Негізгі гимнастика
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Гимнастика
Орындаған:Бектұрған Ақниет
Гимнастика
Дене тәрбиесі жаттығуларының организмге әсер ететін қорына
гимнастика да жатады. Гимнастика адам өміріне қажетті негізгі қимыл
әдістерін қалыптастырып, практикада дұрыс қолдануға үйретеді. Осы
мақсатқа орай әрбір бала қоршаған ортаны дұрыс бағдарлайды,
қимылды басқа балалардың қимылымен үйлестіріп тез жасауды
көздейді. Солай болған жағдайда ғана гимнастика бала денесіне жан-
жақты дамытумен қатар, олардың ұйымшылдығы мен тәртібінің
жақсы болуына әсерін тигізеді. Гимнастиканың негізгі ерекшеліктері -
негізгі қимылдарымен қатар жан-жақты дамыту жаттығулары, би,
сапқа тұру жаттығуларына қоса көркем гимнастика, акробатика,
спорттық құрал-жабдықтармен немесе құралдарсыз жүргізіледі.
Гимнастиканың бірнеше түрі бар.
Негізгі гимнастика
Гигиеналық гимнастика
Спорттық гимнастика
Акробатикалық жаттығу
Көркем гимнастика
Емдік гимнастика
Өндірістік гимнастика
Негізгі гимнастика - дененің жан-
жақты дамуы мен шұғылданушылардың
денсаулығын, адамның барлық мүшелері
және жүйелерінің біркелкі дамуы, сол
сияқты жылдамдық, күш, иілгіштік,
ептілік және шыдамдылық сияқты дене
қасиеттерінің жетілуі үшін пайдаланатын
тазалық пен дене жаттығуларының жүйесі.
Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін
жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды.
Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады.
Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский,
Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты.
Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем
кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко –
КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама
командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама
командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964).
Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева 1982 жылы республика
чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987 жылы В.Люкин
(Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі КСРО құрама
командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем және 1988
жылы Олимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991 жылы республика
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық Е.Ерімбетов, С.Федорченко,
А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия
ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогының иегері және
халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика — таңертең ұйқыдан
кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін
дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де
тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды,
бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан
кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет
белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа
созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде
де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-
сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау
барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке
жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі
органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген
адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертең дене тынықтыру
үшін радио мен телевизиядан берілетін жаттығулар жүйесін пайдаланған
ыңғайлы.
Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше қарапайым
жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай
принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы —
жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек
қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене
түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес.
Әйтсе де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң
кезінде адам организміне үлкен күш түспесе де, жүйке
орталықтары біртіндеп қалыпты деңгейге келеді де, тыныс
алу органымен жүрек өз қызметін қайтадан жандандырады.
Жаттығуды керілуден бастауға да болады: бұл вариант көбіне
денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс. Мұндай
жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан
кейінгі жаттығулар анатомиялық прин- цип бойынша бүкіл
дененің бұлшық еттерінің әр түрлі бөліктеріне қаншалықты
әсер ететіндігіне қарай таңдалып алынады
Өндірістік гимнастика - еңбекшілердің денсаулығын
жақсарту, іскерлігін және жұмыс уақытында жүргізілетін
дене шынықтыру шаралары.
Түрлері
Өндірістік гимнастиканің екі түрі бар. Кіріспе гимнастика
жұмыс бастау алдында өткізіледі. Оның мақсаты - адам
организмін қызмет атқаруға дайындау. Өндірістік
гимнастиканың бұл түрі адамның атқаратын жұмысына
қарай белгіленеді. Мұның нәтижесінде еңбекшінің көнңілі
көтеріліп, нерв жүйесі, бұлшық еттері, тыныс алу, қан
айналысы органдары шыныға түседі.Ұзақ отырып немесе
бір қалыпта тік тұрып істегендіктен тыныс алу, қан
айналысы органдары қызметі әдеттегіден ауытқиды, өне
бойы біркелкі қозғалудан бұлшық еттер, нерв жүйесі
шаршайды.
Емдік дене шыныктыру (ЕДШ), емдеу және қалыпқа келтіру
мақсатындағы сақтандыру денешынықтыруының құралдар кешенін
пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар,
шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-
дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары
есебінде қарас- тыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі
болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары - практикалық медицинада
бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б.д.д. ертедегі Қытай
медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған
медицина- лык гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп
отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және
қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді
жеделдетудің қүралы деп есептеді. Римдік дәрігер Гален семіргенде, жалпы
әлсіздікте, буындардың қозғалысы бүзылғанда спорттың белгілі бір
түрлерімен шұғылдануды және гимнастиканы ұсынды. "Дәрігерлік
ғылымның қағидаларында" Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене
жаттығуларымен шүғылданудың маңыздылығын атап көрсетті. Меркурали
өзінің "Гимнастикалық өнер" ғақлиясында (1959) емдеу гимнастикасы
саласындағы ежелгі және орта гасырлық авторлардың зерттеулерін талдап,
жинақтады.
Колледжде оқылатын
гимнастика түрлері
Спорт Көркем Акробат
тық гимнаст икалық
гимнаст ика жаттығ
ика улар
Спорттық гимнастика - адам денсаулығын арттыруға,
спорттағы үлкен жетістіктерін әрі қарай дамытуға, спорттық
жаттығуларды орындауға бағытталған.
Ағаш аттан Көлденең
Арыс Бөрене
секіру керме
Көркем гимнастика - бұл
гимнастика дене қасиеттерін
дамытумен қатар эстетикалық
тәрбиеге баулиды. Бұл
гимнасника түрімен әйелдер
айналысады. Арнайы
жатттығу түрлеріне:
гимнастикалық жүру, жүгіру,
секіру, әр түрлі айналу, би
элементтері жатады. Бұл
гимнастикаға доп, лента,
құрсау, секірме құралдары
қолданылады. Көркем
гимнастика ән мен би
элементтеріне өте бай және әр
түрлі жарыстар өтіп тұрады.
Қарлығаш бейнесін салу.
Бастапқы қалыптан қолды жаңға соза сол аяқты
арта көтере салмақты тең ұстап тепе – теңдікті сақтау
Алға қарай айналу жаттығулары
Бастапқы қалыпта қолды алға тіреп тізерлеп отыру, одан соң
қолды алға алға созып жерге тіреп, салмақты оған түсіре
және қолды біраз бүгіп, кеудеге қарай иіп, аяқпен итеріліп
қалып, бас арқылы алға айналып түсу керек.
Артқа қарай домалап түсу
Бастапқы қалып тізерлеп отырып, қолмен жер тіреу
қалпынан, артқа айналып түсу, артқа түсер кезде аяқты
тізенің орта шетінен қолмен ұстап, аяқты өзіне тарта бүгіп,
дененің айналу жылдамдығын арттыра түсу керек.
Артқа домалап, жаурынға тұру
Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру
жағдайына тез келуге тырысу керек. Жауырынға түсу кезінде
жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында
қолды белсенді қимылға көшіру керек. Арқаны дөңгелете бүгіп
барып, иыққа тұра қою қажет.
Көпір жасау
Бастапқы қалыпта қолды жоғары соза дене
салмағын сақтай отырып, артқа иіле көпірше жасау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz