Ағзаның метеотроптық реакциялары: ауа-райы факторлары, физиологиясы және клиникалық әсерлері


Slide 1

Ағзаның метеотропты реакциясы

Slide 2

Мақсаты:

Жаңа тақырып бойынша толық мағұлмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған және әр түрлі патологиясы бар науқастарды емдеу барысында климаттық - ауа райы факторларын қолданған.

Slide 6

Ауа райы

Ауа райы деп, белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат, тәулік, апта) тән, атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын түсінеді.

Ауа райын сипаттайтын негізгі элементтеріне күн сәулесінің қарқындылығы мен белсенділігі, атмосфераның электрлік жағдайы, Жердің магниттік өрісінің кернеулілігі, геомагниттік белсенділіктің өзгеруінің тез не баяу жүретіндігі және оның айқындылық дәрежесі, атмосфералық қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлытты болуы, жауын-шашындар жатады

Slide 7

Климат

Климат берілген ауданда көптеген жылдар бойына тұрақтанған, заңды түрде қайталанып отыратын ауа райының режимі болып табылады. Ауа райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуы ең алдымен, табиғи факторлармен - күн сәулесі, ауа массасының айналымы, жер бетінің жабындысы (беттік төсеніш) және бедерімен, теңіздер мен мұхиттардың жақындығымен қамтамасыз етіледі.

Slide 8

Күн сәулесі

Күн сәулесінің электромагниттік бөлігінің есебінен атмосфераның жылынуы жүреді, бұл, тікелей күн сәулесі атмосфера қабатынан өткен кезде және күн сәулесімен жылынған жер бетінің жылуын беруі нәтижесінде іске асырылады. Бүл үрдіске ең улкен улесті жер беті қосады, себебі ол күн сәулесі энергиясының 47% дейінгі бөлігін сіңіріеді және жылуға айналдырады.

Slide 9

Ауа райының кезеңдік емес өзгерістері науқас адамдармен дені сау адамдарда да метеотроптық деп аталатын реакциялар дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Дегенмен, бейімделу механизімі жақсы дамыған дені сау адамдардың көбінде әдетте, қолайсыз ауа райы кезінде көңіл-күйі мен денсаулық жағдайында ешқандай өзгерістер байқалмайды. Метеотроптық реакциялар кез келген, типті өте қолайлы климаттық зоналарда да байқалуы мүмкін, ол адамның метеоөзгерістерге тұрақсыздығына - ауа райы факторларының әсеріне сезімталдылығына байланысты. Физиологиялық бейімделу механизмінің даму ерекшеліктеріне байланысты дені сау адамдар да, көбінесе қарт адамдар, балалар, жүктілік кезеңіндегі және босанған әйелдер метеотұрақсыз болуы мүмкін. Бірақ, науқас адамдар ең сезімтал болып табылады, себебі, олардың науқасы бейімделу қабілетін төмендетеді. Метеотроптық реакциялар көбінесе жүрек-қантамырларының, тыныс мүшелерінің, эндокриндік жүйенің, ас қорыту мүшелерінің, тірек-қимыл аппаратының, тері, көз, жүйке-психикалық аурулары бар науқастарда жиі кездеседі.

Патологиялық реакциялардың пайда болуына, бұрын саналғандай, тек атмосфералық қысымның күрт ауытқуы ғана емес, сонымен бірге, күн және геомагниттік толқулардың, атмосфералық электрліктің өзгеруі, температура және ылғалдылықтың кезеңдік емес өзгеруі, күшті жел, жауын-шашындар, фронттар, циклондар мен антициклондардың өтуі әсер етеді.

Slide 10

Рефлексия

Нені үйрендім?

Нені үйренгім келеді?

Не қызық болды?

Не қызық болмады?


Ұқсас жұмыстар
Ауа температурасы және ауа райы болжамы: өткен шақтың грамматикасы мен жаттығулары
Ауа райы және оның негізгі құбылыстары: элементтер, ауа массалары және болжау әдістері
Ағзаның ноцицепциялық және антиноцицепциялық жүйелері: құрылымы мен физиологиясы
Жауын-шашын мен ауа райы: түрлері, өлшеу, таралуы және бақылау
Ағзаның бейспецификалық тұрақтылық факторлары мен сыртқы-ішкі тосқауылдары
Апта.kz апталық оқыту жоспары: жұмбақтар, физика, ғарыш және ауа райы
Атмосфера, ауа райы және климат: сайысқа негізделген қайталау сабақ жоспары
Атмосфера және гидросфера: ауа райы, климат және су айналымы бойынша сабақ жоспары
Ауа, су және ауа райы: ашық сабақ, №204 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп, Әйтеке би кенті, 2014-2015 оқу жылы
Атмосфера мен тропосфераның жер бетіндегі климаттық үдерістер мен ауа райы құбылыстарына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz