Комплексті қосылыстар: теориясы, құрылымы және аналитикалық қолданылуы


Slide 1

КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Орындаған: Құрманбек Айгерім

Slide 2

Комплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін жасаған Швейцария ғалымы Альфред Вернер (1893 жылы) .

Slide 3

Комплексті қосылыспен танысу үшін мынадай мысал келтірейік. HF және SiF4 реакцияласқанда:

2HF + SiF4 → H2SiF6

кремний фторсутек қышқылы түзіледі. Мұндай химиялық қосылыстың түзілуін валентікке сай химиялық байланыстың түрлерімен түсіндіре алмаймыз, шынында HF мен SiF4молекулаларының құрамындағы атомдардың валенттіктері қанық бұл молекулаларда химиялық байланыстың негізі - электрон жұбын түзетін не бұлттары тоғысып қаптасатын жалқы электрон жок. Солай бола тұрса да екі газ жап-жақсы реакцияласады, су ерітіндісінде eкeyi түгел қосылады.

Slide 4

Координациялық теория бойынша комплексті қосылыста орталық орын алып тұрған ион, не атом (мысалымызда кремний) комплекс түзушідеп аталады. Мысалы, мына қосылыстар CuSО4• 4NH3 не PtCl4• 2KCl комплексті қосылыстар болады. Бұлардағы [Cu(NH3) 4] SО4, K2[Pt(Cl) 6] мыс жене платина иондары комплекс түзуші.

Slide 5

Комплексті қосылыстарды жазғанда олардың ішкі және сыртқы сфераларын айырып көрсету үшін ішкі сфераны жоғарыда айтқандай квадрат жақшаға алады. Мысалы,

[Pt(NH3) 4Cl2], [NH4] C1, [Pt(NH3) 2Cl2] т. б.

Slide 6 Slide 7

Координациялық сан және комплексті қосылыстардың құрылымы. Бос орбитальдары бар атомдар немесе металл иондары әдетте комплекс түзушілер бола алады, яғни, лигандтармен байланыс құру кезінде комплекс түзушілер акцептордың функциясын атқарады.

Slide 8

Комплексті қосылыстар-құрамында бір немесе бірнеше донорлы-акцепторлы байланыс болатын жоғары ретті қосылыстар.

Комплексті бөлшектер зарядтары бойынша катион, анион, және де бейтарап молекула болады. Комплексті қосылыстар химиялық заттардың әртүрлі топтарына жатады. (қышқыл, негіз, тұз) . Мысалы: (H3O) [AuCl4] - қышқыл, [Ag(NH3) 2] OH - негіз, NH4Cl және K3[Fe(CN) 6] - тұздар. Комплекстүзуші - комплексті бөлшектегі орталық атом.

Комплекстүзуші - көбінесе оң зарядталған металл иондары, немесе комплекс түзуші элемент атомы, бірақ бұл и атом оттегі, азот, күкірт, йод және де басқа элементтер атомдары болуы мүмкін. Комплекстүзуші тотығу дәрежесі оң, теріс немесе нольге тең болады, комплекстік қосылыстан неғұрлым жай зат түзгенде ол өзгермейді.

Slide 9 Slide 10

Қорытынды:

Комплексті қосылыстар химия саласында аса маңызды орын алады. Себебі олардың көмегімен қандай да бір ионды анықтайтын орасан зор маңызы бар сапалық реакция жүргізуге болады. Мысалы, темір ионын анықтау үшін жүргізілетін сапалық реакция нәтижесінде калий гексацианоферраты қан секілді қызыл тұнба болып түзіледі. Сол секілді химия ғылымындағы көптеген қосылыстар құрамы, физмкалық және химиялық қасиеттері нақтыланады. Әрі мұндай сапалық реакциялар жан-жақты тиімді болып табылады. Өмірде орын алып жатқан барлық өзгерістердің ғылыми себебін түсіндіріп беруге айқара жол ашатын, әлі де дамуы, шарықтауы тиіс, көп зерттеулер мен талдауларды қажет ететін болашағы зор қосылыстар болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Комплексті қосылыстар: құрылымы, Вернер теориясы және биологиялық рөлі
Комплексті қосылыстар: құрылымы, қасиеттері және биологиялық маңызы
Комплексті қосылыстар: құрылымы, жіктелуі және байланыс теориялары
Комплексті қосылыстар: құрылысы, байланыстың табиғаты, номенклатурасы, изомериясы және қолданылуы
Донорлы-акцепторлы байланыс пен комплексті қосылыстар: координациялық теория, құрылысы және қолданылуы
Гетероциклді қосылыстар: құрылымы, жіктелуі, синтезі және қолданылуы
Бесмүшелі гетероциклді қосылыстар: құрылымы, классификациясы және қолданылуы
Комплексті қосылыстардың түзілу және бұзылу реакциялары
Комплексті қосылыстардың құрылысы, химиялық байланыс теориялары және жіктелуі
Кешенді қосылыстар мен комплексондардың химиялық негізі, биологиялық маңызы және фармация мен медицинадағы қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz