Халықаралық стандарттау ұйымдарының даму тарихы және ИСО қызметінің маңызы


Slide 1

Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдардың даму тарихы

Орындаған: Максут Аягоз(ГК-43)

Астана 2018ж

Slide 2

Стандарттау бойыннша халықаралық ұйымдар (ИСО)

Ұлттық стандарттар өздерi әзiрлеген және қолданылатын елдердiң ерекшелiктерiн және ғылыми және техникалық даму деңгейiн көрсетедi. Сондықтан әр елдердiң бiркелкi бұйымдарға арналған стандарттары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн. Ал бұл жағдай халықаралық сауданың дамуына әжептеуiр кедергi болуда, себебi тауардың сипаттамасын тауарды сатып алушы елдiң стандартымен үйлестiру қажеттiгi туындайды. Халықаралық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың ұлттық стандарттарды үйлестiру, сонымен қатар халықаралық (аймақтық) стандарттарды әзiрлеу және кеңiнен қолдау қажеттiлiгiне әкелiп отыр.

Slide 3

Әр елдердiң тiкелей ынтымақтастығының басталуы 1921 жылға жатады. Сол кезде жетi ұлттық стандарттау комитеттерiнiң бiрiншi конференциясы өткен болатын. Осы конференцияның дайындаған ұйымдастыру принциптерiнiң негiзiнде 1926 жылы Халықаралық стандарттау жөнiндегi ұлттық қауымдастықтарының федерациясы (ИСА) құрылды. Бұның құрамында 20 ұлттық ұйымдар кiрдi. ИСА 180 астам стандарттау жөнiндегi халықаралық ұсынымдар әзiрледi, бiрақ екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезiнде оның жұмысы тоқтатылған едi.

Slide 4

Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым ұлттық стандарттау органдарының әлемдiк федерациясы ретiнде БҰҰ-ның шешiмiмен 1947 жылы құрамына 25 ұлттық ұйымдар енiп, Лондонда құрылған.

Оның атын таңдаған кезде грек сөзiнен шыққан ISOS - "тең" деген сөздi пайдалануға келiсiлген. Сондықтан бұл ұйым барлық елдердiң тiлiнде қысқа аты ISO (ИСО) болып аталынады. Бұл Үкiметтiк емес ұйымның қызмет саласы бүкiл стандарттау жағын, электротехника менэлектроникадан басқасын, қамтиды. Бұл екi сала Халықаралық электротехникалық комиссияның құзырына жатады (МЭК) . Стандарттаудан басқа ИСО стандарттау мәселелерiмен де айналысады.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

ИСО-ның техникалық жұмыстарында 35 елден келген 40 мыңнан астам сарапшылар қатысады.

Жыл сайын 800-ден астам халықаралық стандарттар қайта қаралып немесе жаңадан қабылданып жатады. Бүгiнгi күндерге дейiн ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарттау қабылданған.

Техникалық әртүрлi саласында әзiрленген стандарттар келесi түрде бөлiнедi: машина жасау - 29, 5%, химия - 3, 4%, металл емес бұйымдар - 12, 2%, руда мен металдар - 9, 1%, ақпарат техникасы - 8, 8%, денсаулық сақтау және медицина - 3, 1%, негiз болатын стандарттар - 3, 3%, қоршаған орта - 3%, буып-түю және тауарларды тасымалдау - 1, 8% және т. б.

ИСО-ның өзектi мәселесi - стандарттар қорының құрылымын жетiлдiру. Болашақта әлеуметтiк сала мен ақпарат технологиясы ИСО-ның жұмысында басым болуы керек.

Slide 11

ИСО-ның 146 мүшесiнiң 100-ден астамы дамып келе жатқан елдер. Олардың көбiсiнде стандарттар саласында және техникалық регламент, сәйкестендiрудi, сапаны және метрологияны бағалау сияқты бiр-бiрiмен ұштасып жатқан салаларда дамыған инфра құрылымның болмауы, бұл елдердiң экономикалық процесiне күрделi мәселелер туғызады. Нәтижесiнде саудада қажетсiз кедергiлер пайда болады, ресурстар мен өнеркәсiптiң мүмкiншiлiгi тиiмсiз пайдаланылады - осының бәрi экономиканы және елдiң өмiр сүру сапасын көтеруге жiберген күштiң дәрменсiздiгiн көрсетедi. Осы себептермен ИСО осы елдерге стандарттардың инфра құрылымның жасауға мұрындық болып, көмектесуде.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық және аймақтық стандарттау: ИСО мен МЭК құрылымы және халықаралық ұйымдардың рөлі
Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО): құрылымы, қағидалары және Қазақстандағы қолдану тәртібі
ISO халықаралық стандарттары: тарихы, құрылымы және әзірлеу мен қолдану принциптері
ҚР СТ ISO 9001 және ISO 14001 негізінде сапа және экологиялық менеджмент жүйелерін стандарттау мен сертификаттау
Халықаралық және аймақтық стандарттау: негізгі ұйымдар мен құрылымдары
Қазақстан Республикасындағы шекара және көлік ветеринариялық-санитариялық қадағалау қызметінің даму тарихы
Әлемдік нарықтағы логистика: тарихы, даму тенденциялары мен халықаралық тәжірибе
Қазақстандағы жеңіл атлетиканың тарихы, халықаралық жетістіктері және даму стратегиялары
Стандарттау және техникалық реттеу: ұйымдық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар мен олардың түрлері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні: тарихы мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz