Етқоректілердің обасын гепатиттен ажыратып балау




Презентация қосу
Етқоректілердің обасын
гепатиттен ажыратып балау

Орындаған: ВМ-504 топ студенті Тулеева К.
Тексерген: Батанова Ж.
Ет қоректілердің обасы
орыс. Чума лат. Pestis ағыл. Canine
плотоядных carnivorum disttmper

Карре ауруы, иттердің обасы
қызбамен;
тыныс және ас қорыту жолдарының

кілегейлі қабығының қабынуымен;
көздің кілегейлі қабығының қабынуымен;
терінің бөртуімен;
орталық жүйесінің зақымдануымен

сипатталатын аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер.
Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен
бері белгілі Аристотельдің
еңбектерінде ол ангина ретінде
сипатталған. Иттің обасының
қоздырушысын вирус екенін
1905 жылы француз ғалымы Карре
дәлелдеді.
Қоздырушысы.
РНҚ - тұратын
Paramyxoviridae
тұқымдастығының
morbillivirus
туыстығына
жататын Canine
distemper
morbillivirus.
Иммунологиялық
жағынан
антигендік
туысты болып
адамның
қызылшасының
және сиырдың
обасының
вирустарымен
байланысты.
Төзімділігі.
Вирус сыртқы ортада онша
төзімді емес.
Танаудан аққан сора және

нәжісте 7-11 күнде
белсенділігін жояды.
Кептірілген не мұздатылған

вирус бірнеше ай
лиофилденген күйінде

кемінде бір жыл сақталады.
60ºС-та 30 минутта,

100 ºС–та бірден жойылады.

Дезинфектанттар және физикалық факторлар тез
өлтіреді. 1% лизол, ультракүлгін сәуле 30 мин., 2%
күйдіргіш натрий -60 мин., күн сәулесі мен 0,1-0,5%
формалин немесе фенол ерітінділері бірер сағатта
өлтіреді.
Дерттенуі
Індеттік
ерекшеліктері.
Ет қоректілердің обасы-фильтрленетін
вирус тудыратын өте жұғымтал ауру.
Ауырған немесе ауырып жазылған жануарлар

инфекцияның көзі болып табылады.
Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы

басым келеді.
Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін,

қоздырғыштың таралуына құстар мен
кеміргіштер ықпал жасайды.
Жануарлардың барлық жастағылары ауырады,

көбінесе 2-3 айлық күшіктер бейім келеді.
Аң өсіретін шаруашылықтарда ауру

жануарлардың бір түрінен басталып, 1-2
айдан кейін аңдардың басқа түрі ауруы
мүмкін.
Өтуі мен симптомдары.
Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі
бағалы аңдарда 10 күннен 30 күнге
дейін кейде 3 айға созылады.
Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы

және үзікті өтеді. Оба қызбамен, тыныс
және ас қорыту жолдарының, көздің
кілегейлі қабығының қабынуымен,
терінің бөртуімен және орталық нерв
жүйесінің зақымдануымен сипатталады.
Аурудың өту түріне қарай ішек, өкпе,
тері және жүйке түрлеріне бөлінеді.
Иммунитет .
Ауырып жазылған итте берік
иммунитет қалыптастырады.
Иммунитет қаншықтың күшіктері 2-3

айға дейін обамен ауырмайды.
Өлі вакциналар қолданыс тапқан жоқ.
Аттенуацияланған штаммдардан

вакцина
даярлау үшін қолданылатындары: 668-
КФ, ЭПМ, Вакчум, Канивак.
Емі.
•Арнаулы қан сарысуы шығарылмайды. Аурудың
бастапқы кезеңінде қызылшаға қарсы қан
сарысуының глобулинін пайдалану ға болады.
Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотктер мен
сульфаниламидтер жақсы нәтиже береді. Бұнымен
қабат диетаны жақсарту қажет. Ауру жануарлардың
жағдайына байланысты симптоматикалық (ыстық
қайтаратын, қақырық түсіретін, іш жүргізетін,
тыныштандыратын, жүрек
қызметін жақсартатын) дәрілер беріледі. Витамин
препараттары, кокарбаксилаза, ультракүлгін
сәулесі, т.б. қуаттандыратын емдік
процедуралар өте пайдалы.
Балау
Аурудың нақтылы балауын қоюда вирусологиялық және
серологиялық реакцияларды қолдану маңызды.
Вирусологиялық зерттеулер өте күрделі,
серологиялық әдістерді (ИФР, ГАР, КБР, ДПР, ИФТ
түрлі қойылымдарында) қолданылады.
Бұлардың ішінде ИФР патологиялық материалдан
вирус антигенін анықтауға практикада кең
қолданылады.
• Патологиялық материал ретінде иттің
коньюнктивасынан тампон арқылы алынған
сүртіндіден
әйнекке жағынды жасалып, люминисцентті микроскоп
арқылы арнайы диагностикум қолданып, вирус
антигені анықталады. Осы мақсатта патологиялық
материал ретінде танау қуысынан алынған
сүртінділер, өлексенің ішкі ағзаларынан (мидан,
өкпеден, қуықтан, ас қазаннан) алынған кесінділер
де қолданылады. КБР, ДПР, ГАР, ИФТ әдістері
ретроспективті балау қоюда
Ажыратып балау.
инфекциялық гепатиттен,
құтырықтан,
Ауески ауруынан,
құндыздың вирусты энтеритінен,
паратифтен,
пастереллезден,
В авитаминоздан,
Парвовирусты энтериттен,
алеут ауруынан,
уланудан ажырату қажет.
VetExpert CDV/CAV Ag
Обаға қарсы шаралар ұйымдастырғанда
қолайсыз пункт, эпизоотиялық ошақ
және қатерлі аймақты айыру керек.
Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруынан алдын
ала сақтандыру үшін, аңдарды, иттерді және басқа
ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын
шаруашылық субъектісінің басшылары және
ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін
фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде
ветеринариялық - санитариялық режимдік талаптарды
міндетті түрде қатаң сақтау керек.
Етқоректілердің обасымен күресте аң өсіретін
фермаларды, ит өсіретін питомниктер мен елді
мекендерді ауру жануарлармен және аурудың
тарауынан қорғау, алдын-ала егу, ал ауру басталса
міндетті түрде диагноз қою секілді кешенді
шаралар жүргізу керек.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Етқоректілер обасы
Оба қоздырғышы
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
ИТ ОБАСЫ
Қоздырғышы Echinococcus granulosus дернәсілдік кезеңі
Жіті жүйелі қызылша
Ауески ауруы
Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері
Лептоспироздың індет ошағында жүргізілетін шаралар
Тауық шешегінің вирусы
Пәндер