Тынысалу мүшелерінің аурулары




Презентация қосу
ТЫНЫС АЛУ
МҮШЕСІ
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы
айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс,
науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны
тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі
арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18
тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның
салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді.
Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде
7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде
су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
◦ қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен
әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
◦ диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың
тыныс алуы) деп аталады.
Мұрын қуысы қызмет
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы
мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада
мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш
мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі
қабықпен және көп қан тамырларымен
жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен
ауаны дене температурасына дейін
жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны
ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен
микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған
микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады
(фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-
тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер)
арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын
қуысында жылытылған, ылғалданған және
тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге
түседі.
Көмей қызметі
Көмей - іші қуыс түтік,
қабырғалары сіңір, буын және
бұлшық еттермен қосылған
бірнеше шеміршек тұрады.
Көмейге ас бөлшектері немесе
басқа заттар түскенде, сондай-ақ
қабыну процестерінде адам қатты
жөтелгенде дем шығарылады. Бұл
көмейдің тазартылуына әсер етіп,
тыныстың төменгі бөлімдеріне
зиянды заттардың енуіне кедергі
келтіреді. Көмей ауаны
жұтқыншақ арқылы кеңірдекке
өткізеді.
Кеңірдек
Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан
ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол
кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына
кедергі келтіретін шеміршекті жартылай
сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның
қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап
қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ
қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін
жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде
омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға
бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол
жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы
ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке
тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері
- альвеолалармен аяқталады.
Өкпе
Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен
жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні
жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы
немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш
қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады.
Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-
дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп
жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра)
болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе
артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы
шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы,
төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы,
ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік
ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді,
бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары
ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі
тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары
көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның
ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар)
болады.
Өкпенің қызметі
Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық
(көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен
қанығып, көмір қышқыл газынан
ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға
айналады. Көмір қышқыл газы өкпе
көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару
кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары
қарай үлкен қан айналымы арқылы дене
мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын
ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында
жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп
шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже Қолдан тыныс алдыру
береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс
алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру
алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын,
белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс
алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін
науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды.
Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін,
көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады.
Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам
тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын
қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына
дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер
әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды
шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде
сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын
кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару). Шефер
әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем
көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16–18 рет ырғақпен
қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда
немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізілед
Тынысалу мүшелерінің аурулары
Туберкулез
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен
жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –
микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты
(1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар,
ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Жұқпалылығы: Жұқпалы аурудың тарайтын
негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен
туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не
кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған
үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады.
Туберкулездің түрлері: Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады.
Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің
мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде
қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса,
туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады
Емі: Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге
келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық,
хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын
болды.
Тұмау

Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететің өте кең таралған қауіпті
жұқпалы ауру. Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper,
ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының
жұқпалы вирустық ауруы.
Тұмаудың үш типі: А, В, С .
Инфекцияны қоздырушы –тұмаумен ауырған адам.
Тұмауды қоздыратын вирустар микробтар) тыныс жолының
кілегей қабығында өсіп-өнеді.Тұмау тиген адам аурудың
микробын жөтелгенде,түшкіргенде және қақырығы арқылы
ауаға таратады.
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза
бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын,
аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау
вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам
жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе
орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне
арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып,
жуылуға тиіс.
Тыныс алудың жүйкелік және
гуморальдық реттелуі
◦ Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады. Тыныс бұлшық
еттерінің қызметі сопақша мидағы ты¬ныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік
сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің
механорецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу
парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс —
өздігінен реттеле алатын құбылыс.
◦ Мұрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі
ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады. Кемей, кеңірдек және ауа-
тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда
болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс
шығару кызметтері гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2
көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2 тыныс сыртқа
шығарылады.
Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері
◦ Темекінін түтінінде ете улы зат — никотин бар. Темекі
түтшнің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне
20 тал темекі тартатын адам 90 миллиграмм шамасында
никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартканда — адам
уланады: басы айналады, жүрегі кағады, құсады, қол-
аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінін бәріне
зиянды өсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының
шырышты қабығын тітіркенді, қабындырады ,
қорғаныш қабілеті нашарлаған шырышты қабық
аркылы ауру туғызатын микробтар еркін өтеді.
Сондықтан темекі тартатын адамдар суық тию және т.б.
аурулармен жиі ауырады. Никотин қан тамырларын
тарылтады. Өкпе обырымен ауырғандардың 97 %-ы
темекі тартушылар. Себебі, темекіні ұзақ уакыт
тарткандыктан, жара пайда болады.
Суретті аңықтау
1.Мұрын қуысы

2.Көмей

3. Өкпе

4.Кеңірдек

5.Бронхылар
Сіз білесіз бе?
◦• Біз демалғанда немесе ұйықтағанда тек 3-4 секундта бір рет тыныс аламыз;
◦ • Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір етке дейін
жиілейді;
◦ • Адам біршама уақыт тыныштықта болса және үстіртін ғана тыныс алса, организмге
көбірек оттек қажет болғандықтан, есіней бастайды.Есінеу қосымша тыныс алуды
тудырады;
◦ • Есінеу кезінде миға қан барып,жақ пен бет бұлшық еттері қимылдап,адамды
сергітеді;
◦ • Демді сыртқа қаншалықты мөлшерде шығарғанына қарамастан,өкпеде жарты литр
ауа қалады.
◦• Өкпенің әрқайсында 250 миллион альвиоллалар бар
Сәйкестігін анықтау.

Сәйкестігін анықтау.
1.Мұрын қуысы А) шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады;

2.Көмей Ә) ауа жылытылады, зарарсыздандырылады,
ылғалданады және шаң-тозаңнан тазартылады;
3.Кеңірдек
Б) шеміршек сақиналарынан түзілген;
4.Бронхылар
В) сілемейлі қабықта иіс сезу жасушалары болады

Г) сүйекті шеміршекті қалқа бар;

Ғ) сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер
арасында дыбыс сіңірлері түзілген;

Е) қалқада үш қалқан орналасқан;

Ж) дыбыс түзіледі
«Терминдер сөйлейді»
◦Плевра -
◦Сероз -
◦Бронх -
◦Бронхиола -
◦Диафрагма -
◦Спирометр -
◦Газ алмасу -
◦Тіршілік сыйымдылығы –
Сұрақ−жауап ойыны
1. Қандай мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды?
2. Неліктен тыныс алуды тіршіліктің негізі дейді?
3. Мұрын қуысы құрылысының ерекшелігі мен маңызы неде?
4. Тыныс алудың ырғақтылығын немен түсіндіресің?
5. Тыныс алу мен тыныс шығару қалай жүреді?
6. Газ алмасу деген не?
7. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенді қалай түсіндіресің?
8. Адам неге жүгіру кезінде көп ауаны қажет етеді?
9. Өкпедегі ауа сыйымдылығын немен және неге өлшенеді?.
10. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі неге байланысты?
11. Тыныс алуға қандай факторлар кері әсер етеді?
12. Туберкулез ауруы деген не? Одан емделуге бола ма? Белгілері қандай?
13. Темекінің тыныс алу мүшелеріне қандай зиянды әсері бар?
14. Тұмау, суық тию, пневмония /өкпенің қабынуы/, плеврит және басқа да тыныс аурулары туралы не білесіңдер?
Қорытынды
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ алмасу қызметін
атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта
арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ
алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және
ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл
энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің
ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен
атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді. Тыныс алу
мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей
(көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен
қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді.
Үй тапсырмасы

1. §38,39,40 оқу.
2. “Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы немесе аурудың алдын алу шаралары”туралы тестер
құрастыру
Рефлексия
Білемін Білдім Білгім келеді

Ұқсас жұмыстар
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Кеуде қуысының ауруы
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Жүрек тамыр аурулары
Сөйлеуі бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы
Тыныс алу мүшелері
Өкпедегі газ алмасу
Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі
Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы
Тыныс алу аурулары
Пәндер