Клетка және органоидтардың құрылысы



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: Биотехнология, Биология
Тобы: Биомедицина 3 топ
Орындаған: Калыева С. К.
Қабылдаған: Ахтаева Н. З.
Тақырыбы: Клетка және органоидтардың құрылысы

Жоспары:
Жасуша - тіршіліктің ең кіші құрылымдық бірлігі
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның қозғалыс органеллалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жасуша - тіршіліктің ең кіші құрылымдық бірлігі
Жасуша - барлық тірі организмдердің құрылысы мен тіршілігінің негізі, жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Организмдерге тән өсу мен көбею, зат алмасу, тыныс алу, тітіркену, т. б. Тіршілік әрекетінің жүйеге асуы және ұрпақтан ұрпаққа берілуі клеткамен байланысты. Клетка өз алдына жеке организм ретінде немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтар тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі.

Жасушаның ашылу тарихы
1609 жылы Г. Галилей микроскопты құрастырды
1665 жылы Р. Гук микроскоппен жасушаның майда ұршықтан тұратынын көрді. Жасуша терминін қолданды
А. Левенгук қан құрамындағы эритроциттің бір жасушалы екенін анықтады
1831 жылы Р. Броун өсімдік жасушасын ашты
1839 жылы Я. Пуркинье жасуша ішіндегі сұйықтық протоплазманы тапты

Тірі организмдер өзінің қүрамына кіретін клеткалардың типіне байланысты
Эукариоттар
Прокариоттар
Эукариоттық клеткаларда геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған, яғни эукариоттық клеткалардың ядросы бар, ал прокариоттарда айқын көрінетін ядро жоқ (грекшеден аударғанда эу - "мен" жүрнағына сәйкес (ядромен), про - "сыз" жұрнағын (ядро-сыз), ал кариос - ядро) .
Тірі клетканың қарапайым түрі - прокариоттық клетка. Прокариоттарға бактериялар және кок-жасыл балдырлар сияқты бір клеткалы организмдер жатады. Прокариоттық клетканы анықтайтын бір ерекшелік олардың хромосомасымен цитоплазмасының арасында тікелей қатынастың (контакт) болуы.

Жасушаның қозғалыс органеллалары
Құрамында ДНҚ бар компартмент көптеген зат алмасу реакциялары өтетін клетканың бөлігі цитоплазмадан бөлінген. Цитоплазманың ішінде әртүрлі озіне тән коптеген органеллалар болады. Органеллалар - белгілі бір құрылысы және атқаратын қызметі бар цитоплазманың тұрақты жоғары дифференциялданған құрылымдары. Олар құрылысына қарай мембраналы және мембраналы емес, атқаратын қызметіне қарай арнайы және жалпы қызмет атқаратын организмдер болып бөлінеді.
Мембраналы органоидтар: Мембраналы емес органоидтар:
митохондрия, рибосомалар,
эндоплазмалық тор, микротүтікшелер,
гольджи аппараты, клетка орталығы,
лизосома. филаменттер.

Митохондрия - клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның сыртқы екі қабат биологиялық мембранамен қапталған. Ішкі жарғақтың қуысында митохондрия негізі - матрикс орналасып, онда клетка ядросына қатысы жоқ митохондриялық белоктар түзілуінің автономды жүйесі қалыптасады. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметі 0, 2-1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Митохондрияда тотығу тотықсыздану реакциясы жүреді, яғни ол кезде күрделі органикалық қосылыстар молекулалары ыдырап, жац заттарға айналады да, ондағы энергия бөлініп шығады.

Эндоплазмалық тор - цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың жәнетүтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Эндоплазмалық торды 1945 жылы Портер ашты Эндоплазмалық тордың 2 түрі бар. а) тегіс б) түйіршікті.
Түйіршікті эндоплазмалық тордың мембранасы қапшықты цистерналы түтікшелі болады. Онда белок синтезделетін рибосомалар орналасқан. Бауыр, нерв клеткасында түйіршікті эндоплазмалық тор жеке-жеке орналасқан. Ұйқы безінде эндоплазмалық тор ядроның маңайында шоғырланып орналасады. Атқаратын қызметі: синтезделген белоктар клетканың басқа бөліктеріне тасымалданады.
Тегіс эндоплазмалық тор - мембранасы кіші вакуольдер мен түтікшелер түзеді. Онда рибосома болмайды. Тегіс эндоплазмалық тор түйіршікті эндоплазмалық тордан дамиды. Қызметі липидтердің синтезіне қатысады, арнайы ферменттердің көмегімен тотығуы нәтижесінде улы заттардан залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи аппараты. 1898 жылы Гольджи ауыр металдардың көмегімен нерв клеткаларынан тапқан. Гольджи кешені - бір - бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5-10 “цистернадан” және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz