2014-2018 ж. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспары: геодезия мен картографияның жағдайы және негізгі мәселелері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Орындаған: Ибрагимов Бауыржан

Муканова Сауия, Көмек Нұрперзент, Мақсұт Аягөз

Астана 2018 ж

Slide 2

Негізгі даму параметрлері

Республика экономикасының, қорғанысының көптеген салаларында жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік болып табылады, осыған байланысты сапалы геодезиялық және картографиялық өнімдерді қолдана отырып, көрсетілетін қызметке сұраныстың ұлғаюы байқалады, көбінесе бұл өнімдер заңгерлік құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық қамтамасыз етілу жағдайы алаңдаушылық туғызады, карталардың 80 %-ы қазіргі заманғы жергілікті жердің жағдайына және топонимикаға сәйкес келмейді.

Соңғы он жыл ішінде республиканың жалпы алаңының 33 %-ның аэротүсірілімі орындалды, мемлекеттік геодезиялық желі пункттерінің жалпы санының 33 %-ы зерттелді, нивелирлеу желісінің жалпы ұзақтығының 12 %-ы нивелирленді, мемлекеттік топографиялық карталардың жалпы парақ санының 21 %-ы жаңартылды, Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Петропавл, Өскемен қалаларының цифрлы топографиялық жоспарлары жасалды.

Slide 3 Slide 4

2012 жылы 136 000 шаршы шақырым алаңында (республиканың жалпы алаңының 5 %-ы) аумақтардың, сондай-ақ Петропавл, Өскемен және Семей қалаларының аэротүсірілімі орындалды, 1000 қума километр нивелирленді (нивелирлеу желісінің жалпы ұзақтығының 1, 3 %-ы), топографиялық карталардың 2200 парағын жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізілді (оның ішінде далалық зерттеу шамамен 900 парақ, камералдық жұмыстар шамамен 700 парақ, дайын өнім алу шамамен 600 парақ - мемлекеттік топографиялық карталардың жалпы парақ санының 1, 4 %-ы), Атырау қаласының цифрлы топографиялық жоспары жасалды.

2013 жылы 163 438 шаршы шақырым алаңының, сондай-ақ Павлодар, Қостанай, Лисаковск, Тараз және Талдықорған қалаларының аэротүсірілімі орындалды, 2782 қума километр нивелирленді (3, 6 %), топографиялық карталардың 2697 парағын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді (оның ішінде далалық - 926 парақ, камералдық - 828 парақ, дайын өнім - 943 парақ - 2, 3 %), Алматы қаласының цифрлы топографиялық жоспары жасалды.

Slide 5

2014 жылы 163 500 шаршы шақырым алаңының (6 %), сондай-ақ Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Құлсары, Хромтау қалаларының аэротүсірілімі орындалды, 1022 қума километр нивелирленді (1, 3 %), топографиялық карталардың 3067 парағын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді (оның ішінде далалық - 1892 парақ, камералдық - 44 парақ, дайын өнім - 1131 парақ - 2, 9 %), Көкшетау, Петропавл, Өскемен қалаларының цифрлы топографиялық жоспарлары жасалды.

Slide 6

Ғарыштық жер серіктерінен алынған сурет

Slide 7

Негізгі проблемаларды талдау

Геодезия және картография саласында жағымды алғышарттар белгіленді, сонымен бірге шешілмеген басты мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

1) картографиялауға негіз болып табылатын мемлекеттік геодезиялық желі ішінара жоғалған және қорытындысында оған қойылатын талаптарға толық шамада сәйкес келмейді;

2) спутниктік технологиялардың дамуына және топографиялық-геодезиялық өндірістің координаталарды анықтаудың автономды спутниктік тәсілдеріне көшуіне орай қажетті болатын республиканың жаңа координаттық негізі жоқ;

3) Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық және картографиялық қамтамасыз етілу жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады, карталардың заманға сай келу деңгейі 10 - 20 жылды құрайды;

4) Қазақстанның барлық сейсмобелсенді аумағы және Каспий маңы өңірі дәлдігі жоғары геодезиялық өлшемдермен толық қамтылмаған.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары: шығыстар және стратегиялық бағыттар
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-2021 жж. стратегиялық жоспары: денсаулық сақтауды жоспарлау әдістері мен басым бағыттары
Coca-Cola компаниясының 2017-2018 жылдардағы қаржылық жағдайы, тәуекелдері және стратегиялық өзгерістері
Атластық картографияның теориясы мен әдістемесі және Қазақстанның Ұлттық атласы
Әлеуметтік шығыстардың қалыптасуы және бюджеттік қаржыландыру: білім, денсаулық сақтау және мәдениет (2014-2018)
Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы: 2018 ж. №1464 және 2021 ж. №750 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер
Ұлттық экономика: құрылымы, макроэкономикалық көрсеткіштері және ұлттық шоттар жүйесі
1969-2014 жж. экономика саласы бойынша Нобель лауреаттары мен олардың ғылыми еңбектеріне шолу
Геодезия: ұғымы, әдістері, тарихи дамуы және негізгі салалары
Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижелерін өлшеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz