Сүліктер класы




Презентация қосу
Сүліктер класы
Сүліктер класы екі класс тармағына
бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі
сүліктер – Archihirudinea және нағыз
сүліктер - Еuһігudіпеа.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі
бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары жақсы
жетілген. Бұған бір отряд жатады - қылтанды сүліктер -Аcаnthobdellida.

Қылтанды сүліктер отряды - Аcаnthobdellida.

Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік өлке
көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы
(Аcаnthobdellida. ) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы 30 мм, жуандығы
3 мм. Негізгі түрлері: Аcаnthobdellida. реlеdіnа және Аcаnthobdellida
lіvаnоvі.
НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ЕUHIRUDINEA
Қылтандары жоқ- Целом куысы редукцияланып лакуна, синус түрінде қалған. Қаң жүйесі де
редукцияланып, оның кызмстін лакуна жүйесі атқарады. Бүларға скі отряд жатады: түмсықты
сүліктер –Rhynchobdellida және жақты сүліктср - Gnahobdellida.
Тұмсықты сүліктер отряды – Rhynchobdellida.
Бұл отрядка еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететіи сүліктер жатады. Тұмсықтарының
болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша сыртқа шығып корегіне кадалуға кабілетгі.
Вгаnchellion туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары:
Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.
Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық шаруашылығына көп
зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі -
Ріsсісоlа geometra, сүйекті балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-
50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінсн айқын бөлініп тұрады . Көл,
өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica - Каспий теңізінде мекендейтіи, сүйекті және
бекіре балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. Сystobranchys fasicatus-
жайынның, С. mammillatus - налимнің паразиті. Тrachelobdella turkestanica Орталық Азияда
(Іле өзенін-де) кең тараған каяз бен маринканың паразиті.
Жалпак сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және
омыртқалы жануарлардың паразиттері. Ргоtосlepsis туысының өкілдері кұстардың
жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етсді. Haementeria соstata - тасбақалардың,
Вatracobdella algira- қосмекенділердің, О - ұлулардыц паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына камқорлык жасайды. Жұмыртқаларын денесімен
жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және
Наеmеntегіа туыстары жатады.
Жақты сүліктер отряды
Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері - тісті ара сияқты жақты кұрайды. Еркін тіршілік ететін
және паразитті формалар. Негізгі тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae
Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік – Ніrudo
medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария
бойларында, Кавказ суларында өте көп. ¥зындығы 120-150 мм, алдыңгы және артқьі
сорғыштары жаксы жетілген Омыртқалы жан-уарлардың қанымен коректенеді.
Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдсу әдісі ертеден бар. Мұны бделлотерапия дейді.
Сүліктің 15-ке жуык түрі емге пайда-ланылады.
Медициналық сүлікті гипертония, склероч, инсульт, көз, тері ауру-ларын емдеуге қолданады.
Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.
Адамға және малға кауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі
(Limnatis nilotica). Ол сумен бірге жүтылып жұтқыншаққа,
кеңірдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады.
Ашхабадта, Самарқандта, Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі -
(Наemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар
моллюскалармен, құрттармен насекомдардың личинкаларымен
қоректенетін жыртқыштар.Наemadispa туысының өкілдері
құрлықта тіршілік етіп, адамның және сүтқоректілердің қанын
сорады.
Жұткыншақты сүліктер (Нerpobdellidae) тұқымдасының өкілдері
жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен
қорек-тенеді. Үлкен үшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы
сорғышы дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз,
Каспий жағалауларында да мекендейді.

Ұқсас жұмыстар
Құрттар бөлімі
Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы. Азқылтанақты құрттар класының өкілі, шұбалшаңның тіршілік ортасы және сыртқы құрылысы
Буылтық құрттар типі нареиданың ішкі құрылысы
Азқылтанды буылтық құрттар немесе олигохеттер класы
«Балықтарды гельминтозооноздарға және басқа да инвазиялық ауруларға тексеріпзерттеу,ВСС және санитариялық сапасын бағалау»
Жануарлардан және минералдардан дайындалатын дәрілік заттар
ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДӘЛДІК КЛАСЫ
Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз жәндіктер
Медициналық қалдықтардың жіктелуі
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Пәндер