Стандарттаудың негізгі түсінігі


Slide 1

Стандарттау. Сертификаттау.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Сәулет және Құрылыс факультеті

Орындаған : Аймуратова. Н. С. ГК -43

Slide 2

Стандарттаудың

жалпы сипаттамасы

Slide 3

Жоспар:

Стандарттаудың негізгі түсінігі

Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері

Slide 4

«Стандарт» сөзін ағылшын тілінен аударғанда норма және үлгі деген мағынаны білдіреді. Стандарттау саласының қарқынды дамуы үшін нақты және ғылыми негізделген терминдер қажет. «Стандарттау» терминін анықтауға ұзақ уақыт кетті. Стандарттаудың дамуы ғылым мен техниканың даму үрдісімен және өңдіріс әдістерін жетілдірумен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңында және Мемлекеттік стандарттау жүйесінде «Стандарттау» термині анықтамасы келесілей: Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет.

«Стандарт»

Slide 5

Стандарттау

Халықаралық стандарттау - кез келген мемлекеттің сәйкес органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау бойынша жұмыстар. Халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып, қатысушы мемлкеттер қолданатын халықаралық стандарттар есептелінеді.

Ұлттық стандарттау - белгілі бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау әртүрлі деңгейде жүргізілуі мүмкін: мемлекеттік деңгейде, салалық деңгейде, ассоциациялар деңгейінде, өңдірістік фирмалар және кәсіпорындар деңгейінде.

Өңірлік стандарттау - әлемнің белгілі бір географиялық. саяси және экономикалық аймақтарының мемлекеттерінің сәйкес органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау бойынша жұмыстар.

Мемлекетаралық стандартау - мемлекетаралық мүддемен сипатталатын объектілерді стандарттау бойынша іс-әрекет.

Slide 6

Іс-әрекеттегі, жоспарланған және болашақ міндеттерді шешу үшін орнатылған ережелерді, талаптарды кең және көпмәрте қолдану арқылы бір немесе бірнеше салада тәртіптіліктін қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

Стандарттаудың негізгі мақсаты

Slide 7

Стандарттаудың негізгі міндеттері:

- дайындаушы, сатушы және тұтынушы арасындағы түсінушілікті қамтамасыз ету;

- мемлекет пен тұтынушылардың мүдделеріне қатысты өнім, үрдіс және қызмет түрлеріне қолайлы талаптарды орнату;

- өнімнің өзараалмасуы және салыстыруы бойынша талаптарды орнату;

- өнімнің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің келісілуі,

- метрологиялық ережелер мен талаптар орнату;

- өнімді, үрдісті және қызметті сертификаттаудың және сапаны бақылау мен бағалаудың нормативтік-техникалық қамтамасыз етілуі;

- материалдың, энергияның және жұмыстың жұмсалуын төмендету үшін технологиялық үрдістерге талаптар орнату,

- технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу мен кодтаудың жүйесін құру және енгізу;

- мемлекеттік және мемлекетаралық әлеуметті-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың нормативтік қамтамасыз етілуі;

- өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттармен тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін каталогтау жүйесін құру;

- стандарттаудың әдістерімен құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларының орныдалуына көмектесу.

Slide 8

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік стандарттары

Slide 9

Жоспар:

Мемлекеттік стандарттаудың объектілері мен талаптары

Slide 10

Мемлекеттік стандарттау объектілеріне жатады:

- ұйымдастырулық-әдістемелік және жалпытехникалық объектілер (стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, ортақ техникалық тіл, ақпараттық технологиялардың техникалық құралдары және бірлескен бағдарламалар, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, материалдар мен заттардың қасиеттері туралы анықтамалық мәліметтер, технико-экономикалыұ ақпараттарды жіктеу мен кодтау) ;

- үлкен халықшаруашылығы кешендерінің (транспорт, энергожүйе, байланыс, қоршаған ортаны қорғау және т, б. ) құрамдас элементтері;

- мемлекеттік ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мен жобалар объектілері;

- кеңінен қолданылатын өнімдер;

- ҚР өзінің өнімдері мен технологияларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ғылым мен техниканың жетістіктері;

- ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін ҚР өңдірілетін өнімдер және екіжақты міндеттер бойынша басқа мемлекеттерге жеткізілетін өнімдер және көрсілетін қызметтер;

Slide 11

Стандарттау объектілері

Стандартта орнатылған міндетті талаптарға - өнімнің, үрдістің және қызметтің қоршаған ортаны қорғау және адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету талаптары, техникалық және ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз ету талаптары, өнімнің өзараалмасуының, бірдей бақылау әдістерінің және таңбалаудың талаптары жатады.

Стандартта өнімге, үрдіске және қызметке қойылатын ұсынысты талапта өнімді дайындаушының, үрдісті және қызметті орындаушының техникалық құжаттарымен немесе тапсырыс берушінің келісімшартында көрсетілген болса, онда олар жеке және заңды тұлғалармен міндетті орындалуға жатады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетаралық стандарттар
Стандарттау. Стандарттаудың негізгі түсінігі
Стандарттау әдісі
Стандарттаудың мақсаттары
Стандарттау объектілері
Стандартталған коэффициенттер
Стандарттау деңгейлері
Тараны унификаттау және стандарттау
Өндіріс тиімділігі
Стандарттау категориясы. Стандарттау түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz