Ұлы ғалымның еңбектері




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: Химия және химиялық технология
Кафедра: ХИ-104К

СӨЖ
Тақырыбы:Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының
еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

Орындаған: Файзулла Арайлым Ғалымқызы
Қабылдаған: Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы
Жоспары:
Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі
2.Ұлы ғалымның еңбектері
3. Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны
4. «Диуани Хикмет» кітабы
5. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан
ойшыл, замандастары құрметтеп «екінші Аристотель»
деп атаған. Әбу Насыр әл-Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысы, Отырар өңірінде орта ғасырда (870 ж.) дүниеге келген.
Балалық шағы Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен.
Білімге құмар жас Отырар медресесін бітірген соң, ондағы
аса бай кітапханада өз бетінше білімін одан әрі толықтырады.
Барлық қолжазба қорын оқып бітіргеннен кейін сол кездегі
аса ірі мәдениет ошағы Бағдат қаласына барады. Онда
Аристотель, Евклид, Птолемей еңбектерін оқып үйренеді.
Әл-Фараби математиканың, сәулет өнерінің және музыканың
негізін қалаушы деп саналады. Әбу Насыр – ғылым мен
өнердің барлық саласында еңбек еткен ғұлама. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған,
сонымен қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. Ұлы ғұлама ұзақ
уақыт шет елде жүрсе де өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған. Кей аңыздарда
оны жеті тіл, тіпті жетпіс жеті тіл білген деп айтады.
Өмірбаяны
Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған
түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет
Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –
Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет
Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса
шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса
шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған.
Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың
Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ
(Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы
айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы
негізінен осы қызынан тарайды.
« Диуани Хикмет» кітабы
1-хикмет. Уа, Жаратқан!
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді Уа, жаратқан!
шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хақ есігін аш алыстан,
Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан.
алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан
Шығара гөр мен бейбақты қасарысқан.
басылып шығады. Содан кейін ол Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың
Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?
бірнеше қайыра басылады. Соның бірі Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,
1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?
қазақтарға арнап шығарған нұсқасы Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,
болатын. Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.
Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,
Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам.
Десе сенбе: менен де өткен болды әлемет,
Қылығыммен салып біттім елге де әлек.
Жүзім – қара, басып өткен ізім қара,
Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!
Әзіз жанның жақсылығын танымадым,
Қайтіп онда жан сырына бағынамын?!
Бас ұрмады дәргейіңе масыл, залым,
Иә, Раббым, енді, міне, зары қалың.
Күнәм – ауыр, не бетім бар Досқа қарар?
Сансыз тәубе жеңілдетпес масқара бар.
Құл Қожа Ахмет жылап келді, ал панаңа,
Назарың сал, жерім бар ма басқа барар?!
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5
м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық,
порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық
залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда
қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі
ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м,
қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке
бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер
тобынан тұрады:
Қазандық;Үлкен Ақсарай;Кіші Ақсарай;Құдықхана;Кітапхана;Асхана;Көрхана;Мешіт;
Қорытынды
Ғұлама ақындардың еңбектерінде - адамдарды рухани
тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы
жете түсуге, дін ережелерін меңгеруге, мейірімділікке,
қанағаттыққа шақырады.Сондықтан, келешек ұрпақты
ғұламалардың ғылыми еңбектерін оқып, оны ары қарай
дамытуға жол ашуымыз керек.Егеменді еліміздің келешегі
жарқын болуы үшін, - жастардың бойына имандылықты ұялату
біздің борышымыз!
Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. 5 томдық-ІІ том. Асылбеков М.Х.,
Алдажұманов Қ.С., Байпақов Қ.М., Қозыбаев М.Қ., т.б.
ред. Алматы, 1998. 636 б.
https://www.zharar.com/kz/referat/1528-farabi.html
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.

Ұқсас жұмыстар
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ
Мұхтар Әуезов
Әл-Фараби - шығыстың ғұлама ғалымы
Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері
Ғалымның еңбектері
Досмұхамедов және қазақ терминологиясы
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
Орта ғасырлардың ұлы ғалымы
Мұхтар Әуезов, оның қазақ әдебиетіндегі орны және фольклортану мәселелері
Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Пәндер