КЛЕТКАНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЦИТОЛОГИЯ ГИСТОЛОГИЯ




Презентация қосу
АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Тақырыбы: Клетка ілімінің тарихы. Цитология және
гистология зерттеу әдістері

Орындаған: Алиакбарова Інкәр
Жүсіпов Есболат

Қабылдаған: Мауленова С.

Алматы 2019
Жоспары:

Кіріспе бөлім:
Клетка ілімінің тарихы
Негізгі бөлім:
а) Клетканы зерттеу әдістері
б) Цитология
в) Гистология
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Клетка ілімінің тарихы

• Алғашқы рет жасушаны, бузинаның жабындық ұлпасын, тозды, зерттеу барысында
ағылшын жаратылыс зерттеушісі Р.Гук көрген.

• Зерттеулерінің нәтижесін Р.Гук 1965 ж. жарық көрген «Микрография» деген
шығармасында толық баяндаған және осы еңбегінде ол алғашқы рет «клетка», яғни
«жасуша» деген ұғымды қолданған.

• Бір-біріне қатысы жоқ өсімдік ұлпалары мен жасушаларының құрылымын зерттей
келе 1671 ж. М. Мальпиги «Өсімдіктер анатомиясы туралы мәлімет», ал Н. Грю 1682
ж. «Өсімдіктер анатомиясының бастамасы» атты еңбектерін жарыққа шығарды.

• 1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны ашып, оның жасуша тіршілігі үшін аса
маңғызды рөл атқаратыны туралы пікір айтты, ал 1839 жылы Чех физиологы Я.Пуркинье
жасуша ішіндегі сұйықтықты зерттеп оны «протоплазма» (протопласт) деп атады.
• XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа ғылыми жаңалық ашылды.
И.Д.Чистякованың, Э.Страстбургердің аса жоғарғы дәлдікпен жүргізілген
эксперименттік зерттеулердің негізінде жасушаның бөлінетіндігін
анықтады.

• 1892-1894 жылы В.И.Белялов мейоз жолмен бөлінуін дәлелдеп берсе, 1898
жылы С.Г. Навшин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.

• 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р.Вирхов (1821 – 1902) патологиялық
құбылыстарды клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, жасушадағы
ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну
арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді.

• Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін
жасуша ядросы басқаратынын Э. Геккель анықтады (1866)
• 1838-1839 жж. неміс ғалымдары ботаник М.Шлейден мен зоолог
Т.Шванн жасуша теориясының негізін қалады
1. Жасуша — тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдық бірлігі;
2. Жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы әртұрлі ұлпалар жасушалары
құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан,
цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған;
3. Жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;
4. Жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі. Организм ұлпаларында
жасушалардан басқа жасуша туындылары — бейжасушалық
құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері
— жасушааралық зат болады.
КЛЕТКАНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ЦИТОЛОГИЯ ГИСТОЛОГИЯ
• Цитология (гр.κύτος — • Гистология — (грек. hіstos –
«қойма», «жасуша» және ұлпа және logos – ілім) –
адамның және көп
гр. λόγος — «оқу»,
жасушалы жануарлардың ұлпа
«ғылым») - жасуша туралы ларын зерттейтін ғылым; Г-ның
ғылым. Цитология міндеті – ұлпа эволюциясын
ғылымы біржасушалы, анықтау, оның организмде
көпжасушалы ағзалар дамуын (гистогенез), хим.
жасушасының қасиеттерін (гистохимия),
құрылысын,құрамын және жасушаларының құрылысын,
атқаратын қызметін
қызметін зерттейді.
(гистофизиология) зерттеу.
Цитология
• Цитогенетика
1. Өсімдіктер цитогенетикасы;
2. Жануарлар цитогенетикасы;
3. Адам цитогенетикасы.

• Цитохимия
• Цитоэкология — клеткалардың қоршаған
орта жағдайларына бейімделу
заңдылықтарын зерттейтін цитология
саласы.
Цитогенетика
• Цитогенетика (гр. cytos — жасуша және генетика)
— тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік
заңдылықтарын жасушалық және субжасушалық
деңгейде зерттейтін ғылым; цитология мен
генетиканың арнаулы саласы.

• Цитогенетика әдістері арқылы өсімдіктер,
жануарлар және адам хромосомаларының мейоз
және митоз процестеріндегі құрылымдары,
олардың саны белгілі болды. Сондай-ақ, адамдағы
хромосомалық аурулардың табиғаты да осы
цитогенетика әдістерімен анықталып, сипатталды.
Цитогенетика электронды микроскопияда,
радиоактивті изотоптау әдістерінде,
микрофотометриядақолдану хромосома
құрылымын және хромосоманың репликация,
транскрипция және трансляция процестеріндегі
қызметтерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Цитохимия
• Цитология бөлімі — цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың
түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін жөне оның қызметінің өзгеруіне байланысты
химиялык қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді.
• Ұлпаларды қолдан өсіру әдісі.
Ұлпалар мен клеткаларды қолдан өсіріп, зерттеуді организмнен тыс және организмнің өзінің
құрамында жүргізуге болады. Ұлпалар мен клеткаларды қолдан өсіру әдісінде клеткалар мен
ұлпаларды стерильдік жағдайда арнаулы қоректік ортада шыны камераларда организмнен тыс өсіреді.
Осы кезде клеткалар тірі клеткалардың негізгі касиеттерін ұзақ уақыт (10 жылға дейін, тіпті одан да көп)
сақтайды. Тірі клеткаларды кинопленкаға түсіріп алуға да болады. Өсімдікгер ұлпаларын бірінші болып
қолдан өсіргендер - неміс гистологі Фехтинг (1892), неміс ботанигі Рехтингер (1893) жөне неміс ботанигі
Габерландт (1902), ал жануарлар үлпаларын американдық Гаррисон (1907) және американдық биолог
Каррель (1911) өсірген.
• Микрохирургия немесе микрургия әдісі
Тірі клеткаларды зерттеу мақсатыңда микрохирургия немесе микрургия әдісінде қолданады.
Микроманипулятор деп аталатын кұралмен клетканы кеседі, ішінен бөлікгерін шыгарьш алады.
Операцияның барысын микроскоп арқылы байкайды. Микрохирургиялық құралдар өте кішкентай
шыны қармақтар, инелер, капиллярлар. Микроманипуляцияны арнаулы камераларда жүргізеді.
• Рентгенструктуралық талдау әдісі
Рентгенструктуралық талдау әдісі рентген сәулелердің дифракция құбылысына негізделген цитоплазма
мен ядроның кұрамына кіретін белокьардың, нуклеин қышқылдарының және баска заттар
молекулаларының құрылысын зерттеу үшін қолданылады. Бұл тәсіл молекулалардың кеңістіктегі
орналасуын анықтауға, олардың аракашықтықгарын өлшеуге мүмкіндік береді.
ГИСТОЛОГИЯ
Адам гистологиясы – адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің
микроскопиялық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік
қалыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық ғылым.
Лейдиг Келликер адам ағзасындағы ұлпаларды төрт топқа бөлген:
• 1. Эпителиалдық ұлпалар.
• 2. Дәнекер ұлпалары.
• 3. Бұлшық ет ұлпалары.
• 4. Нерв ұлпасы.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары
5 түрге бөлінеді:
• меристемалық
• қорғаныш
• механикалық
• өткізгіш
• паренхималық
ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС
• 1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия — жануарлар
мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таддаудың негізгі әдісі;

• 2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан
алынған, боялмаған мөлдір гистологиялық жонындыларды зерттеу әдісі;

• 3) ультракүлгіндік микроскопия — әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға
негізделген. Ультракүлгіндік микроскопияда препараттың көрінісін люминесцентті экранда
талдап, анықтап көріп, фотопластинкаларға түсіріп зерттейді;

• 4)]Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия — флуоресценция құбылысына, яғни
зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген.
Флуоресцентті микроскопта флуоресценцияны қоздыру үшін, сәулелі энегия көзі ретінде, тым
жоғарғы қысымдағы сынап немесе ксенонды шамдар қолданылады. Флуоресценцияның екі
түрі ажыратылады: 1. өзіндік (біріншілік) флуоресценция — гистологиялық препараттағы
жасуша құрылымдарының сәулелі энергия әсеріне байланысты жарық шығарып өздігінен
жарқырауы. 2. жасанды (екіншілік) флуоресценция — жасуша құрылымдарының арнайы
бояғыш заттар—флуорохромдармен боялуы нәтижесінде ерекше түспен жарық беру қасиеті.
Мысалы, қызыл-сары акридин флуорохромымен боялған ДНҚ жасыл, ал РНҚ қызыл түс
береді. Екіншілік флуоресценция — тым сезімтал әдіс. Оның
көмегімен жасушаның химиялық құрамын да анықтауға болады;
• 5) авторадиография — жануарлар ұлпалары мен
жасушаларындағы радиоактивті [[изотоп|изотоптармен белгіленген заттарды
анықтауға арналған цитологиялық әдіс Радиографиялык,зерттеуге
радиоактивті фосфорды(Р ),көміртегті(С ),күкіртті(S ), сутегті (Н ), немесе осы
радиоактивті элементтермен белгіленген қосылыстарды пайдаланады. Зерттеу
кезінде препараттағы белгіленген радиоактивті изотоптан бөлінген сәулелердің
әсерінен көріністі тұсірген фотопластинка [[фотоэмульсия|фотоэмульсиясы
құрамындағы бромды күмістен таза күміс түйіршіктері бөлініп,ұлпалар мен
жасушалардағы белгіленген заттардың орналасу орындарын көрсетеді;

• 6) электронды микроскопия жарық сәулелері толқындарына қарағанда 100000 есе
қысқа электромагнит толқындарын пайдалану арқылы нысандарды 100000-
нан миллиондаған есеге дейін үлкейтіп көрсететін жаңа тым нәзік
микроскопиялық (субмикроскопиялық) зертеу әдісі.Соңғы кезде шыққан
микроскоптар гистологиялық нысандардың кеңістіктік үшөлшемдік көлемді
зерттелуін қамтамасыз етеді
Клетканы зерттеу әдістері
Цитологияның негізгі зерттеу әдісі - микроскопиялық әдіс.
• Ивтерференииялық микроскопия
Интерференциялық микрокопиялық әдіс фазалық-контрасты микроскопия әдісіне ұксас. Боялмаған мөлдір, ірі
клеткалардың анық көрінісін алуга мүмкіншілік береді. Жарық көзінен шығатын параллель жарық сәулелерінің
шоғы екі бұтаққа бөлінеді - үстіңгі және астыңғы. Төменгі бұтақ препарат аркылы өтеді және оның жарық
тербелісінің фазасы өзгереді, ал жоғарғы толқьн өзгермейді. Объективтің призмасьнда екі бұтақ кайтадан
қосылады да өзара интерференцияланады. Осының нэтижесінде препараттың калындығы әр түрлі участоктың
әралуан түске бояльш жақсы көрінетін болады.

• Поляризациялық микроскопия
Поляризациялық микроскопия әдісі ұлпалар мен клеткалардың түрлі компоненттерінің поляризацияланған
жарықтың сынатьн қабілетіне негізделген. Кейбір клеткалық кұрылымдар (бөліну ұршығының жіптерінің,
миофибриллалардың, жыбырлауық эпителийдің кірпікшелерінің жөне т.б.) молекулаларының катаң дұрыс
орналасуымен сипатталады және осыған қоса сәуленің сынуы да осы қасиетіне тән. Мүндай құрылымдарды
анизотропты кұрылымдар деп атайды.

• Қараңғы өрістегі микроскопия
Қараңгы өрісте препараттарды ерекше ковденсатордьң көмегімен зерттейді. Жарық өрісінің ковденсаторынан
караңғы өрістік конденсатордың айырмасы жарық көзінен жанама шеткі сәулелерін ғана өткізеді. Жарықтың
шеткі сөулелері обьективке түскендіктен микроскоптың көру өрісі қараңғы күйіңде калады да, ал шашыраңкы
жарық түскен объекті байқалатьн болады. Қараңғы өрісте түрлі тірі клеткаларды байкауға болады.
• Фазасы қарама-қарсы микроскопия
Тірі клетканы зерттеуге фазасы қарама-қарсы микроскопты қолданады. Боялмаған тірі биологиялық
обьектілер жарықты сіңірмейді, түссіз мөлдір болады, яғни жарық толқынының амплитудасьн
өзгертпейді, алайда оның фазасьн өзгертеді. Адамньң көзі фазалық өзгерістерді байқай алмайды.
Фазасы қарама-қарсы әдісі осы препараттар бейнесінің айқын көрінуін камтамасыз етеді.
Микроскоптың бұп түрінде конденсорге арнаулы сақина тәрізді диафрагма, объективке фазалық
пластинка орнатылады. Микроскоп оптикасының мұндай конструкциясы боялмаған препарат арқылы
өткен, көздің қабылдай алмайтын жарық фазасының өзгерістерін, амплигудасы әр түрлі жарық
тербелісіне айналдырады. Осының нәтижесінде препараттың бейнесі көзге анық көрінеді.

• Электроңдық микроскопия
Электронды микроскопты 1951 жылы неміс ғалымдары Девиссон мен Калбин құрастырған.
Электрондық микроскоптың көру, анықтау кабілеті өте жоғары. Электрондық микроскоп жарық
микроскопына карағанда 100 000 есе үлкейтеді. Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік
кабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Объектіні 150 000 есеге дейін үлкейтеді. Клетканың барлық
ультрақұрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді.

• Авторадиография әдісі
Авторадиография әдісі метаболизмдік процестердің динамикасын зерттеуге мүмкіншілік береді.
Радиоактивтік изотоптармен таңбаланған молекулаларды, мысалы фосфордың (Р32), көміртегінің (С
14), сутегінің тритийдің (Н3) изотоптарын тағамға қосьш немесе инъекция аркылы организмге
енгізеді. Сіңген радиоактивтік молекулалар клетканың белгілі бөлімдерімен химиялық реакцияларға
түседі, ал радиоизотоптардын, бар жерін авторадиография әдісімен анықтайды. Ол үшін
препаратты фотюмульсияның жұка кабатымен жабады. Радиоакивтік изотоптар ыдыраган кезде
бөлінетін сәулелер немесе бөлшектер эмульсия арқылы өтіп, қара түйіршіктер құрайды.
ҚОРЫТЫНЫДЫ
• Цитология — клеткасың жалпы морфологиялык. құрылысын, ішІндегі
болатын зат алмасу процессі, сыртқы ортамен қарым қатынасын
зерттейтін гылым. Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен
шектел-ген ядро мен цитоплазмадан түрады. Цитоплазма негізгі заттан
(гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіледі.
Кірінділер немесе параплазмалық қүрылымдар дегеніміз клеткалық
метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың кепшілігінде байқалатын
ал-масу енімдерінің жиынтығы.
• Гистологиялық зерттеу әдістері қолданылады зерделеу үшін
құрылыстар мен функциялары жасушалар мен ұлпалардың қалыпты,
патологиялық және экспериментке. Негізі гистологиялық зерттеу әдісі
болып табылады гистологиялық техника кешені әдістемелік тәсілдерді
дайындау кезінде пайдаланылатын препараттар жасушалар мен
ұлпалардың, олардың микроскопиялық зерттеу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.И.Юй Атлас гистология,
цитология, эмбриология, Алматы 2006. 416 с.
• Решетова О.А. Гистология с основами цитологии, Алматы
«Қазақ университеті» 2008
• Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алмапты – 2010 ж. 220 б.
• Афанасьева Ю.И., Юрина, Е.Ф. Котовский и др Гистология.
Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.
• Базарбаева Ж.М. Цитология және гистология. Алматы, 2011
• Есимсиитова З.Б., Кожамжарова Л.С., Карабаева А.А.
Гистология. Алматы «Қазақ университеті» 2015

Ұқсас жұмыстар
Жарық микроскопы
Микроэкология негіздері
Гистология туралы
Қазақстанда гистология ғылымының дамуы
Бірінші микроскопиялық кезең
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Жасуша және жасушалық емес құрылымдар
Жасушалық белсенділіктің негізгі көріністері
Гистологияның дамуы
Тірі жасушалар мен тіндерді зерттеу тәсілдері
Пәндер