ЖАСУША ЯДРОСЫ


Slide 1

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы

Тақырып: ЖАСУША ЯДРОСЫ

Орындаған: Зеберханова Б. С

2-016 топ

Қабылдаған:Кушербаев С. А

Slide 2

Жоспар:

1. Тірі ағзалар. Эукариоттар және прокариоттар

2. Ядро

3. Ядрошық, ядор шырыны

4. Хромосомалар

5. Митоз

Slide 3

Тірі ағзалар

Прокариоттар

(ядросыз ағзалар)

Эукариоттар

(ядролы ағзалар)

Бактериялар, вирустар

Жәндіктер, құрттар,

балықтар, құстар,

жорғалаушылар,

сүтқоректілер

Slide 4

Эукариоттар және прокариоттар

Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді.

Жасушалық құрылысы ұқсас өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың барлығы эукариоттарға жатады. Сонымен бірге өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар ағзалары жасушаларының аралығында тіршілік әрекеті үдерістерінің құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктерінде айырмашылық бар.

Өсімдіктер жасушасына пластидтердің, ірі вакуольдің және жасунықтан тұратын жасуша қабығы болуы тән қасиет. Өсімдік жасушаларындағы қор заттары крахмал болып есептеледі.

Саңырауқұлақтар жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері болмайды. Қорға жиналған зат - гликоген.

Slide 5

Жануарлардың жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид және нағыз вакуоль жоқ. Жануарлар жасушаларында да көмірсулар қоры - гликоген.

Бактериялар, олардың ішінде цианобактериялар прокариоттарға жатады. Эукариоттардан айырмашылығы - бактерия жасушаларында толық жаратылған ядролар жоқ, онда сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады. Оны жарғақша қоршамайды, сондықтан тікелей цитоплазмада жатады. Бактерия жасушасының қасиеттері туралы ақпараттардың барлығы сонда жазылады. Прокариот цитоплазмасында ұсақ, қарапайым құрылысты рибосомалар болады. Прокариот жасушаларында митохондриялар мен хлоропластар жоқ, олардың рөлін арнаулы жарғақша қатпарлары атқарады. Прокариот жасушасы қоршаған ортаны қолайсыз жағдайлардан қорғайтын жасуша қабығымен немесе сілемейлі қалташамен қорғалған плазмалы жарғақша каптайды

Slide 6

Цитоплазма

Ядро

Митохондрия

Пластидтер

Лизосома

Май тамшылары

Гольджи жиынтығы

Түйіршікті эндоплазмалық тор

Вакуоль

Жасушаның ішкі мембранасы

Жасушаның сыртқы мембранасы

Slide 7 Slide 8

Ядро

Ядро шырыны

Ядро жарғақшасы

Ядрошық

Хромосома

Ядроның ішіндегі

қуыстардытолтырып

тұратын қоймалжың зат

Шар тәрізді тығыз

денешік.

Жасуша бөлінген кезде

жойылып кетеді

ДНҚ-ң жіпшелерінен

тұратын созылыңқы

тығыз денешік

Slide 9

Ядро - барлық Эукариот жасушаларының тұрақты және маңызды құрамдас бөлігі. 2 еншілес жасушалар қалыптасады, оның нәтижесінде, кезең тыныштық кезең (междуфазная) және бөлу: Күнделікті әрбір жасуша цикл, әдетте, 2-фаза тұрады. Сондықтан, ядро бөлу алдында жасуша бөліну, қолдауымен, жеке ұлпалардың туындауына, тіпті бүкіл ағзаны толады. бөлу ядро сатысында ядрошық жойылып барысы мен ядросының қабығы қиын-тапсырыс бірқатар өзгерістер бастан, және хроматиннің жиналады және дискретті, сәйкестендірілетін ғана таяқша тәрізді бұзау жоғарыда аталған хромосома, әрбір сурет ұяшық үшін санын күн сайын құрайды.

Жасушаларын nondividing негізгі междуфазная шақырды. Осы кезеңде ол метаболизм белсендірек орын. Жасуша ядросының негізгі функциясы - үнемдеу, ақпаратпен қамтамасыз ету және ең жасуша функцияларды тұқым қуалайтын және тіпті реттеу жүзеге асыру. ядролық препараттарды құрамы әрбір жасуша ұрпақтан ұрпаққа берілетін ақпараттың тұқым қуалайтын тасымалдаушысы, жұмыс істейді ДНК, келеді.

Slide 10 Slide 11

Ядро шырыны

Ядроның негізгі бөлігі- ядро шырыны немесе кариоплазма - ядроның қаңқасы қызметін атқаратын түпнегізден: сұйық бөліктен және басқа қоспалардан тұрады. Шырынның сұйық бөлігін, цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған бейорганикалық заттар құрайды.

Ядроның түпнегізі шырын мен ядрошықты түгел қамтитын қышқылды ақуыздан тұрады. Ядро шырынында цитоплазмадан әр түрлі заттар өтеді және ядродан цитоплазмаға өтетін заттардың бәрі соған жиналады.

Ядрошық

Ядрошықтың саны бір немесе бірнешеу болады. Ядрошықтың 15 пайызы ДНҚ мен 80 пайызы ақуыздан тұрады. Олар рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады. Митоздың (жасушаның бөлінуі) бөліну кезінде ядрошықтар жойылып кетеді және жаңа жасуша пайда бола бастағанда қайтадан синтезделе бастайды, интерфаза сатысында олардың синтезделуі толығымен аяқталады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Хромосомалар д. з. - ДНҚ-ң жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқылды нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады.

Гистон д. з хромосомадағы құрылыс қызмет атқаратын нәруыз. Әр түрге тән хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен айырмашалықтары болады. Мысалы: адамда 46 хр, жылқыда 66 хр, бақада 26 хр, дрозофила 8 хр, жүгеріде 20 хр, бұршақта 14 хр болады.

Slide 15

р/с

Тірі ағзалар

Хромосома саны

1

Адам

46

2

Жылқы

66

3

Бақа

26

4

Дрозофила шыбыны

8

5

Жүгері

20

6

Бұршақ

14

Slide 16 Slide 17

Митоз - соматикалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.

Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта, хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзын бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады яғни хромосома жиынтығы тең болады.

Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Интерфаза - жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады. Интерфаза G1, S, G2 бөлім, кезеңдерінен тұрады.

G1- кезеңінде жасуша ішінде метаболизм үдерісі қарқында жүзеге асады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Прокариоттық жасуша
Ядро мембранасы тор
Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлігі
Жасуша орталығы
ЖАСУША БИОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ
Қосмембраналы органоидтар
Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы морфологиясы
Клеткаға дейінгі ағзалар
Жасуша туралы мәліметтер
Жасушаның молекулалық биологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz