Кеңес беруші


Slide 1

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары: тырысқақ, дизентерия және басқа ауру қоздырғыштары, осы аурулардың тасымалдаушылары. Алдын алу шаралары; шыбындармен, тарақандармен күресу, жеке бастың гигиенасы.

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің аурулары

Сабақтың мақсаттары

Асқорыту мүшелерінің ауруларының:

-себептерін

- алдын алу жолдарын білу

Бағалау критерийлері

асқорыту жүйесінің ауруларын атайды

асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады.

Slide 3

Тырысқақ вибрионы

Тырысқақ

Ауруды қоздырушы: тырысқақ вибрионы

Таратушы: шыбындар, таракандар

Slide 4

Дизентерия (қантышқақ)

Шигелла(Shigella) тобының микробтары туғызатын жұқпалы ауру, көбінесе тоқ ішектің кілегейлі қабықшасы зақымдалады. Дизентерия таяқшасы ауру адамдардың нәжісімен ластануы арқылы су қоймаларында, азық-түліктерде, топырақта пайда болады.

Slide 5

Жұғу тәсілдері

Slide 6 Slide 7

Іш сүзегі

Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, сипатталтын антропанозды жедел инфекция.

Slide 8

Белгілері

Slide 9

Гастрит

Гастрит - асқазанның кілегей қабатының қабынуы

Slide 10

Гепатит - бауырдың ошақты, диффузды, созылмалы қабынуы

Сау бауыр

Гепатитке шалдыққан бауыр

Slide 11

Созылмалы гепатит

Slide 12

Емделуші

Дәрігер

Кеңес

беруші

Рөлдік ойын

Slide 13

Емделуші: өзіне берілген ауру түрінің барлық белгілерін айтып көрсетеді.

Дәрігер: Аурудың белгілеріне қарап, аурудың түрін анықтайды / диагноз қояды/ және аурудың пайда болу жолдарын айтады. Аурудан емделу жолдарын айтады.

Кеңес беруші: Аурудың алдын алу жолдарын айтып, кеңес кітапшасын ұсынады.

Slide 14

Рөлдік ойынға қатысушылар

Қызыл

Қызыл сары

Жасыл

Емделуші

Аурудың белгілерін толық көрсете алады. Аурудың белгілерін дәрігерге толық жеткізеді. Актерлік шеберлігі жоғары.

Аурудың белгілерін біледі, бірақ көрсеткенде толық жеткізбейді. Дәрігерге ауру түрін сипаттайды.

Ауру белгілерін толық білмейді. Аурудың белгілерін көрсеткенде қиналады. Дәрігерге ауруды толық сипаттай алмайды.

Дәрігер

Емделушінің ауру белгілеріне қарап, ауру түрін анықтайды. Диагнозды дұрыс қояды. Аурудың қайдан және қалай пайда болғанын сипаттайды. Ауруды емдеу жолдарын нақты айтады.

Емделушінің ауру белгілеріне қарап, ауру түрін анықтайды, бірақ диагнозды толық айтпайды. Аурудың қайдан және қалай пайда болғанын сипаттайды, бірақ ауруды емдеу жолдарын нақтыламайды.

Ауру белгілеріне қарап емделушінің ауру түрін анықтайды, бірақ оны дұрыс түсіндірмейді. Диагноз қоюда қиналады. Актерлік шебірлігі көрінбейді.

Кеңес беруші

Аурудың алдын алу жолдарын кеңес кітапшасына түсіріп, оны толық талдап береді. Сөз мәнері мен актерлік шеберлігі өте жоғары.

Кеңес кітапшасын жасайды, бірақ онда аурудың алдын алу жолдары толық көрсетпейді.

Кеңес кітапшасын жасай алмайды, аурудан қалай алдын алу керектігін толық жеткізбейді.

Рөлдік ойынды бағалау

Slide 15

Алдын алу шаралары

• Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.

• Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.

• Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.

• Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған, пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс, көкеніс) немесе қабығынан аршылған, т. б. ) . Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.

• Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.

• Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.

• Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн.

Slide 16

Ішек-құрт аурулары

Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20

Дұрыс тамақтану

Slide 21

Диетология- тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым.

Slide 22 Slide 23 Slide 24

Аурудың аты

Қоздырушы

Таратушысы/ жұғу тәсілі

Белгілері

Алдын алу шаралары

Тырысқақ

Дизентерия (қантышқақ)

Іш сүзегі

Ішек- құрт аурулары

Slide 25

Тамақтану пирамидасын толтыр;

Slide 26

Қорытынды

Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады. Асқазан-ішек ауруларын, ішек-құрт ауруларын алдын алу үшін адам өзінің жеке басының тазалығына зор мән беру керек. Сонымен көпшілік орындарда да гигиеналық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Тамақтан уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта ұстау; жылы жерде сақталған шұжық, қалбырлы ыдыстағы консервілерді пайдаланбау керек. Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады.

Адам пайдаланатын тағам әр түрлі, әрі қуаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт.

Slide 27

Рефлексия

Мен сабақта . . . білдім

Маған . . . ұнады

Мен үшін пайдалы . . . болды

Менің . . . ұсынамын

Үй тапсырмасы: ас қорыту жолы аурулары тақырыбына

байланысты 10 сөзге глоссарий дайындау


Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес жұмыстары
Психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі
Клиентке бағытталған терапия
экономикалық институттар,меншік және кәсіпкерлік
Консультантқа бару мотивтері
Практикалық кеңес беру түрлері
Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті
Қазкоммерц Инвест компания туралы
Инновациялық жобаның өмірлік циклы
Жоспардың нақтылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz