Әскери қызметін атқару соғыстыңбатыс барысында Черчилль майданында қызмет


Slide 1

Уинстон Черчилль

Орындаған: Олжатаева Жаркынай

ДФ 23с

Slide 2

Сэр Уинстон Леонард Спенсер -Черчилль (ағылш. Sir Winston Leonard Spencer-Churchill, (30 қараша 1874 жыл, Бленһайм, Оксфордшир Англия - 24 қаңтар 1965 жыл, Лондон, Англия) - көрнекті британиялық мемлекет қайраткері, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Құрама Патшалыққа жүргізген жетекшілігі арқылы белгілі.

1940-1945 және 1951-1955 жылдары Құрама Патшалықтың премьер-министрі қызметін атқарған, сонымен бірге көрнекті саясаткер, шешен, әскери офицер, тарихшы, Нобель сыйлығына ие болған жазушы және әуесқой суретші ретінде де танымал.

Сэр Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль

Slide 3

Өмірбаяны

Уинстон Черчилль 1874 жылдың 30 қарашасында Blenheim сарайы, Мальборо герцогтардың (Спенсер әулеті) атақонысы Бленһайм сарайында (Оксфордшир, Англия) дүниеге келген.

Черчилльдің әкесі - лорд Рэндольф Генри Спенсер Черчилль, Мальборо әулетінің 7-ші герцогының үшінші ұлы, атақты саясаткер болған: ол консервативтік партиясының қауымдар палатасының мүшесі және Қазынашылық канцлер қызметін атқарған.

Анасы - леди Рэндольф Черчилль, қыз кезінде Дженни Джером (ағыл. Jennie Jerome), бай америкалық бизнесменнің қызы болған.

Slide 4

Уинстон Черчилль

Әскери қызметін атқару барысында Черчилль Британия Үндістаны, Суданжәне екінші бур соғыстарында әскери қимылдарға қатысқан.

Ол соғыс тілшісі ретінде және сол соғыстар туралы жазған кітаптары туралы кең танымалдылыққа ие болды.

Ол қысқа уақыт бірінші дүниежүзілік соғыстыңбатыс майданында қызмет етіп, корольдық шотланд мылтықшыларының 6-шы батальонын да басқарған.

Slide 5

Саяси мансаппен айналысқан әкесі де, ақсүйектер өміріне берілген анасы да ұлына аз уақыт бөлді. 1875 жылы балаға деген қамқорлық бала бағушы Элизабет Энн Эверестке жүктелді. Оны тәрбиеленушісі шынайы сезіммен жақсы көрді және Чирчелль үшін ең жақын адамдарының бірі болды.

1893 жылы 28 маусымда Черчилль Ұлыбританияның ең атақты әскери училищелерінің бірі Сандхёрстегі Корольдық әскери училищеге үшінші рет (латын тілі бойынша жазбаша жұмыстарда қиындық болды) емтихан тапсырды. Бағаларының төмендігіне байланысты (102-ден 92 нәтиже) ол курсант-кавалерист болады да, жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше талапкерлер түсуден бас тарту арқасында анағұрлым даңқты жаяу әскер класына ауыстырылады.

Slide 6

Саясатпен алпыс жыл дерлік айналысқан ол көптеген саяси және үкіметтік лауазымдарға ие болған. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ол 1905-1915 жылдары сауда комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, Адмиралтействоның (әскери-теңіз министрлігі) бірінші лорды қызметтерін атқарды.

Соғыс кезінде сол бірінші лорд қызметін зор жеңіліс және сәтсіздікпен біткен Галлиполи операциясына дейін атқарды.

Үкіметтен сол үшін кетуге мәжбүр болған Черчилль кейінірек қайтып келіп, әскери жабдықтар министрі, әскери министр, әскери әуе күштері министрі қызметтерімен айналысты. Екі дүниежүзілік соғыстың арасында ол консервативті үкіметтің құрамында қазынашылық канцлері болған.

Slide 7

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Черчилль қайтадан адмиралтействоның бірінші лорды болып тағайындалды. 1940 жылғы мамырдың 10-да Невилл Чемберленнің отставкаға кетуімен ол премьер-министр болып тағайындалды. Оның жетекшілігіндегі Ұлыбритания соғыста Германия мен оның одақтастарын жеңе білді. Әрқашан өзінің шешендік өнерімен белгілі болған Черчилль сөйлеген сөздері арқылы британия халқына және одақтастар әскерлеріне зор рух беріп отырды.

1945 жылы болған сайлауда партиясы жеңілген Черчилль оппозиция жетекшісіне айналды. 1951 жылы ол қайтадан премьер-министр болып сайланып, 1955 жылы түбегейлі отставкаға кетті. Ол 1965 жылы қайтыс болып, мемлекеттік жерлеу рәсімімен жерленді. Оған көптеген елдерден мемлекеттік қайраткерлер келіп қатысып, Черчилльді соңғы сапарына шығарып салысты.

Slide 8

Пайдаланылған әдебиеттер:

Интернеттегі www. google. kz сайты.

Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы 2003ж.

Пайдаланыған әдебиеттер:


Ұқсас жұмыстар
Әскери карьерасы
Франклин Делано Рузвельт АҚШ-тың саяси лидері ретінде
Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы- өлке тарихының құрамдас бөлігі
Сотталған әскери қызметкерлерге қолданатын жазалардың атқарылу тәртібі мен шарттары
Кеңес өкіметі кезеңіндегі арулар бейнесі
Кожедуб өзінің төрт жас үлкендігіне қарамай
Қаныш Сәтбаев қазақ археологиясының бәйтерегі, ғалым
Тарихи инновациялық жоба
Отан соғысы кезінде күрескен мемлекеттер мен халықтардың әскери - саяси одағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz