Аралық иесі - молюсктер




Презентация қосу
Антрозоопоноз
ды
шистосомоз
Орындаған: Арзанбек М.
Вм-504
Тексерген: Усмангалиева С.С.
• Шистомоздар – тропикалық гельминттер тобына
жатады, созылмалы ағымды, ұсақ қан тамырларын
зақымдаумен, несеп-жыныс жүйесін, асқорыту жүйесі мен
бауыр, кейде өкпені зақымдаумен жүреді.
• Тропикалық климатта шистосомоздар кең таралған.
Клиникалық ерекшеліктерімен шақырылатын шистосома 3
топқа бөлінеді:

Ішектік

Зәр жүйесі

Жапондық
• Тип: Plathelminthes
• Класс: Trematoda
• Класс тармағы: Digenea
• Отряд: Strigeididа
• Тұқымдас: Schistosomatidae
• Өкілі: Schistosoma
• Түр: Schistosoma urogenitalis (несеп-жыны )
• Schistosoma mansoni(ішектік)
• Schistosoma japonicum(Жапондық )
Ішектік Schistosoma mansoni
• Қоздырғыш aналығының көлемі (12-16)х0,17 мм.
Аталығының көлемі (10-12,0)х1,2 мм. Шистосомоның
ақырғы иесі-адам (кейде кеміргіштер, павиондар және т.б.).
Аралық иесі-молюсктер. Фекаль арқылы гельминттер
сыртқы ортаға шығады да, аралық иесі арқылы өсуін
бастайды. Жоғарғы қозғалғыштығының арқасында 5-15 мин
арасында суда жүрген жануар мен адамның терісіне немесе
шырышты қабатына енеді. Кейін дермаға және гиподермаға
өтіп бірнеше күн сақталады. Содан соң жетілмеген және
жас гельминттер лимфа және қан тамырлар арқылы
миграцияланып жүректің оң жақ бөлігімен өкпеге түсіп
кейін, бір ортадан соң, бауырға түседі. Бауырда жетілген
соң шистосомалар қан арқылы іш астарына бекіп 30-40
күннен соң жұмыртқалайды. (тәулігіне 100-300 жұмыртқа)
Клиникалық белгілері
• шистосомоздың жетілген түрі миграция кезеңінде
жалпы енжарлық, әлсіздік, тәбеттің және дене салмағының
төмендеуі болады, қалтырау, дене қызуының жоғарлауы,
буындарының және бұлшық еттерінің ауырсынуы
байқалады, урикарлы бөртпелер пайда болады. штің
ауырсынуы болады, нәжісі жиілейді, тенезмдер болады.
Нәжісі сұйық немесе ботқа тәрізді және нәжіс шырыш,
ірің, қан араласқан болуы мүмкін
Несеп шистосомозы
• Schistosomosis urogenitalis). Этиологиясы. Қоздырғыш Schistosoma,
қансорғыш, аналығының көлемі – 10-18×25 мм, аталығының көлемі –
4-15×10 мм. Іш жағында дене бойымен кутикулярлы желоб өтеді,
онда аналығы орналасқан. Аталығы ішкі жағындағы сорғышы
арқылы қан ағымында тұрақталып тұрады. Жұмыртқасының
терминальді қорғаны бар, құрамында личинка – мироцидий.
Шистосоманың жыныстық дамыған особь кіші жамбас қан
тамырларында, әсіресе қуықта, жұмыртқа салып, қан тамырының
қабырғасына еніп, несеп арқылы қоршаған ортаға бөлінеді. Аналығы
сыртқы ортаға 300 жұмыртқаға дейін бөледі. Тоғанды суларда
мироцидий өз қабығын тастап аралық иесі – тоған моллюскаларына
енеді. Соңғы иесі – адамға церкария тері және шырышты қабаттар
арқылы енеді, лимфа және қан тамырлары арқылы миграция жасайды
- өкпе арқылы үлкен қан айналымына, бауыр венасына, одан
шажырқай венасына және несеп-жыныс жүйесі веналарына өтеді,
ересек особьтар адам организмінде 40 жыл өмір сүреді.
• Эпидемиологиясы. Зоонозды инфекция тобына жатады,
омыртқасыз тасымалдаушылар арқылы беріледі. Ауру көзі
– адам. Церкарий өзінің аралық иесі моллюск денесінде 4-
5 апта өмір сүріп, суға шығады да, адамға церкариймен
тікелей жанасқанда жұғады. Жиі 10-16 жас, яғни жас
балалар арасында жиі кездеседі. Ауырғаннан кейін
жартылай иммунитет қалыптасады. Инвазия Африка,
Мадагаскар, Иран, Кипр, Ливан, Сауд Аравиясы, Сирия,
Судан, Турция, Ирак, т.б. елдерде кездеседі
Жапондық шистосомоз
• Қанда тіршілік ететін тоғышар. Жапондық шистосомоз
Schistosoma japonicum. Еркекгінің ұзындығы 12-20 мм,
ұрғашы 12-20 мм. Жатыр ішінде 50 ден 100 ге дейін
жұмыртқа болады. Жұмыртқасы сопақша, өлшемі 70-
100х60-55 мкм, ішінде дамыған мерацидий болады.
Профилактика.
• Моллюскаларды жою үшін эффективті күрес жүргізу. Бұған
биологиялық тәсілдер қолданылады (су қоймаларын,
моллюскалардың табиғи жаулармен толтыру. Мысалы:
моллюскаларымен немесе балықтармен, сонымен қатар
моллюскицидтер . Халық арасында санитарлық ағартушылық
жұмыстарын жүргізу қажет және су қоймаларының фекальді
ластану мүмкіншіліктерін ескерту керек. Кіші су
қоймаларынан әр түрлі мақсатта суды қолданғанда сақтықпен
қолдану, эндемиялық аймақта осындай жерлерде суға түсуге
тыйым салу, нафтехинолонның көмегімен, церкарийлердің
енуінен теріні қорғау жеке профилактикада маңызды болып
табылады. Шистосомоздардың таңдаулы химиопрофилактика
әдістері өңделіп жатыр. Міндетті түрде суды фильтрациялау.
емі
• Этиотропты терапияда қолданылатын нәтижелі және
жақсы әсер ететін препараттар: бильтрицид таблетка
түрінде қолданылады, 20 мг/кг тәулігіне 3 рет немесе 50
мг/кг тәулігіне 1 рет, 100 мг/нан кейін қайталап бір рет 3
мг/кг енгізеді.
Қорытынды
• Шистомоздар – тропикалық гельминттер тобына жатады,
созылмалы ағымды, ұсақ қан тамырларын зақымдаумен,
несеп-жыныс жүйесін, асқорыту жүйесі мен бауыр, кейде
өкпені зақымдаумен жүреді. Ең жиі таралған
шистосомалардың 3 түрі бар
• . Schistosoma urogenitalis (несеп-жыны )
• Schistosoma mansoni(ішектік)
• Schistosoma japonicum(Жапондық )
Пайдаланылған
әдебиеттер:
•Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология.
Жалпы эпидемиология. 1 том. Алматы, Жоғары
аттестациялық комиссияның баспа орталығы, 2000.
• Бөлекбаева Л.Т. инвазиялық аурулар. Астана, 2003.
•Дүйсембаев С.Т. Мал гельминтоздарындағы
малдәрігерлік
санитарлық сараптау. Семей, 2001.
•Ерболатов Қ.М. Мал гельминтоздары. Алматы,
Қайнар, 1966.
•Сабаншиев М.С., Сүлейменов Т.Т., Қарамендин
Ө.С., Шабдарбаева Г.С., Жантөре М.Қ. Паразитология
және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы,
ҚазҰлтАграрлық университет, 2003.

Ұқсас жұмыстар
Сорғыштар - адам паразиттері
Қоздырғышы Echinococcus granulosus дернәсілдік кезеңі
Псевдофиллидің даму сатылары
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
Жалпақ құрттар Жалпақ құрттардың Сорғыш құрттар өкілі Жалпақ құрттар типіне жататын ішекқуыстылардан жәндіктердің негізгі айырмашылығы ерекшеліктері
Хирургиялық паразитарлы аурулар
Күйістілердің протостронгилидоздары
Жалпақ құрттар
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Пәндер