Дүниетану сабақтарының әдістемелік жиынтық


Slide 1

Бастауыш сыныптардағы дүниетану сабақатарының материалдық базасы

Slide 2

Курстық жұмыстың мақсаты:Бастауыш сыныптардағы дүниетану сабақтарының материалдық базасының мазмұнын әр сынып бойынша талдау, оқыту процесінде жүзеге асыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Дүниетану сабақтарының жалпы материалдық базасымен танысу.

-Дүниетану сабақтарында материалдық базаны жүйелі қолдану.

Slide 3

Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері.

Дүниетану пәні бойынша оқыту әдістері

Slide 4

Әңгіме кезіндегі сұрақтарға қойылатын талаптар:

Әңгіме ауызша айту әдісінің бір түрі. Дүниетану сабақтарында жиі қолданылатын әдіс. Әңгіме балаларға қойылатын сұрақтардан, олардың жауаптарынан мұғалімнің түсіндіруінен және ең соңғы жинақтайтын қорытындыдан тұрады.

Slide 5

Сурет бойынша әңгіме

Сабақта өтілетін тақырыпқа сәйкес келетін суреттерді талдайды. Мысалы, «Отбасы» деген тақырыпты өткен кезде, мұғалім «Отбасы » деген суретті іліп қойып, сол бойынша мынадай әңгіме өткізеді: Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп отыр? Бұл адамдар тобын не дейміз?. Отбасы мүшелерін атайық?

Сұрақ бойынша суретті талдау арқылы балалар жаңа мағлұматтар алады, өйткені мұғалім олардың әрқайсысының қайтарған жауабына өзінің түсіндірмесін қосып, оқушылардың шүбәлі жауаптарын түзетіп отырады.

Slide 6

«Дүниетану» оқулығынан «глобус- жердің дәл үлгісі» деген сыныпта оқылған әңгіме бойынша әңгіме өткізу мысалын келтіреміз.

Оқығаннан кейін түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді талдайды, содан кейін әңгімені ішінара оқыта отырып, мына сұрақтар бойынша әңгіме өткізеді. Неліктен глобус жердің дәл үлгісі? Глобустан экватор сызығын табыңдар. Экватор сызығы қызметі қандай ? Экватор дегеніміз не?

Глобустан экватор сызығын табыңдар. Экватор сызығы қызметі қандай ? Экватор дегеніміз не?

Глобуспен жұмыс

Slide 7

Мені практикамда 4 сынып оқушыларына жаңа білім беруде Жер шарында 4 мұхит бар: Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік мұзды мұхит деп түсіндірдім. Картадан көрсетім

Оқылған материал негізінде картамен жұмыс

Slide 8

Сұлба мен Карта

Сұлбада жердің барлығы үстіңгі жағынан қарағандағы көрінісімен беріледі. Онда заттың өз түсі, көрінісі болмайды, тек оның тұрған жері ғана белгіленді.

Сұлбаның айырмашылығы

Картаның айырмашылығы

сұлбада шағын аумақ (территория) кескінделеді, масштабы ірі болады;

картада үлкен аумақ қамтылады да, масштабы кіші болады. Шартты белгілердің айырмашылығын көрсетеді.

Карта дегеніміз -жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі

Slide 9

Модель - зат пен құрылыстардын, барлық детальдарын сол қалпында қайталайтын көшірмесі.

Модельдердің танымдық маңызы өте зор.

Көрнекі оқыту құралы ретіндегі модель

Slide 10 Slide 11

Ұйымдастырылуы

Маңызы

Мұғалім оқу экскурсияларын алдын-ала жоспарлап: өткізетін жерін, мазмұнын, уақытын белгілейді, көріп білуге барынша айқын объектілерді таңдап алады.

Оқушылар мұғалімнің басқаруымен экскурсия жасағанда бүкіл табиғатты оның алуан түрлілігімен бірге білетін болады. Олар заттарды толығырақ қабылдайды.

Экскурсия - бұл объектілер мен құбылыстарды олардың табиғи ортасында - табиғатта және жасанды жағдайларда - хайуанаттар паркінде, бақтарда, оқып үйрену.

Алғашқы сабақ өте маңызды сабақ болып табылады, оны тікелей табиғатта ұйымдастырған жөн.

Slide 12

Дүниетану пәні бойынша білімдерін треңдетіп қана қоймай, табиғатты қорғау жөнінде шараларды іске асыруға мүмкіндік береді

Пайдасы

Мұғалімінің қызметі

КВН (көңілділер мен тапқырлар клубы), бұл кіші жастағы оқушылардың ойлағыштығын, есте сақтауын тапқырлығын, логикалық ойлауын, шапшаңдығын дамытуда үлкен рөл атқарады.

Сценарий құруда мұғалімнің рөлі үлкен,

өйткені кіші жастағы оқушылардың өз бетімен әр түрлі тапсырмаларды ойлап табуы қиын.

Қойылатын сұрақтар балалар оларға тапқырлықпен жауап бере алатындай қызықты да, нақты болуы қажет. КВН өткізгенде мұғалім көптеген қызықты материалдар мен ойындарды пайдалану керек.

Slide 13

Дүниетану сабақтарының материалдық базасы

Slide 14

1-сыныпқа арналған оқулықтарына тоқталсақ, оқулықтың материалы жеткізу жөніндегі ерекшелігі, онда балаларға негізгі оқу информацияны суреттер береді. Тексттер қысқа, шымыр жазылған мақалалар, шағын əңгімелер мен түсініктемелер, сұрақтар тапсырманың айқын жүйесі ретінде берілген. Əрбір бетте суреттер. Сол суреттерге сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Оқулық стандарттағы блок мазмұнына сəйкес құрылған.

«Адам» блогында 1-сынып оқушыларды адамның сезім мүшелерімен таныстырады. Əрбір тақырыптан кейін «Есіңде болсын!» деген қысқа қорытындылар берілген.

«Табиғат» блогында тақырыптар жыл мезгілдеріне қарай құрылған.

«Қоғам» блогында отбасы, мектеп, ауыл, қала, Отан, туған ел тақырыптары топтастырылып берілген. Сонымен қатар,

бала құқықтары жөніндегі конвенция, бала мүддесін қорғау жөнінде айтылады. Оқулық қоршаған ортаны қорғау тақырыптарымен аяқталады.

Slide 15

2-сынып арналған оқулықтағы материал стандартқа сай. Құрылу принципі өлкетану. «Адам» блогында материал адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты берілген.

«Табиғат» блогында көкжиек компосының құрылысы, сурет жəне сұлба, деген тақырыптардан басталады. Өсімдіктердің көбею жолдары, жануарлардың тіршілікке қажетті жағдайларға бейімделуі туралы танысып отырады. Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабымен танысады.

«Қоғам» блогында Отанның рəміздері, адамның шаруашылығының түрлерімен танысады.

Оқулықтағы материалдар соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.

Slide 16

3-сынып оқулығы стандартқа сай құрылған. Оқулық 17 тараудан құралған.

«Адам» блогында «Адам - табиғат перзенті» деген бағытта берілген. Адамның сезім мүшелері, ас қорыту, қан айналым, тыныс алу жəне жарақат алғанда алғашқы жəрдем көрсетумен таныстыру.

«Табиғат» блогы табиғатта зерттеу əдістері туралы оқушыларға түсінік беру. Денелер, заттар, құбылыстар, географиялық карта, өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі мен тіршілік ету ортасы қарастырылады.

«Қоғам» блогында Отан, ел рəміздері, елді басқару органдары, қазақ халқы дəстүрлері туралы танысады. Мəтіндер бойынша суреттер берілген. Мəтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың білім деңгейлеріне сəйкес келеді. Сөздік жұмбақтар, мақал-мəтелдер, сарамандық жұмыстар берілген. Оқулық иллюстрациямен жақсы жабдықталған. Ең басты мəселелері Отанның табиғаты, табиғат байлықтары туралы.

Slide 17

4 сынып оқулығы стандартқа сай құрылған. Материалдар блоктар бойынша бөлініп қарастырылады. Әрбір тақырыптың немесе мақаланың алдында проблемалық сиапаттағы тапсырмалар мен сұрақтар берілген.

Оқулықтың ең басты мәселері-Отанмыздың табиғаты, табиғат байлықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, сұлба мен картаны үйрету, кескін картаны толтыру, т. б.

«Адам» блогындағы берілген материал адамның шығу тегімен оқушыларды таныстырады.

«Табиғат» блогындағы еліміздің ғарыш әлемі жайлы және жердің өз кіндігінен айналуы және күнді айналып қозғалуы баян етіледі.

«Қоғам» блогында отбасы, мектеп ауыл, қала, Отан, туған ел туралы таныстыра отырып, оқушының болашақ өз елінің еңбекші-қайраткері екендігіне түсінік беру.

Slide 18

Дүниетану сабақтарының әдістемелік жиынтық

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді жоспар
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Жаңартылған білім беру бағдаралмасы
Роза қолдану Қалалық сайыс
Шағын жинақты мектептерде сабақ беруді ұйымдастыру ерекшеліктері мен нәтижелігі
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Шаттық шеңбері
Реакцияға қатысқан қажетті заттардың массасын, зат мөлшерін есептеу
Сабақ жоспарлау
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz