Ионданудың адам ағзасына әсері
Презентация қосу
Ә Л - ФАРАБ И АТЫ Н Д А Ғ Ы Қ А З А Қ Ұ Л Т Т Ы Қ
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ-2
Тақырыбы:Эле ктрдің, электромагниттік толқындардың, иондаушы жә не ультрадыбыстық сә уле ле рдің адам де нсаулығына ә сері.
Орындаған:Құрманбек Айгерім
Ионданудың адам ағзасына әсері
Адам денсаулығына иондану аз немесе артық болса да кері әсерін
тигізеді. Оң зарядталған бөлшектердің теріс зарядталған бөлшектерге
қатынасын білу аса маңызды болып табылады. Қолайлы жағдай, яғни
адам ағзасына зияны жоқ болатын жағдай:1500-3000:3000-5000-1см3
ауадағы теріс және оң зарядты бөлшектер қатынасы болып табылады.
Жеткіліксіз деңгейдегі иондану ауа жетіспеушілігіне,астеникалық
синдромға әкеліп соқтырады. Жеңіл иондардың азаю интенсивтігі
адамдар санына байланысты. Ауадағы ионның азаюына калорифері,
фильтрі, ылғалдағышы бар кондиционерлер,желдеткіштер
себепші.Мұндай ауада ауыр иондар саны артады. Ал адамның жұмыс
істеу қабілетіне жағымды әсер ететін жеңіл иондар мүлде жоқ болып
кетеді. Сондықтан бүгінде арнайы кондиционер көмегімен жасанды
иондауға деген ұмтылыстың мәні түсінікті. Иондалған ауаның белгілі
бір биологиялық белсенділігі бар.Бақылаулар нәтижесі бойынша, егер
ауа жеткілікті дәрежеде иондалған болса, адам ағзасының гипоксияға,
суыққа, физикалық қысымға, жүрек айнытатын затқа қарсы тұра алу
қабілеті арта түседі.
Иондалған ауа арқылы бронхиалды демікпені емдейтін
терапевтикалық эффект белгілі. Соңғы жылдары жасанды
жолмен иондалған ауа танымал болып келеді. Бұған себеп
жасанды ионизаторларды қарқынды түрде жарнамалау
болып табылады. Алайда бұл ионизаторлардың емдеу
жолындағы техникалық қасиеті тым жақсы. Ал бұл адам
ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ионизаторларды
шамадан тыс көп пайдалану оның жақсы жағын жоққа
шығарып қана қоймай кері әсерін де тигізуі мүмкін. Себебі
мұндай құрылғылар әсерінен азот пен озонның жүрек
айнытатын тотықтырғыш иондары түзілуі мүмкін.
* Сонымен қатар ауаның тым ылғал болуы ауыр иондар
санының бірден арттырып қана қоймай шаңның
электрленуіне де алып келеді. Ал мұндай шаң-тозаң
адамның тыныс алу жүйесінде кәдімгі шаңнан
қарағанда көп жиналып қалуына әкеп соқтырады.
Тыныс алу жүйесіне түскен мұндай шаң-тозаң зарядын
жоғалтып, шаңды конгломераттары ыдырап,бұл шаң-
тозаңның биологиялық белсенділігін ,альфа-сәуле
шығару, бактерия деп аталатын аз компоненттерінің
артуына әсер етеді. Жасанды жолмен иондау ауаны
толық тазарта алмайды.
* Иондаушы сәулелер әсерінде дамитын аурулар Иондаушы сәулелер
өндірістің көптеген салаларында, медицинада, биологияда кеңінен
қолданылады. Әсіресе атомдық электростанса (АЭС) реакторлары,
сүңгуір қайықтардың атомдық двигательдері аса қауіпті. Сонымен
қатар ядролық сынақ алаңдары, уран өндіретін рудниктер,
радиоактивті қалдықтарды сақтайтын жерлер де қауіпті жағдайларға
соқтыруы мүмкін. АҚШ-тың Жапонияға тастаған атомдық
бомбалары (1945 ж. 6 және 9 тамыз) мыңдаған адамдардың өліміне
себеп болғаны мәлім. Чернобыль АЭС-і реакторының жарылуы
(1986) оны сөндіруге, кейін радиоактивтік қалдықтарды "жерлеуге"
қатысқан көптеген адамдардың сәуле ауруына шалдығуына себеп
болады. Ал реактор төңірегіндегі жер,су әлі күнге дейін
радиоактивтілік сәулелер көзі болып отыр. Иондаушы сәулелердің аз
мөлшері ұзақ уақыт әсер еткенде сәуле ауруына немесе ағзада
әртүрлі ісіктердің дамуына соқтырады. Мысалы рентгенологтарда
сәуле ауруы немесе терінің ісігі қатерлі кәсіптік сырқат түрінде
дамуы мүмкін. Көптеген радиоактивті изотоптар өзінен альфа және
векта бөлшектер бөліп шығарады. Олар ағзаның ішіне түскенде
ғана қауіпті, себебі олар денеге терең бойлап кіре алмайды.
* Сыртқы ортадан ағзаға тікелей ене алатын сәулелерге
гамма,рентген,ғарыш сәулелері және нейтрондар жатады.
Сәулелердің ағзаға әсері олардың мөлшеріне байланысты.
Иондаушы сәулелер әсерінде жасушалар, тіндер атомдары қазып
және ионданып ағзада жаңа энергия көзі пайда болады. Ол тізбекті
реакция басталуының бірден-бір себебі. Адам ағзасы үшін су
иондануының маңызы өте зор, себебі барлық жасушалар, тіндер
құрамында су бар. Жаңа пайда болған электрлі белсенді
иондар,еркін радикалдар, күшті тотықтырғыштар ағзадағы көптеген
биохимиялық реакцияларды,ферменттер жүйесін бұзып,зат алмасу
үдерістерін ерекше өзгертеді. Майлар пероксидінің күшті тотығуы
жасуша және жасуша ішіндегі ультрақұрылымдар
мембраналарының бұзылуынан хабар береді. Биохимиялық
өзгерістер морфологиялық өзгерістерге жалғасып көптеген
жасушалар,әсіресе митоз кезеңіндегі жасушалар күйрейді. Қан
жасау жүйесі, жыныс безі жасушаларындағы асқазан-ішек, тері
эпителийіндегі митоз үдерісі тоқтап, физиологиялық регенерация
бұзылады.
* Сәуле ауруы Сәуле ауруының жедел және созылмалы түрлерін
ажыратады. Жедел сәуле ауруы ағзаға әсер еткен сәуленің мөлшеріне
байланысты жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрде өтеді.
Халықтың өлшем бойынша сәуле ауруының жеңіл түрі 1.2-2Грей
(Гр),орташа түрі 2-4Гр,ауыр түрі 4-6Гр, ал өте ауыр түрі 6 Грейден
артық сәуле әсер еткенде дамиды. Жедел сәуле ауруының
патологиялық анатомиясы мен патогенезі Жедел сәуле ауруының
патогенезінде жоғарыда айтылған фактілермен бірге мына
жағдайларды да есепке алу шарт. Жедел сәуле ауруы көбінесе
атомдық бомбалар мен реакторлардың жарылуына байланысты
дамиды. Бұл жағдайда ағзаға иондаушы сәулемен бірге өте жоғары
температурада және әртүрлі жарақаттар қосыла әсер етеді. Олар
сәуле ауруының дамуын тездететін және әртүрлі қосымша
асқынуларға соқтыратын факторлар болып есептеледі. Мысалы
терінің күюіне байланысты пайда болып қанға сорылатын заттар
жалпы токсемияны күшейтеді.
*Сәуле ауруының созылмалы түрі иондаушы радиацияның аз
мөлшерінің ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде дамиды. Ол
көпке дейін белгісіз өтеді. Себебі альтерация(жасушалардың
жойылуы) құбылысымен бір қатарда регенераияда жүріп
жатады. Бірте-бірте қан жасау жүйесінің зақымдануы
апластикалық анемия, лейко- және тромбоцитопения түрінде
көріне бастайды. Анемияның одан әрі дамуы паренхималы
ағзалардың дистрофиялық өзгерістеріне, шырышты
қабықтарға қан құйылуына, жүйке жасушаларының
ишемиялық өзгерістеріне соқтырады. Сонымен қатар қан
жасау жүйесіндегі регенерация құбылысының бұзылуы
лейкоз дамуына себеп болуы мүмкін.
* Сәуле ауруына тән белгілердің бірі-иммунды жүйедегі өзгерістер.
Бірінші сағаттардың өзінде тимустағы ядролы жасушалар саны күрт
азаяды. Бірінші тәуліктің аяғында тимустың қыртысты қабатындағы
Т-лимфоциттердің 90% жойылады. Қандағы иммуноглобулиндер
мөлшері өте тез төмендей бастайды. Қанда лейкоциттер саны өте
азайып кетеді. Міне,осы жағдайда аутоинфекциялардың қозуына кең
жол ашылады. Қазіргі кезде жедел сәуле ауруының:1)қан жасау
ағзаларының зақымдануы
басым;2)ішектік;3)токсемиялық;4)милық(церебралдық) түрлерін
ажыратады. Аурудың қан жасау ағзаларының зақымдануы басым
түрінің дамуы бағаналық жасушалардың жойылуымен, осыған
байланысты жетілген жасушалар пайда болуының бәсеңдеуімен
түсіндіріледі. Бұл кезде сүйек майындағы (кеміктегі) жасушалар
орнын май басады,қан элементтерінің бәрі дерлік
жойылып(панмиелофтиз) ,ол жерде тек ретикулярлық жасушалар
ғана қалады. Сәуле ауруының ішектік түрі бактериялардың (ішектің
байырғы микрофлорасының)күйреуі нәтижесінде эндотоксиннің
қанға көп мөлшерде түсуіне байланысты. Ниен эпителийінің
зақымдануы, осы жерде некроз ошақтарының, ойық жаралардың
пайда болуына соқтырады.Осындай өзгерістер ауыз қуысында,
асқазанда, тоқ ішекте де байқалады.
* Аурудың улық әсері басым токсемиялық түрі көбінесе сәуле
ауруына терінің күюі,осы аймақтан гистиогендік улардың
қанға сорылуы күшейгенде ұшырайды. Осы жағдайда су-тұз
және ақуызды заттар алмасуы тез арада бұзылып, бүйрек
қызметінің жедел жетіспеушілігі дамиды. Оған
циркуляторлық (қан айналымының бұзылуына байланысты)
гипоксия қосылады. Иондаушы сәуле мөлшері 100 Грейге
дейін жеткенде жүйке орталықтарының тікелей зақымдануы
байқалады. Мида ісіну белгілері, жүйке жасушаларында
дистрофиялық және некробиоздық өзгерістер дамып, тыныс
алу және қан айналу жүйесі өз қызметін тоқтатады. Сәуле
ауруынан өлген адамды ашып көргенде ең алдымен қан
ұйылу белгілері байқалады. Қан ұйылу ошақтары теріде,
көздің, асқазанның, ішектің шырышты қабықтарында,
өкпеде, жүректе және олардың үлпершектерінде, ми
қабықтары мен тінінде көрінеді.
*Электромагниттік сәулеленудің адам ағзасына тигізетін
әсері Ұзақ уақытқа созылатын сәулелену, тіпті төменгі
деңгейдегі сәулелену (1мВт/см2-тан төмен)адам
ағзасындағы жүрек-бұлшықет, иммундық жүйеге, жүйке
және қанайналым жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.
Жүйке жүйесіне тигізетін әсерін байқасақ, эффектілер
биоэлектрлік, метаболизмдік және құрылымды
өзгерістерге әкеліп соққан.Мұндай сәулелену әсерінен
адам ағзасында эритроцит өнімдерінің, гемоглобин
синтезінің, лейкоцитоз, лимфоцитоз, нейтрофилез,
иммундық жүйедегі өзгерістер азайған.
*Мұндай эффектілер адам ағзасының қоршаған ортаға деген
сезімталдығын өзгертуі мүмкін. Радиожиілік әсерінен өсу
гормонының, тиреоидты гормонның, калийдің азаюы,
қандағы натрийдің артуы байқалған. Радиожиіліктің пайда
болуының әсерінен хромосомалық абберациялар,
митоз,мейоз,сперматогенездің бұзылуы байқалған.
Электромагниттік сәулелену әр жеке ағзаға әр түрлі
биологиялық деңгейде әсер етеді. Электромагниттік
сәулелену әсері адамдардың көпшілігінде
ұйқысыздық,әлсіздік, бас ауруы, ашушаңдық тудырған.
Көптеген адамдардың жүрек-бұлшықет жүйесінде
функционалды бұзылулар,артериалды гипотония орын алған.
*Төмен жиіліктегі сәулелену әсері Төмен жиіліктегі
сәулелену де (50 Гц-тен төмен)адам ағзасына нашар
әсер етеді. Ондай сәулелену ауыл шаруашылық
жұмысшылары,инженер-технологтар жұмыс
орындарында байқалады. Осы адамдардың бойында
бас ауруы, өте үлкен шаршағыштық,ашушаңдық,
ұйқының бұзылуы, апатия, жүректің ауруы, жарыққа
деген жоғары дәрежедегі күйзеліс, кенеттен шыққан
дауысқа сезімталдық байқалған. Мұндай ортада
жұмыс жасап, еңбектенетін адамдарда астеникалық
синдром дамуы жоғары деңгейде болады.
*Осындай сәулеленуге жақын тұратын адамдардың кішкене
балаларының бойында аса жиі кездескен аурулар-рак және
лейкоз. Магнит өрісінің әсері Магниттік өрістің де әсері
бар. Оны адамдар бірден байқамайды.Бұл адам ағзасының
қоршаған орта жағдайларына өте тез бейімделуімен
түсіндіріледі.Ал созылмалы ауруы бар адамдар, әсіресе
жүйке-бұлшықет ауруы бар адамдар мұны тез
сезеді.Магниттік толқын шарпуы қарсаңында
гипертониялық аурулардың, ишемиялық жүрек
ауруларының артуы өсіп кетеді. Ауру адамдар үшін ең ауыр
кезең көктемгі күн мен түннің теңелуіндегі магниттік
толқын шарпуы болып табылады.
*Электр өрісінің әсеріЭлектр өрісінде ұзақ болған
адамдарда бас ауруы, ұйқы бұзылуы, тәбет
бұзылуы, ашушаңдық, жайсыздық байқалады.
Разряд туындап қалуымен байланысты фобия да
пайда болады .Фобияның пайда болуы жоғары
деңгейдегі эмоционалды сезімталдықпен
байланысты. Сәулелену жеткіліксіз болса,
балаларда тұмауға, жұқпалы ауруларға қарсы
тұру қабілеті жойылады. Қалада тұратын
балаларда "Рахит"ауруы пайда болады .
*Жарық,яғни жер бетіне келетін сәулелену адам
ағзасындағы жүздеген физиологиялық
сипаттамалардың жүзеге асуын қамтамасыз
етеді:қан қысымы, дене температурасы, жүрек
соғу жиілігі, тыныс алу ырғағы, гормондар
бөлінуі- сәулелену жақсы, жеткілікті болғанда
жақсы жүзеге асады.
Қорытынды:
Ауыз қуысында, бадамша бездерде, асқазан-ішекте, кеңірдек пен
бронхтарда қан ұйылу ошақтары некрозданып фибринді окардта,
бауырда, бүйректерде дистрофобиялық өзгерістер басым болады.
Микроскоппен қарағанда бұл жерде қан жасаушы тіннің бүтіндей
жойылғаны байқалады. Лимфа түйініндегі лимфоциттер де жойылады.
Сәуле ауруына тән қабынудың ерекшелігі-сіңбелер құрамында
лейкоциттердің болмауы.Мысалы,пневмония лейкоцитсіз пневмония
түрінде дамиды. Некроз ошақтарында пролиферация құбылысы да
жеткілікті емес. Аталық безде сперматогонилер, біріншілік және
екіншілік сперматоциттер бүтіндей жойылғаны көрінеді. Аналық
безде дамып жатқан жұмыртқа жасушаларының ядролары өзгеріп
жойыла бастайды. Өлім себептері.Сырқат сәуле ауруының алғашқы
күндерінде мидың тікелей зақымдануына байланысты дамыған
шоктан, қан жасау жүйесінің бүтіндей істен шығуымен, кейбір
ағзаларға қан құйылу немесе ішке қан кету нәтижесінде, токсемиядан,
кейінірек әртүрлі инфекциялық асқынулардан (сепсис) өледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz