Бақалар - қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына жататын тұқымдастар тобы




Презентация қосу
Тақырыбы: Бақалар

Қарағанды 2016
Пайдаланған әдебиеттер
1. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы «Мектеп» баспасы
Алматы 1970
2. Т.Б.Балмағанбет Омыртқалылар зоологиясының практикумы
Қарағанды 2006
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы
редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 -
1028 б. ISBN 9965-08-286-3
4. Бобринский Н.А. И др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М.,1966
5. Ромер А., Парсонс.Т. Анатомия позвоночных. Ч. 1,2. М., 1992
6. Лукин Е.К. Зоология 1981г
7. https://kk.wikipedia.org/wiki
Бақалар— қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына жататын
тұқымдастар тобы.
Бақаның қазба қалдығы эоцен дәуірінен белгілі. Қазіргі кезде оның
46 туысының 555 түрі Солтүстік, Орталық Америкада, сондай-ақ,
Еуропада, Азияда, Африкада кеңінен таралған. Қазақстанда Бақа
тұқымдасының 5 түрі (көлбақа, сүйіртұмсық, сібір бақасы, шөпбақа,
қызылаяқбақа) тіршілік етеді. Олардың денесінің ұзындығы 3 — 32
см, салмағы бірнеше г-нан 3,5 кг-ға жетеді. Денесі жалпақтау, артқы
аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді, секіріп қозғалады.
• Әлемдегі ең үлкен бақа- голиаф-
бақасы (Ranidae). Оның салмағы
3,250 кг, ал ұзыңдығы 32 см дейін
жетуі мүмкін. Сырт бейнесі
кәдімгі бақаға ұқсайды. Терісі
кедір-бұдырлы, қоңыр-жасыл,
кеудесі сарығыш түсті. Сарқырама
мен тропикалық өзендерде
тіршілік етеді. Өзінің туыстарына
қарағанда, голиаф-бақасы су тап-
таза, әрә ауаға толы толғаның
жақсы көреді.
• Әлемдегі ең кішкентай бақа-
Ноблела (Noblella pygmaeа).
Оның кішкентайлығы
соншалық- оны ерек кезіндегі
өлшемі 10-13 мл. Және оның
терісінің түсі қоңыр,
сондықтан оны көру қиын.
Олар оңтүстік Перудегі мәңгі
жасыл ормандарда, теңіз
деңгейінен 3000 м жердегі
Анды тауларында мекендейді.
Өмір бойы бір орында
мекендейді.
• Листолаз(Phyllobates terribilis)-
әлемдегі ең улы жануарлардың
бірі және ең улы бақа.
Листолаздың терісі өте күшті у-
батратоксинмен қапталған. Оның
бір өкілінің уымен 10 ересек
адамды өлтіруге болады. Олардың
ұзыңдығы 2,5 см , тропикалық
ормандардағы кішігірім
территориядада Колумбияның
жағасында мекендейді.
Листолаздың терісінің түсі сары,
ашық жасы, қызғылт-сары
болады.
Шыны бақа-(лат. Centrolenidae)
құйрықсыздар тұқымдасына
жатады. Қою жасыл түсті, кәдімгі
бақаға ұқсас. Айырмашылығы оның
іші шыны тәрәздес, өйткені ол
арқылы оның барлық ішкі
құрлысын – бауыр, жүрек,
ішектерін, кейде аналықтардың
уылдырығын да көруге болады.
Олар Оңтүстік Америка, Орталық
Америка кездеседі. Ішінің шыны
тәрәздес болғаның ескермесек,
кәдімгі бақадан ешқандай
айырмашылығы жоқ.
• Бақаның терісінде ерекше зат табылған.
Ол тередегі ашық жараның тез жазылуына
сонымен қатар теріге енген бөгде
заттардың, бактерияның, микробтардың
жойылуына әсер еткен. Улы ағзаларда
өздерінің уын шығаратын арнайы
мүшелері болады. Мысалға, жыландарда
ол – тісі. Бақаның уы өте күрделі қосылыс.
Негізгі бақаның уы оның терісінде сұйық
түрінде кездеседі және ағзаға бірден
сіңімді түрде өтеді. Улы бездері
физиологиялық активті заттардан
молекулалардан, пептидтерден,
аминдерден және биоактивтілігі жоғары
заттардан тұрады. Құрамына биологиялық
активті заттар кіреді: брадицин —
қанайналымды жақсартады, церулин-
бұлшықеттің жиырылу қызметіне
қатысады, бомбезин — жәндіктердің дене
температурасын түсіреді және бір қалыпқа
келтіреді. Буфотин — жүйке жүйесіне әсер
етеді. Удың әсер ету механизмі көптеген
антибиотиктерге қарағанда 5 есе қүшті
Бақа еті кейбір елдерде (Франция, т.б.)
тағам ретінде пайдаланылады. Бақа,
сондай-ақ, ғылыми-зерттеуге, тәжірибе
жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Бақа — Еуропада (Франция, Бельгия,
Дания, Болгария, Югославия, Грекия,
Румыния), сонымен қатар Оңтүстік-
Шығыс Азияда (Қытай, Сингапур,
Малайзия, Бирма, Таиланд, Камбоджа,
Лаос және т.б.) кеңінен таралған және
экзотикалы да емес, жағымсыз да емес
тағам болып табылады. Тағамға жасыл
бақалардың тек сан еті қолданылады.
Дайындау технологиясы да қарапайым:
жартылай дайын өнім лимон қосылған
суық суға 2—4 сағатқа салынады, содан
кейін әр түрлі қоспасы бар сұйық
қамырға (клярға) малып алып қуырады.
Тест
1. Әлемдегі ең кішкентай бақа:
A. Голиаф
B. Нобелла
C. Ядовитая стрела
D. Листолаз
E. Кокой бақасы
2. Әлемдегі үлкен бақа:
F. Голиаф
G. Нобелла
H. Ядовитая стрела
I. Листолаз
J. Кокой бақасы
3. Ең үлы бақа:
K. Голиаф
L. Нобелла
M. Ядовитая стрела
N. Листолаз
O. Кокой бақасы
Түйіндеме
Сонымен, бақалар— қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына
жататын тұқымдастар тобы.
Әлемдегі ең үлкен бақа- голиаф-бақасы (Ranidae).
Әлемдегі ең кішкентай бақа- Ноблела (Noblella pygmaeа).
Листолаз(Phyllobates terribilis)- әлемдегі ең улы жануарлардың бірі және
ең улы бақа.
Ең ерекше бақа- шыны бақа-(лат. Centrolenidae) құйрықсыздар
тұқымдасына жатады
Бақаның терісінде ерекше зат табылған. Ол тередегі ашық жараның тез
жазылуына сонымен қатар теріге енген бөгде заттардың, бактерияның,
микробтардың жойылуына әсер еткен.

Ұқсас жұмыстар
ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДІҢ КӨБЕЮІ
Қосмекенділер құрылысы
Қосмекенділер класы туралы
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класын қайталау
Жорғалаушылар класының отрядтары
ҚОСМЕКЕНДІЛЕР КЛАССЫ
Құйрық омыртқасы
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Қаздар тұқымдасы
Пәндер