық жағдайының мәнi мен байланысының
айырмашылығы – осыдан алғашқы орынға
шығады.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi
түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең
батыл, таңқалдыратын тiрлiк иесi дедi.
• Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде
әлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады
деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы
түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын
оның тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен – материалист. Оның iлiмiнше
барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан
пайда болады және қайтадан соған айналады.
Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат.
• Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешелiгi мен ең маңызды
табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты.
Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460 ж.) шындық дүниенiң
өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң –
аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-
қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың
негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат
құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылар
күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және
өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде
онда жаңарған су болады. Қоршаған ортаның салыстырмалығын
мойындаған: «Теңiз суы адам үшiн – кiр, балық үшiн – таза». Адам әр
жағдайда әртүрлi жақсы да, жаман да амал жасайды. Табиғаттағы
осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты ол
жалпыға бiрдей «логос» заңдылығы деп атады. Демек, «логос» –
әлемдiк ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы тану дұрыс деп
есептедi.
• Пифагор (б.з.д.584-500 ж.) ежелгi грек философы, әрі
математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi – сан деп
есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға
теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да
болады», – дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы
әлем бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен
қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен еркек,
т.б.) көрсеттi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың бөлiгi, ол
иррационалдық сандар туралы ғылымның негiзiн қалап,
математиканың дамуына елеулi үлес қосты. Оңтүстiк
Италияда Пифагор одақ құрып сан мистикасы,
сфералардың ғарыштық гармониясы iлiмдерiн таратты.
Ол жанның өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн
неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz