Жасушаның құрылысы


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: Биотехнология, Биология

Тобы: Биомедицина 3 топ

Орындаған: Мухамедова О. А.

Қабылдаған: Ахтаева Н. З.

Тақырыбы: Клетка және органоидтардың құрылысы

Slide 2

Жоспары:

Жасуша туралы түсінік

Жасушалық теорияның негізгі қағидалары

Жасушаның құрылысы

Плазмалық жарғақша

Органоидтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жасушалар - тірі организмдердің негізгі құрылымдық және функциональдық бірлігі. Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

Қасиеттері: зат және энергия алмасу, өсу, көбею, тұқым қуалау қасиеттерінің берілуі, тітіркендіргіш терге әрекетіне жауап қайтару.

Неміс ботанигі Маттиас Шлейден және цитолог Теодар Шванн 1839 жылы жасуша теориясын жасады. Ол теория бойынша барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады және құрылысы мен биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.

Slide 4

Жасушалық теорияның негізгі қағидалары:

Жасуша-тіршіліктің құрылым-қызмет өлшем бірлігінің негізі. Барлық ағзалар жасушадан тұрады.

Барлық ағзалар жасушаларының химиялық құрамы, құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас.

Жаңа жасушалар бастапқы жасушалардың бөлінуі арқылы түзіледі.

Slide 5

Жасушаның құрылысы

Slide 6

Плазмалық жарғақша

Құрылысы

Қызметі

-жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты н(целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықшам жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды.

1. Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді. 2. Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; 3. Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.

Slide 7

Цитоплазма - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады.

Органоидтар: митохондриялар, жасушалық орталық, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, рибосомалар, лизосомалар.

Slide 8

Лизосома

Құрылысы Домалақ немесе сопақша пішінді,

бір қабатты жарғақшалы түзіліс.

Ферменттері болады. Жарғақшасы берік. Қызметі Құрамындағы ферменттердің әсерінен

нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді

ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

Slide 9 Slide 10

Эндоплазмалық тор(ЭПТ)

Құрылысы Жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ деп аталады.

Қызметі Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

Slide 11

Жасушалық орталық, центриоль

Құрылысы: Цилиндр пішінді екі кішкене денешіктерден тұрады.

Қызметі: Жасушаның бөлінуіне қатысады.

Slide 12

Қорытынды

Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, өзддгінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзанын даму үдерісінде жасушалар мен жасушааралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді. Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер

Стамбеков С. Ж., Петухов В. Л. “Молекулалық биология” 2003ж

Учебник для ВУЗов “Генетика” 2006ж

Қ. Ә. Сапаров, Цитология және гистология; Алматы 2005 жыл.

http://yandex. kz/clck

http://bilim-all. kz/article/1629-ZHasusha-onyn-qurylysy


Ұқсас жұмыстар
Жасушаның органоидтары
Жасуша цитоплазмасы
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ
Цитоплазма - жасушаның негізгі бөлігі
Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі
Биомембрана құрылымы, клетка қабырғасының құрылысы
Жасуша орталығы
Жасушаның молекулалық биологиясы
Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz